Қысқаша мазмұны: Тағам өнімдерінің машиналары мен аппараттары туралы жалпы мағлұматтар. Тағам өнеркәсі инженерлерінің мәселелері және оларды шешудің машиналы-аппаратты нұсқалары. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды дайындауға арналған құрал-жабдықтар. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды өңдеу кезінде жылу және массаалмасу үрдістерін жүзеге асыру үшін қолданылатын құрал-жабдықтар. Микроағзалық үрдістерді жүргізуге арналған құрал-жабдықтар. Шикізаттар мен жартылайфабрикаттарды электрофизикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар. Мәрелі операциялардың орындалуын механикаландыратын құрал-жабдықтар.
Күтілетін нәтижелері:
Білімі: «Биотехнологиялық жабдық» курсының негізгі заңдарын (базалық) біледі.
Іскерлігі: Биотехнологиялық машиналар мен аппараттар эксплуатациясын орындайды.
Дағдысы: Бұл білімді теориялық және тәжірибелік мақсаттарда қоладнуды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Биотехнологиялық жабдықтарды эксплуатациялау бойынша базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к. доцент м.а. Б.Б. Кабулов
32
|
IBPOVR 0232
|
Су ресурстарын қорғау үшін биотехнологиялық процестерді қолдану (курстық жұмыс)
Кредит көлемі-2 (1+1+0), ЕСТS кредитте-3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер-«Ауылшаруашылық шикізатты сараптау әдістері», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Зообиотехнология».
Оқыту мақсаты: Биотехнологиялық әдістермен су көздерін тазалаудың заманауи әдістерімен студенттерді таныстыру.
Қысқаша мазмұны: Қазақстанның су ресурстарын қорғауды қолдануда реттеу бойынша шаралар. Өзен, көлдердің бассейіндерінің ағынды сулармен ластанудын алдын алу шаралары. Тұщы су ресурстарын өндіруді қолдану және кеңейту. Су қоймаларының ластануын алдын алу үшін биотехнологиялық әдістерді құрастыру. Ағымды суларды тазалау. Ағымды суларды тазалау әдістері. Ағымды сулардың тұнуы және оны қолдану.
Күтілетін нәтижелері:
Білімі: Қоршаған орта және инженерлік объектілер жағдайы туралы ақпаратты алу және өндеу әдістерін; табиғатты қорғаудың негізгі заңдарын, су және жер ресурстарын қолдану заңдары мен ережелерін біледі.
Іскерлігі: Гидрогеологиялық, гидрометриялық ізлеулер жүргізеді. Іздеу нәтижесін өндеп, қолдана алады; қоршаған орта жағдайы туралы ақпаратты алады және өндейді.
Дағдысы: Су ресурстарын зертханалық сараптауды, алынған нәтижелерді сараптауды дағдыланады.
Құзіреттілігі: Су ресурстарын қорғау аумағында биотехнологиялық процестерді қолдануда базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К., т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О
|
33
|
KTBR 0233
|
Өсімдік шаруашылығында клеткалық және ұлпалық биотехнология
Кредит көлемі-3 (1+2+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер- «Өсімдік шаруашылығындағы селекция», «Өсімдік шаруашылығындағы ген инженериясы», «Мал шаруашылығындағы ген инженериясы».
Оқыту мақсаты: Клетка культураларын (алу) ұстау әдістерімен және бұл объектілерді тәжірибелік қолдануымен таныстыру. Бұл бөлім кезінде өсімдік клеткадан культивирлеу және жануар клетканың культивирлеу әдістерін қарастырылады.
Қысқаша мазмұны: клетка және ұлпа культурасы, культураны енгізу техникасы және өсімдіктің оқшауланған ұлпаларын культивирлеу, каллусты ұлпалар культуралары, гормондарға тәуелсіз өсімдік ұлпалар, клеткалық суспензия культуралар, жалғыз клетка культурасы, каллусты ұлпалардағы морфогенезі өсімдіктің клоальді микро көбею, өсімдіктер селекциясында оқшауланған клетка культуралары төзімділікке өнімділікке және сапаға сұрыптауда қолданылатын.
