Қысқаша мазмұны: Тағамдық улану сипаттамасы, улану классификациясы. Токсикоинфекция қоздырғыштың сипаттамасы. Токсикоздар мен токсикоинфекциялар этиологиясы. Микоздар және микотоксикоздар сипаттамасы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Ең кең таралған токсиканттардың негізгі токсикологиялық әрекетті және оларды in vitro-дан in vitro-ға аусытыруының негізгі жолдарын, әртүрлі қауіпсіздіктерді бағалаудың сандық принциптерін және оларды бірлік шкалада салыстыруды біледі.
Іскерлігі: Тірі организмдерде және табиғи обьектілерде улы және жылдам әрекет ететін заттарды анықтай алады, адамның табиғи ортамен қауіпсіз және тұрақты байланыс жасауын қамтамасыз ету бойынша шешімдерді қабылдайды, зерттеудің заманауи физикалық әдістерді қолданады, зерттеудің эксперименталды әдістерін қолдануда тәжірибе алады.
Дағдысы: Улануларды жіктеу бойынша дағды алады, тағамдық токсикозды болдырмауға арнайы әдістермен жұмысты дағдыланады.
Құзіреттілігі: Токсикологияның теориялық негіздері туралы базалық жалпы кәсіби ұғымның болуы және алған білімді тәжірибеде қолдану.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к.Кәкімова Ж.Х., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.
30
|
ImB 0330
|
Иммундық биотехнология
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте -3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Ғылыми зерттеу негіздері», «Мал шаруашылығындағы ген инженериясы», «Өсімдік шаруашылығындағы ген инженериясы», «Иммуногенетика негіздері», «Тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар».
Оқыту мақсаты: Студенттерге фундаменталды иммунология туралы білім беру, клиникалық тәжірибеде және зерттеу жұмыстарында иммунология жетістіктерін қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Медициналық және ветеринарлық биопрепараттар жасап шығару. Вакциналар. Инфекциялық және инфекциялық емес табиғатты аурулардың иммуно сараптамасының спецификалығын және сезімталдығын жоғарылату бағыты. Иммундық жауаптың клеткалық деңгейдегі мәні.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Иммунология туралы, жануарлар және құстардың иммунитет жүйелерінің мүшелік –ұлпалық құрылымы туралы, клетканың иммуно компотенттері және олардың рецепторларын, организм және клетка деңгейінде иммунды процестерді реттеу механизмін, антигендер және антиденелер, олардың әрекет етуі, гистосәйкестік басты комплекс және оның биологиялық мәнін, генетикалық әртүрлілік және Т-және В-лимфоциттер рецепторларын анықтайтын антигендердің қалыптастыру ерекшеліктерін, иммунды статусты бағалауының әдістемелік негіздерін біледі.
Іскерлігі: Иммунологиялық реакцияларды бағалай алады, өз әрекетінде есептеуіш техниканы қолдана алады, анатомиялық белгілер бойынша түрлік иелікті анықтай алады, жалпы биологиялық және экологиялық ғылымдарының көзқарас тұрғысынан организмде өтетін процестерді дұрыс түсіндіреді, жануар күйін бағалау кезінде иммунология білімін қолданады, иммунологиялық сараптама жүргізу, иммунология зерттеулер үшін материалды таңдай алады.
Дағдысы: Негізгі физикалық химиялық және биологиялық заңдарды біледі және оларды ветеринарияда қолданады, зертханалық құрал-жабдықпен жұмыс істеуді дағдыланады, организмнің иммундық статусын бағалау әдістері, иммунитеттің жүйелерін зерттеу бойынша бақылау және эксперимент әдістерін меңгереді.
Құзіреттілігі: Жануарлар аруларының дамуында табиғи және әлеуметтік шаруашылық факторларды бағалау әдістерін қолданады, олардың коррекциясын жүргізеді, инфекциялық паразиттік және инфекциялық емес потологиялық алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүргізеді.
Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.д.Искаков М.М.
|
31
|
BioR 0331
|
Өсімдіктер биотехнологиясы
Кредит көлемі – 2 (1+0+1), ECTS кредитте – 3.
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер –«Биотехнологиялық өндіріс негіздері».
Оқыту мақсаты: Биотехнологияның және биотехнологияның барлық басқа бағыттарының объектісі ретінде өсімдік жасушаларын культивирлеу биологиясы туралы білімнің қазіргі кездегі жағдайымен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: Биотехнология – биологияның қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Биотехнологияның пәнаралық табиғаты. Биотехнологияның даму кезеңдері. Биотехнология объектілері және әдістері. Биотехнологиялық үрдстердің алуан түрлілігі. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Өсімдіктер биотехнологиясы және онгың спецификасы. Биотехнологияның даму перспективасы. Биотехнология объектілері ретінде культивирленетін өсімдік жасушалары. Өсімдіктер жасушаларын культивирлеудің теориялық және әдістемелік принциптері. Культивирленетін жасушалардың қоректенуі. Қоректік орталардың жалпы сипаттамасы. Көміртекті қоректену. Минералды қоректену. Өсудің табиғи және синтетикалық стимуляторлары. Дәрумендер. Органикалық қоспалар. Қоректік ортаның құрамын оптимизациялау. Қоректік ортаның рН мәні. In vitro жасушаларының өсуіне физикалық факторлардың әсері. Калусты алу және культивирлеу. Каллусогенезге әсер етуші факторлар. Агарланған ортада жасушаларды культивирлеу. Сұйық ортада жасушаларды культивирлеу. Суспензиялық культураларды алу. Суспензиялық культураларды өсіру әдістері. Жинақтағыш культивирлеу. Үздіксіз культивирлеу. Жабық ағынды культивирлеу. Жартылауағынды культвирлеу. Культивирлеудің ашық ағынды жүйелері. Хемостад және турбидостат принциптері. Биосинтетикалық өндірістегі жасушалық технология. Экономикалық маңызды заттарды алу үшін жасушаық технология құру бойынша жұмыстың кезеңдері. Объектіні таңдау. Өсімдікті культураға біріншілік енгізу. Жасушалар биомассасын химиялық зерттеу. Орта құрамын және өсіру параметрлерін оптимизациялау. Жасушалардың продуктивті штаммаларын құрастыру. Суспензиялық культураларда ең жақсы штаммаларды біріншілік қолдану. Өндірістік жағайларға жуықтатылған жағдайларда продуктивті және тұрақты штаммаларды өсіру. Биомасса өндірісіне техникалық регламент құрастыру. Жасушалық технологияның жетістіктері мен перспективасы. Клоналды микрокөбею және өсімдіктердің сауықтандыру. Клоналды микрокөбеюдің кезеңдері. Эксплантты культураға енгізу. Өздігінен көбею. Өскіннің көбеюін жылдамдату және оларды сақтау. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Клоналды микрокөбеюге әсер етуші факторлар. Өсімдіктердің клоналды микрокөбеюін қолдану және оның перспективасы. Өсімдіктердің вирусты аурулардан сауықтандыру. Апикалды меристема культуралары. Зараланған өсімдіктерді диагностикалау әдістері. Термотерапия. Химиотерапия. Картоптың вируссыз егінді материалын алу және оны көбейту. In vitro жаңдайында прогамды және постгамды сәйкессіздіктен өтуі. Гаплоидты технология. Жасушалық селекция. Жасушалық инженерия. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы. In vitro жаңдайында генофонды сақтау.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Өсімдік жасушаларын, ұлпаларын және мүшелерін іn vitro жағдайында культивирлеу әдістерін, каллустың түзілуіне әкелетін дифференциация үрдісі туралы, іn vitro жағдайында морфогенез жолдары және өсімдіктердің регенерациясын реттейтін факторлар туралы, өсімдіктердің клоналды микрокөбеюде және сауықтандыруда маңызды метаболиттерді алу үшін культивирленетін жасушаларды қолданудың теориялық және әдістемелік принциптері туралы біледі.