Күтілетін нәтижелері:
Білімі: Өсімдіктер мен жануарлардың жаңа негізгі формалары мен линияларын жылдамдығын алу аймағын біледі, бағалы генотиптердің көбеюі, тағам, азық және медициналық бағытта бағалы биологиялық препараттар алуды біледі.
Іскерлігі: Өсімдік клеткаларының топтипотенттілігін және дедифференциациялануын анықтау кезінде тәжірибеде алған білімдерін қолдана алады.
Дағдысы: Клеткалық культуралар, каллусты алу бойынша зертханалық жұмысты, стерильдеу және клеткаларды культивирлеу үшін қоректік орталарды дайындайды.
Құзіреттілігі: Өсімдік шаруашылығындағы клеткалық және ұлпалық биотехнология аумағында базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д. Арынова Р.А.
|
34
|
SelR 0234
|
Өсімдік шаруашылығы селекция (курстық жұмыс)
Кредит көлемі-2 (1+0+1), ЕСТS кредитте-3
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер- «Өсімдіктердің ген инженериясы», «Фитобиотехнология», «Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық альтернативалар».
Оқыту мақсаты: Қазіргі селекцияның теориялық негіздерімен әдістері туралы ұғымның қалыптасуы.
Қысқаша мазмұны: Өсімдік шаруашылығының трансгенді агрокультуралар өсімдіктерді, биологиялық қорғау заттары аумағында құрастыру. Бактериалды тыңайтқыштар, жерді рекультивирлеудің микробиологиялық әдістері стресс факторына мәдени өсімдіктерді трансгрессивті сұрыптау. Өсімдіктердің эффективті гендер банкін құру. Аталмыш өсімдіктің генотиптері. Құрғақшылыққа, тұздалуға қауіпті саңырауқұлақты, бактериалды және вирусты ауруларға жоғары төзімді мәдени өсімдіктерді алу.
Күтілетін нәтижелері:
Білімі: Отандық және шетел селекциясының негізгі сұрыптарын, ірі масштабты селекция элементтерін, өсімдік шаруашылығында таңдау және алу теориясын біледі.
Іскерлігі: Өсімдікті генотип және фенотип бойынша бағалай алады, селекциялық генетикалық параметрлерді анықтайды, селекциялық жұмысты ұйымдастыра алады.
Дағдысы: Селекциялық құжаттармен және селекциялық мәселелерді шешу үшін персоналды қомпьютермен жұмыс істеуді дағдыланады.
Құзіреттілігі: Өсімдік шаруашылығындағы селекция аумағында базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д. Арынова Р.А.
|
35
|
GIZh 0235
|
Мал шаруашылығы ген инженериясы (курстық жұмыс)
Кредит көлемі-3 (2+1+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер: «Ғылыми зерттеу негіздері», «Жануарлар биотехнологиясы мен селекциясы», «Зообиотехнология».
Оқыту мақсаты: Болашақ биотехнология мамандығының адамға қажетті заттарды өндірістік масштабта продукцирлейтін жоғарғы генеративті және биосинтетикалық қабілеттеріне ие негізінен бактериалды клеткаларды алу туралы жалпы мағлұмат қалыптасу;ген инженериясының дамуы –Адамның тәжірибелік әрекетінде қажетті ДНҚ реттілігін конструирлеу үшін мүлдем жаңа негіз түзді.
Қысқаша мазмұны: Генотиптердің қайта құруларын биотехнологиялық зерттеу әдістері. Генотип. Генетикалық ақпарат. Хромосомдар. ДНҚ молекулалары. Ақуыздың аминоқышқылды молекулалары. Рекомбинатты плазмидалар. Лигирлеу. Трансформация. Клондау. Өсімдік текті, микроб текті биомассадан және ауыл шаруашылық қалдықтарынан эффективті азықтық препараттар жасау. Эмбриогенетикалық әдістер негізінде жануарларды репродукциялау.
Күтілетін нәтижелері:
Білімі: Ген инженериясының жалпы ережелері мен жолдарын, рекомбинантты ДНҚ алудың негізгі принциптерін, ген инженериясының тәжірибелік аспектілерін біледі.
Іскерлігі: Іn vitro ДНҚ фрагменттерін біріктіру негізінде организмдерді конструирлеу сұлбаларын құрай алады, мутацияны алу үшін қандай да бір ақуыз синтезіне жауап беретін нақты генді анықтай алады.
Дағдысы: Генетикалық конструкциялау әдістерін игереді, оларға мутагенез, гибридизация, конъюгация, трансдукция, трансформация және протопластардың бірігуі кіреді.
Құзіреттілігі: Мал шаруашылығындағы ген инженериясы аумағында базалық білім алады.
Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.д. Искаков М.М.
|
36
|
GIR 0236
|
Өсімдік шаруашылығы гендік инженерия (курстық жұмыс)
Кредит көлемі-3 (2+1+0), ЕСТS кредитте-4,5
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер- «Өсімдік шаруашылығы селекциясы», «Биотехнологиядағы фитогормондар», «Фитобиотехнология».
Оқыту мақсаты: Болашақ биотехнология маманда өндірістік масштабта адамға қажетті заттарды продуцирлейтін жоғарғы генеративті және биосинтетикалық қасиеттері (негізінде бактериальді) клеткаларды алу жайында жалпы түсінікті қалыптастыру.Гендік инженерияның дамуы адамның құрастыру тәжірибелік іс-әрекетіне қажетті ДНК реттілігін құрастыру үшін приципиальді жаңа негіз құрды.
Қысқаша мазмұны: Гендік инженерияның даму тарихы. Трансгенді өсімдіктерді алу. Өсімдіктердің қосымша ақуыздарының аминқышқылдық құрамын жақсарту үшін гендік инженерия әдістерін қолдану. Басқа организмге тасымалдау үшін бейімделген гендерді алу. Гендерді тасымалдануға алынған векторлар. Агробактерия плазмидтері өсімдіктің векторы ретінде. Хлоропласты және митохондриялы ДНК. Мобильді генетикалық элементтер. Вирустар. Гендерді өсімдікке тасымалдау әдістері. Генетикалық инженерияның даму перспективі.
Күтілетін нәтижелері:
Білімі: Гендік инженерияның жалпы жағдайы мен жолдар. Рекомбинатты ДНК-ны алудың негізгі принциптерін, гендік инженерияның практикалық аспектілерін біледі.
Іскерлігі: Іn vitro ДНК фрагменттерін қосылу негізінде организмдерді құрастыру сызбаларын, мутацияны алуда сол немесе басқа да ақуыз синтезіне жауап беретін белгілі бір генді анықтай алады.
Дағды: Генетикалық құрастыруға жататын мутагенез, гибридизация, конъюгация, трансдукция, трансформация және протопластардың (слияние) қосылуы әдістерін игереді.
Құзіреттілігі: Өсімдік шаруашылығындағы генетикалық инженерия аумағында базалық білімді көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д. Арынова Р.А.
|
37
|
Ped 0237
|
Педагогика
Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS кредитте-3
Пререквизит- жоқ.
Постреквизит- жоқ.
Оқыту мақсаты: Педагогикалық қызметтің және іскерліктің объектілеріне қатысты білімді, олармен басқару дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Педагогиканың пәні және міндеттері. Қалыптасу философиясы. Педагогикалық зерттеудің түсініңтері. Педагогикалық үрдіс бүтін жүйе ретінде. Педагогтың кәсіби қызметі және тұлғасы. Педагогикалық әңгімелесудің технологиясы. Тәрбиелеу факторлары. Дамудың жастық және жеке ерекшеліктері. Білімнің мазмұны тұлғаның даму құралы ретінде. Оқыту түрлері. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Сабақ жүйе ретінде. Оқыту әдістері. Балалар ұжымы. Білімді есепке алу және бақылау әдістері.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Педагогиканың негізгі категорияларын біледі; педагогикалық қызметті меңгерудің әдістеріне ие; педагогика ғылымының категориалды құрылымын біледі.
Іскерлігі: Педагогикалық қызметті талдай алады; педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын түсінеді.
Дағдысы: Кәсіби қызметінде пелагогикалық білімін қалай қолдану керектігі туралы түсінігі бар.