Іскерлігі: Теориялық дайындық дәрежесін жоғарылату үшін алған білімін қолдана алады, сонымен қатар оларды тәжірибелік қызметінде қолдана алады.
Дағдысы: Зертханада жұмыс істеу, культивирлеуге арналған қоректік орталарды дайындау, ламинарлы боксте жұмыс істеу, бастапқы материалды стерильдеу және одан эксплантты изоляциялау, агарланған және сұйық ортада жасушалрды культивирлеу, жасушаларды субкультивирлеу және олардың өсуін бағалау дағдысы қалыптасқан.
Құзыреттілігі: Өсімдіктер биотехнологиясы аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.к., доцент м.а. Насыров Ф.С.? доцент Игликов О.Д., аға оқытушы Исмагулова А.Б.
|
32
|
BioM 0332
|
Микроағзалар биотехнологиясы.
Кредит көлемі – 3 (2+0+1), ECTS кредитте– 4,5.
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы I», «Ашыту өндірісінің биотехнологиясы II», «Медициналық және ветеринариялық биотехнология», «Экологиялық биотехнология», «Тағам өндірісінде ферментті препараттарды қолдану».
Оқыту мақсаты: Студенттерге биотехнологияның мақсаттары және міндеттері, микробиологиялық үрдістердің принциптері мен ерекшеліктері, микроағзалардың жоғары өнімділігі бар өндірістік штаммаларын алу әдістері, оларды культивирлеу әдістері және сақтау туралы білім беру. Антибиотиктердің, ферменттердің, аминқышқылдарының, полисахаридтердің, органикалық қышқылдардың және бейтарап өнімдердің, өсімдіктерді қорғайтын бактериалды заттарды және тыңайтқыштардың, біржасушалы ағзалардың ақуыздарының кәсіби өндірісінмен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: Микробиологиялық биотехнология негіздері. Биотехнология ғылыми дән ретінде. Биотехнологияның даму тарихы, мақсаты және міндеттері. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Даму перспективасы. Микроағзалардың өндірістік штаммаларын құрудың қазіргі заманғы әдістері және олардың құнды қасиеттерін сақтау мәселелері. «Популяциялық тұрақтылық» және «автоселекция» ұғымдары. Микроағзалар штаммаларын сақтаудыңң негізгі әдістері. Биотехнологиялық үрдістер: жүзеге асыру принциптері, жүйелендіру және кезеңдері. Биоөндірістерде қолданылатын шикізаттар. Микроағзаларды культивирлеуге арналған қоректік орталардың рецептурасын құрастыру. Микроағзаларды культивирлеу. Егінді материалды алу. Беттік және тереңдік культивирлеу. Микроағзаларды культивирлеудің мерзімді және үздіксіз үрдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Микробты биомасса алуға негізделген биотехнологиялық өндіріс. Микробты ақуыз өндірісі. Адамның және ауылшаруашылық жануарлардың тамақтануына арналған ақуыздардың мәні. «Идеалды» ақуыз ұғымы. Ақуызды алудың микробиологиялық әдістерінің артықшылықтары. Микроағзалар – ақуыздардың продуценттері. Өсімдіктерді қорғаудың микробиологиялық заттары және бактериалды тыңайтқышқары. Өсімдіктерді және жануарларды зиянкестерден қорғаудың микробиологиялық заттарының артықшылықтары. Микроағзалар – микробты препараттарды алуға арналған энтомопатогендер. Препараттарды алу технологиясы. Бактериалды тыңайтқышқтарды алу: нитрагин, ризтрофин. Органикалық қышқылдарды және бейтарап өнімдерді алу. Органикалық қышқылдарды алу. Сірке қышқылын алу. Сірке қышқылды бактерияларды культивирлеуге қажетті шикізаттар және жағдайлар. Беттік, беттік-циркуляциялық және тереңдік әдістермен сірке суын алу. Лимон қышқылын алу. Лимон қышқылының продуценттері, ферментациялау әдісі, негізгі шикізаттар. Сүт қышқылын алу. Спирттік ашу. Спирттік ашудың химизімі және тәжірибелік мәні. Спирттік ашудың қоздырғыштары. Спирттік ашудың өнімдері. Этил спиртін алудың технологиялық сұлбасы, ферментациялау жағдайлары, шикізат. Ацетонды-бутилды ашу. ацетонды-бутилды ашудың екіфазалығы. Ацетонды және бутил спиртін алудың мерзімді және батареялық әдістері, ферментациялау жағдайлары, продуценттері. Металлдардың биотехнологиясы. Рудалардан түсті, аз кездесетін және бағалы металлдарды сілтісіздендіру үрдісі кезінде қатысатын микроағзалар. Қоршаған ортаның биотехнологиясы.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Микроағзаларды культивирлеудің, биомасса және жіңішке микробиологиялық синтез өнімдерін алудың технологиялық үрдісінің негіздерін; шикізатқа және соңғы өнімге қойылатын талаптарды біледі.
Іскерлігі: Микроағзалар культураларымен жұмыс атқара алады; культураның және препараттардың тазалығын және белсенділіктерін анықтай алады; продуценттердің өсуін бақылай алады; микроағзалар биотехнологиясы туралы білімін тәжірибелік қызметінде қолдана алады.
Дағдысы: Зертханада жұмыс істеу, культивирлеуге арналған қоректік орталарды дайындау, ламинарлы боксте жұмыс істеу, бастапқы материалды стерильдеу және одан эксплантты изоляциялау, агарланған және сұйық ортада жасушалрды культивирлеу дағдысы қалыптасқан.
Құзыреттілігі: Микроағзалар биотехнологиясы аясында базалық білімін және маманның кәсіби сапасын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Мирашева Г.О., б.ғ.к., доцент м.а. Молдабаева Ж.К.
|
33
|
MVB 0333
|
Медициналық және ветеринарлық биотехнология
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредитте – 3.
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквизиттер – «Экологиялық биотехнология», «Ғылыми зерттеулердің негізі».
Оқыту мақсаты: Студенттерде медициналық және ветеринарлық биотехнологияның мақсаттары мен тапсырмалары, табиғи қосылыстарды зерттеу туралы, инфекцияға қарсы ағзаның қорғаныш күшінің бақылау деңгейі жайында, басқа да аурулардың даму туралы білімін қалыптастырады.
Қысқаша мазмұны: Медициналық және ветеринарлық биотехнологияның қазіргі заманғы биотехнологияның басқа салаларының ішінде алатын орны және міндеттері. Медициналық және ветеринарлық биотехнологияның даму этаптары. Биотехнологиялық фармацевтикалық және ветеринарлық препараттарды жасаудағы маңызды қадамдар. Медициналық және ветеринарлық биотехнологияның объектілері – микроорганизмдер, вирустар, жануарлар, жануар ұлпасы және жасушасы. Функционалды мақсаты: ғылыми бастапқы зерттеулер,биологиялық белсенді заттарды алудағы зертханалық регламент, клиникаға дейінгі және клиникалық дәрілік заттарды сынау, дәрілік препараттардың үлкен көлемді өндірісі. Медициналық және ветеринарлық биотехнологияда рекомбинантты ДНК әдістерін қолдану (генді-инженерлік микробиологиялық өндіріс). Гендік инженерияны, гендік инженерияның құрастырылған әдістерімен микроорганизмдер штаммын, биологиялық белсенді қосылыстары бар продуцнттерді анықтау. Инсулин. Денсаулық сақтау практикасында инсулин алудың екі әдісі: шошқа инсулинінің адам инсулиніне айналуы (жартылай синтетикалық әдіс); адамның генді-инженерлі инсулинін алу. Адамның генді-инженерлі инсулинін алу өндірісндегі концептуальды және көлемді шарттар. Антибиотиктер. Жаңа заман антибиотиктерін жасау: жаңа штамм-продуценттерді іздеу жұмыстары; қолданыста бар антибиотиктердің химиялық модификациясы; мутасинтез. Жоғары синтезді антибиотикті алу үшін қолданылатын қайта өңдеу шарттары. Табиғи антибиотиктердің химиялық трансформациясы – жартылай синтетикалық препараттар. Антибиотиктерді өндірістік алудың үлгісі ретінде пенициллин өндірісінің технологиялық схемасы. Антибиотиктің тауарлы формасын алу. Антибиотиктерге деген резистенттік мәселесі.