Құзіреттілігі: Бүтін педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда базалық және жалпы меңгерген білімін, оқу-тәрбие жұмысын басқару қабілеттелегін, педагогикалық жұмысында әдістерді, формаларды және технологияларды таңдау дағдысын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының доценті Аубакирова Р.Ж.
|
38
|
MiV 0238
|
Микробиология және вирусология
Кредит көлемі – 2 (1+0+1), ECTS кредитте – 3
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – «Жасушалық биотехнология», «Биотехнологиялық өндірістің негіздері», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өдірісінің биотехнологиясы II », «Тағамдық биотехнология», «Ақуцызды заттардың биотехнологиясы», «Микроағзалар биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүтті өнімдерді өндіру биотехнологиясы».
Оқыту мақсаты: Биотехнология үшін маңызды болып табылатын прокариоттар мен эукариоттардың ерекшеліктері туралы студенттерге білім беру. Миробиология және вирусология аясындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңызын көрсету, биотехнологияның, тағам өнеркісібінің дамуында мироағзалардың ролін анықтау.
Қысқаша мазмұны: Микробиология пәні және міндеттері, биотехнология дамуындағы оған берілетін орны мен ролі. Микроағзалар және олардың классификациясы. Прокариорттар, эукариоттар. Морфологиясы, құрамы және көбеюі. Жасушалардың құрылысы және құрамы. Көбею және дифференциация. Бөліп алу және культивирлеу. Микроағзалардың өсуі және культивирлеу. Антимикробты факторлар. Метаболизм. Энергетикалық үрдістер. Биосинтез. Метаболимді реттеу. Генетика. Мутагенез, рекомбинация, селекция. Миероағзаларды тәжірибеде қолдану.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Микроағзалардың негізгі қасиеттерін, олардың классификациясын, табиғатта және адам өміріндегі ролін, биологиялық белсенді заттар өндірісінде микробтарды қолдану мүмкіндіктерін, вирустар әлемі туралы, вирусқа қарсы вакциналар өндірісінде оларды қолдануды біледі.
Іскерлігі: Микробиология және вирусология аясындағы әдебиеттерді қолдана алады; микроағзалардың өндірістік культураларын ұстауды біледі; олардың өміршендігін технологияның үрдістің түрлі кезеңдерінде бақылауды жүргізе алады; зертханаларда және өндірістерде санитарлы-микробиологиялық бақылауды жүргізе алады.
Дағдысы: Микробиология зертханасында жұмыс істеу дағдысына ие.
Құзіреттілігі: Микробиология және вирусология аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді. Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.к., доцент Блейм Т.Н.
|
39
|
OMG 0239
|
Жалпы және молекулалық генетика
Кредит көлемі – 3 (1+0+2), ECTS кредитте – 4,5.
Пререквизиттер – жоқ.
Постреквизиттер – «Жасушалық биотехнология», «Биотехнологиялық өндірістің негіздері», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өдірісінің биотехнологиясы II », «Тағамдық биотехнология», «Ақуцызды заттардың биотехнологиясы», «Микроағзалар биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүтті өнімдерді өндіру биотехнологиясы», «Биотехнология объектілері», «Биотехнология негіздері»
Оқыту мақсаты: Студенттерге генетика туралы, оның мәселелері, қазіргі кездегі жағдайы және жаңа жетістіктері туралы түсініктерді беру, сонымен қоса студенттерде генетикалық ойлауды дамыту.