Адам және жануарлардың инфекциондық ауруларына қарсы интерферондар мен интерлейкиндердің дәрілік формасын өңдеу және жасап шығару. Рекомбинантты интерферондардың энтральды лекформын таблетка, гранула және капсула ретінде алу технологиясы. Вирустық ауруларды емдеуге арналған инъекция лекформдары мазь және суппозиторилер ретінде. Тұмау, А геппатиті, басқа да қауіпті инфекциялардың адам мен жануардың иммунды жүйесінде интерферондар мен интерлейкиндердің басқа да цитокининдермен бірге қолданылуы.Онкологиялық ауруларды емдеу үшін интерферондар мен интерлейкиндерді қолдану. Жоғары эукариот ашытқылармен рекомбинантты цитокининдердің өнімі. Вакциналар және иммуногендердің биотехнологиясы. Денсаулық сақтау және ветеринария саласының өндірісі мен практикасына жоғары эффективті және қауіпсіз конъюгирленген қоғамдық маңызды инфекциялар мен ауыл шарущылық малдарының инфекциясына қарсы жаңа заман вакциналарын енгізу. Полимер-бұл субъединирленген жаңа заман вакцинасы.
Күтілетін оқу нәтижелер:
Білімі: Медициналық және ветеринарлық биотехнология әдістерін пайдаланып, стратегиялық медико-биологиялық және медико-ветеринарлық әдістерді диагностикалы-дәрілік препараттарды дайындауда қолдана біледі; денсаулық сақтау және ветеринария саласында қолданылатын гормондар, интерферондар, интерлейкиндер, антиденелер, антибиотиктер, вакциналар өндірісте қолданылатын негізгі дәрілік базаны құрайды.
Іскерлігі: Ақуызды препараттармен жұмыс жасай біледі: ақуыздарды паспортизациялау және тазалау, бөлу операцияларын орындау; генді- инженерия тематикасының негізгі операцияларын жүргізу; гибридті техникамен байланысты операциялар комплекстерін орындау; моноклональды антиденелерді алуды үйрену, оларды идентифицирлеу және паспортизациялау; медициналық және ветеринарлық биотехнология әдістермен дайындалған биологиялық белсенді препараттарды клиникаға дейінгі сынамалық керекті жұмыстарды жүргізу.
Дағдысы: Зертханалық жұмыстарға дағдыланған, алған білімдерін практикада қолданады.
Құзіреттілігі: Медициналық және ветеринарлық биотехнология саласында маманның базалық және кәсіби біліктілігін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: в.ғ.к., Блейм Т.Н.
|
34
|
EkB 0334
|
Экологиялық биотехнология
Кредит көлемі – 3 (1+2+0), ECTS кредитте– 4,5.
Пререквизиттер – 101 кредит.
Постреквизиттер –«Ғылыми зерттеу негіздері».
Оқыту мақсаты: Студенттерге өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардың ластануымен байланысты қоршаған ортаның негізгі экологиялық мәселелері туралы; атомды және сутекті бомбалардың жарылулары, уранды және түрлі металлдарды өндіру сияқты техногенді факторлардың әсерінің нәтижесінде ҚР территориясының топырағында, су қоймаларында және ауада ауыр металлдар мен радионуклеидтердің жоғары концентрациялары туралы, мұнайды шығару және өңдеуші аймақтарға қарасты тапырақтың органикалық ластандырушылардың жоғарғы концентрациялары туралы; гербецидтерді, пестицидтерді, инсектицидтерді қолданумен байланысты болатын топырақтың ластануы туралы білімдерді беру.
Қысқаша мазмұны: Экологиялық биотехнология пәні және міндеттері, оның қазіргі қоғамдағы маңызы. Биогеохимиялық циклдер. Заттардың айналу шеңберінде микроағзалардың ролі. Көміртек, оттегі, азот және күкірттік айналым шеңберінің сұлбасы. Табиғи экожүйелерде - топырақта және су қоймаларында микроағзалардың өзарабайланысы. Микроағза-өсімдік түраралыққатынасы және өзарабайланысы. Синтрофизм. Ағынды сулардың негізгі сипаттамалары. Тұрмыстық, өндірістік және ауылшаруашылық ағынды сулар, олардың құрамы және сапасын бағалау критерийлері. ОХТ (оттегіні химиялық тұтыну) және ОБТ (оттегіні биохимиялық тұтыну) анықтау әдістері, олардың сипаттық және прогностикалық маңызы. Түрлі кәсіпорындардың ОХТ және ОБТ мәліметтері бойынша мысалдар. Ағынды суларды тазалау әдістерінің сипаттамасы, олардың артықшықылқтары мен кемшіліктері. Ағынды суларды тазалаудың биохимиялық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Микроағзалар қолданылатын тазалаушы қондырғылардағы операциялардың түрлері. Ағынды суларды тазалаудың экстенсивті және интенсивті жүйелері. Өндірістік және тұрмыстық ағынды суларын өңддеудің интенсивті әдістерін биотехнологиялық жетілдіру жолдары. Қиын тотығатын, жоғары токсикалық немесе ароматтық заттарды утилизациялау үшін екомбинантты штаммаларды қолдану. Ағынды суларды тазалаудың аэробты және анаэробты үрдістері, олардың сипаттамасы. Ағынды суларды аэробты тазалау үшін қолданылатын реакторлар. Гомогенді реакторлардың жұмыс істеу сұлбасы. «Белсенді тұнбаның» популяциялық мәселелері. «Белсенді тұнба» ценоздарының қалыптасуы. «Белсенді тұнбаның» микроағзалары, олардың арақатынасы және жеке консорциумдардың маңызы. Зоогли –бірыңғай шырышты қабатпен жамылған микроағзалар популяциясы симбиозының қалыптасуы. Қарапайымдардың «белсенді тұнбаның» тиімді жұмысындағы ролі. ОЗЖ (органикалық заттар бойынша тұнбаға түсетін жүктеме) көрсеткіші – аэрациялау станцияларын жобалау кезіндегі маңызды параметр. Екіншілік тұндырғыштың жұмысын басқару. Қозғалмайтын биопленкасы бар реакторлар – биофильтрлер, оларда жүретін үрдістер. Биофильтрлерді қолданумен өтетені үрдістердің технологиялық сұлбалары. Тазалау әдісіне, жүктейтін материал түріне және сұйықтықты беру режимдеріне байланысты биофильтрлердің классификациясы. Биофильтрлердің тұнбалануы. Шыныерштерді қолданумен аэротенктер-бөлгіште микроағзалардың иммобильденген жасушаларын қолдану. Ағынды суларды аэробты тазалаудың экстенсивті әдістері – биологиялық су қоймалары, шашыратушы алаңдар, фильтрлеу алаңдары. Оларды қолдану аясы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Өндірістік және тұрмыстық