Қысқаша мазмұны: Генетика пәні. Тұқыммен берілу және өзгергіштік туралы тұсінік. Тірі ағза ұйымдастырудың түрлі кезеңдерінде тұқым қуалау және өзгергіштікті көрсетуі: молеклярлы, жасушалық, ағзалық және популяциялық кезеңдерде. Биологиялық ғылымдар арасындағы генетиканығ орны. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Жасушаның бөлінуі және қайта қалыптасуы. Митоз. Митоздық цикл және митоздың фазалары. Мейоз. Мейоздың фазалары және кезеңдері. Хромосомалардың конъюгациясы. Хромосома сандарының редукциясы. Хромасомалардың гаплоидты және диплоидты сандары. Митоз бен мейоздың генетикалық ролі. Белгілердің тұқым қаулауының негізгі заңдылықтары және тұқым қуалаудың принциптері. Гибридологиялық әдіс. Гибридологиялық әдіс генетикалық талдаудың негізі ретінде. Гибридологиялық әдістің негіздері: объектіні таңдау, будандастыру үшін «таза» материалды таңдау, жеке белгілерді талдау, екі-үш ұрпақтың тұқымдарын зерттеу, статистикалық әдісті қолдану Гибридологиялық әдістің қабілеттілігі.Генетикалық символика. Будандастыру типтері. Будандастырудың жазылу ережелері. Моногибридті және полигибридті будандастыру. Жыныс генетикасы және жыныспен тіркесіп тұқымқуалау белгілері.Тіркесіп тұқымқуалау және кроссинговер. Даму генетикасы. Популяция генетикасы.Адам генетикасы. Генетика және биотехнология.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізін және өзгергіштігін, тұқымқуалау белгілерінің заңдылықтарын, генетикалық анализ негізін, тұқымқуалаушылықтың хромосомалық негізін, ағзаның өзгергіштігінің түрлері және себептерін, геннің құрылысын, негізгі молекулалы клеткалық механизмдерін, генетика проблемаларының заманауи жағдайын, ағзадағы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті басқару мүмкіндіктерін біледі.
Іскерлігі: Генетикалық есептерді шеше алады, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті үйренуде сауатты түрде тәжірибелер жүргізе алады және алынған нәтижелерді интерпретирлей алады,биотехнологияға керекті генетиканың зерттелген әдістерін қолдануды үйренеді.
Дағдысы:Микробиология зертханасында жұмыс істеу дағдысын біледі, Drosophila melanogaster –ның гибридологиялық анализін жүргізу.
Құзіреттілігі: Жалпы және молекулалық генетика саласындағы маманның кәсіби сапасын және базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к. доцент Нуржанова Г.Х.
|
40
|
КlВ 0240
|
Жасушалық биотехнология
Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредитте– 4,5.
Пререквизиттер –31 кредит.
Постреквизиттер –«Өндірістік биотехнология негіздері», «Ашыту биотехнологиясының негіздері I», «Ашыту биотехнологиясының негіздері II », «Тағамдық биотехнология», «Ақуыздық биотехнология негіздері», «Микроорганизмдер биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүт өнімдері өндірісінің биотехнологиясы».
Оқыту мақсаты: Оның әлемдегі едәуір перспективті дамыған бағыттары туралы студенттердің білімін дамыту және оның молекулярлық биотехнология, жасушалық және молекулярлық биофизика, биохимия, молекулярлық генетика, микробиология, молекулярлы иммунология және биоинформатика салаларындағы жетістіктерімен байланысы.
Қысқаша мазмұны: Жасушалық биотехнологияның теориялық негіздері. Геномика, протеомика және биоинформатика. Клеткалық деңгейде генноинженерлік конструкциясын құрылыстық, функциональдық және салыстырмалы геномика негізінде қалыптастыру.
Әр түрлі түрге жататын ағзалар протеомы,оның фукциональды ұйымы және регуляциясы.
Жоспар құрудағы биоинформатика, биотехнологиялық тапсырмалардың ұйымдастырылуы және реализациясы. Биоинформатика бұл жаңа жүйелердің құрылысы, биологиялық белсенді заттардың және олардың молекулярлы нысанасындағы жаңа білімдер негізіндегі генерациясы.
Жасушалық биотехнология объектілері.Соматикалық будандастыру. Микробиологиялық жүйелердің жасушалық биотехнологиясы. Коммерциялық өнімдерді алу үшін рекомбинантты микроорганизмдерді қолдану.Дәрілік заттардың микробиологиялық өндірісі.Токсинді қосылыстардың және биомасса утилизациясының биодеградациясы.Өсімдіктер өсуін стимулирлеуші бактериялар. Микробты инсектицидтер. Микробты-өсімдікті өзара қатынастардың биотехнологиясы. Медицинадағы жасушалық биотехнология.Өсімдіктердің гендік инженериясы. Зиянкес жәндіктерге, вирустар мен гербицидтерге төзімді өсімдіктерді шығару.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Заманауи жасушалық және молекулярлық биотехнологияның бағыттарын біледі, пәннің теориялық және практикалық негізін білу, алған білімдерді практикалық жұмыстарда қолдануды үйрену, ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстарға дағдылану.