ағынды суларын тазалаудың анаэробты әдісі. ағынды суларын тазалаудың анаэробты үрдісінің аэробтыдан артықшылықтары, тазарту жылдамдығы. Метантенктер, оларда жүретін ашыту үрдісінің сипаттамасы. Метантектерде микрофлораның қалыптасуы, оның құрамы, симбиотикалық қоғамдағы компоненттердің өзарақатынасының сипаттамасы. Метантенктердің тиімді қызмет етуінде метантүзуші бактериялардың маңызы. Ластандырушылардыңь шекті концентрациялары туралы түсінік. Ағынды суларды биологиялық тазалау үшін қолданылатын өндірістік аппараттардың сипаттамасы. Септикотенктер. Қозғалмайтын биопленкасы бар реакторлар. Метталлургиялық кәсіпорындарының ағынды суларын тазалау үшін белсенді тұнбаның микроағзаларын қолдану және олардан металлдарды бөлім алу. Металлдардың тотығу/ тотықсыздану үрдістері немесе олардың гетеротрофты микроағзалармен тұнбаға түсуі. Ағынды сулардан металлдарды бөлім алу үшін қолданылатын «белсенді тұнбаның» сипаттамасы, табиғи емес биофлоктардың маңызы. Мысалдар. Металлдарды тұндыру үшін сульфатредуцирлеуші бактерияларды қолдану. Ағынды сулардағы металлдарды тұндыру кезінде жүретін үрдістердің химизмі. Мыс, сынап, вольфрам, молибденді тұндыруда сульфатредуцирлеуші бактериялардың маңызы. Пластмассаға немесе ағаш жарнағына иммобильденген Pseudomonas putida жасушаларын өндірістік ағынды сулардағы мышьякты тұындыру үшін қолдану. Құрамында Pseudomonas dechromaticans бактериялары бар «белсенді тұнба» көмегімен хромқұрамды ағынды суларды хромнан тазару. Микроағзаларды металлдарды биосорбциялау үшін қолдану. Тас көмір бөлшектеріне иммобильденген денитрифицирлеуші бактериялар биомассасымен уран мен нитраттарды биосорбциялау. Микробты экзополисахаридтермен металлдарды биосорбциялау. Түрлі өндірістердің қалдықтарын биологиялық өндеу. Сүтөндеуші, ашыту және басқа да тағам өндірістерінің ағынды суларын өңдеу үшін микроағзалардың иммобильденген жасушаларын қолдану. Химиялық өндірістердің ағынды суларын биолгиялық өңдеудің мәселелері. Целлюлоза-қағазды өндірістің қалдықтарын биологиялық өңдеу. Мұнай өңдеуші кәсіпорындарының ағынды суларын жне мұнаймен ластанған топырақты тазалау үшін көмірсутектерін деструкторлаушы-микроағзаларды қолдану.
Күтілетін оқу нәтижелері:
Білімі: Ағынды суларды тазалаудың аэробты және анаэробты үрдістерін, ағынды суларды тазалаудың түрлі сұлбаларында микроағзаларды қолдану пирнциптерін, ауаның экологиялық биотехнологиясынвң мәселелерін, түрлі ағынды сулардың сипаттамасын біледі; табиғатта заттардың айналу шеңберінде белсенді қатысуының нәтижесінде микроағзалардың табиғаттың тепе-теңдігін сақтаудағы маңызын біледі; биотехнологияның негізгі принциптерін, сыртқы ортаның объектілерін тазалауда қолданылатын биореакторлардың типтерін біледі; ағыны суларды тазалау, биогаз алу және қоршаған ортаның сауықтыру үшін биотехнологияда микроағзалардың мүмкіндіктері және қолданылуын біледі.
Іскерлігі: Ағынды суларды түрлі әдістермен тазалайтын тазалағыш қондырғыларды жобалауды жүргізе алады, нақты бір экологиялық мәселелердішешу бойынша страгегияларды құрастыру үшін алған білімін қолдана алады.
Дағдысы: Ағынды суларды және топырақты тазалау бойынша іс-шараларды спттау және жүргізу үшін түрлі әдістерді қолдану бойынша жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан.
|
Достарыңызбен бөлісу: |