Іскерлігі: Алған білімдерін биотехнологияның басқа пәндерін меңгеруде қолдана біледі. Курсты сәтті меңгеру үшін студенттерге міндетті түрде мына пәндерді жақсы білу керек: химия, биофизика, физика, биохимия, молекулярлы биология, молекулярлы генетика.
Дағдысы: Жасушалық биотехнология зертханасында жұмыс істеуге дағдыланған.
Құзіреттілігі: Жасушалық биотехнология саласындағы маманның кәсіби сапасын және базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к,, и.о. доцент Молдабаева Ж.К.
|
41
|
Bio 0241
|
Биохимия
Кредит көлемі – 3 (1+0+2), ECTS кредитте – 4,5.
Пререквизиттер –31 кредит.
Постреквизиттер –«Өндірістік биотехнология негіздері», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы II », «Тағамдық биотехнология», «Ақуызды заттарды өндіру биотехнологиясы», «Микроорганизмдер биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүт өнімдері өндірісінің биотехнологиясы».
Оқыту мақсаты: Биохиминың негізгі бөлімдері бойынша биополимерлердің құрамы мен құрылысын және құрылымдық компоненттерін зерттеуде практикалық дағдылануынды студенттерде қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Көмірсулар. Ақуыздар. Ферменттер. Нуклеин қышқылдары. Ақуыз биосинтезі. Липидтер. Липидтер метоболизмі. Витаминдер. Гормондар. Метаболизм.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің биологиялық макромолекуласының негізгі құрылымдық ұйымдастырылуын біледі; аминқышқылдарының физико-химиялық құрамын және олардың ақуыз молекуласын функциялаудағы және құрылысын формалаудағы рөлін біледі; өмір сүрудегі процесстері кезіндегі ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының функционалды рөлі; ферменттік катализдің негізгі жағдайы, ферменттердің спецификалық құрамы мен кинетикалық сипаттамасы; биотехнология үшін ферменттердің рөлі; генетикалық ақпараттың берілуі кезіндегі ДНК мен РНК-ның құрамы мен рөлі; липидтер мен көмірсулардың құрылымдық ерекшеліктері мен құрамы, олардың биологиялық қызметі.
Іскерлігі: «Биохимия» пәні бойынша жалпы курста алған өз білімдерін биологияның басқа да пәндерін меңгеруде (молекулярлық биология, молекулярлық генетика, физиология) биотехнологияның практикалық сұрақтарын шешуде, әсіресе инженерлік энзимологияда қолдана алады.
Дағдысы: Ферменттермен жұмыс істеуге, биохимия зертханасында жұмыс істеуге дағдыланған.
Құзіреттілігі: Биохимия аласындағы маманның кәсіби сапасын және базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к.,. Каирханов К.К., PhD
Омарова А.Ш.
|
42
|
OBP 0242
|
Өндірістік биотехнология негіздері
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте – 3
Пререквизиттер –65 кредит.
Постреквизиттер - «Ашыту өнімдерінің биотехнологиясы I», «Ашыту өнімдерінің биотехнологиясы II », «Тағамдық биотехнология «Ақуыз заттарының биотехнологиясы», «Микроорганизмдер биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Сүт өнімдерінің биотехнологиясы».
Оқыту мақсаты: Студенттерге биотехнология өндірісінің басты этаптары жайлы білім беру, шикізат түрлерін қоса, биообъекттер-жасушалар және ферменттер,биоөндірістің негізі болып табылатын биохимиялық активтілік; процесстер, бұл өндiрiстердiң негiздерiнде жататындар; бөлініс, тазарту және түпкi өнiмдердiң тауарлық формалары.
|
Достарыңызбен бөлісу: |