Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі №588-ii қазақстан Республикасының Заңы



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі467.59 Kb.
#205411
  1   2   3
Электр энергетикасы туралы

2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)



Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер



2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара);  2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялық бронь – электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс іcтeуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты;

2) авариялық бұзылыс – электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;

3) есептік тариф – инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған және тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына  арналған босату  тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

4) жеке тариф – инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым үшін  бекітілген,  тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын, электр энергиясына  арналған босату  тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

5) жүйелік авария – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы;

6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері;

7) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;

8) жылу желілерінің күзет аймағы – жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;

9) жылу энергиясын беру - жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;

10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы – жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға қатысушылардың шарттар негізінде жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;

11) инвестициялық бағдарлама – жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

12) инвестициялық міндеттеме – жаңа активтерді құруды,  қолда бар активтерді кеңейтуді, жаңартуды, қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін міндеттеме;

13) инвестициялық шарт – энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт;

14) келісім – уәкілетті орган мен электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым арасындағы инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы шарт;

15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі – Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;

17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві – шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;

18) қосалқы көрсетілетін қызметтер – жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;

19) операциялық тәуліктер – жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;

20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;

21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері – өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері;

22) өңірлік электр желілік компания – өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым;

23) теңгерімдеуші электр энергиясы – электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы;

24) техникалық диспетчерлендіру – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;

25) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

26)  уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

27) ұлттық электр желісі – жекешелендіруге және оның алдындағы сатыларға жатпайтын шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы;

28) шекті тариф – энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген  ең жоғары шамасы;

29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу – электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу;

30) электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;

31) электр қуатын реттеу – электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің нақты электр жүктемесінің тәуліктік кестеде жоспарланып немесе жоспарланбай айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларының орнын толтыру жөнінде көрсетілетін қызмет;

32) электр энергетикасы – электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;

33) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда операторы;

34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші – тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;

35)  электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;

36) электр энергиясын беру – энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес көрсететін қызметі;

37) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператор көрсететін қызмет;

38) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі – электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін жүйелік оператор бекіткен құжат;

39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы – электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) шарттарының негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қатынастар жүйесі;

40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі;

41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы – осы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері;

42) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;

43)  электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі – спот-сауда-саттық) – бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда;

44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы – ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың табиғи және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;

45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі – имитациялық режим) – электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;

46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік  кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы;

47) энергетикалық сараптама – жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;

48) энергия беруші ұйым – электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым;

49) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

50) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым;

51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы – мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы



туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу



3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк

реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi

1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауіпсіз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.

2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi мыналар:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi, қауіпсіз жұмыс iстеуi мен дамуы;

2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы;

3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;

4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;

6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;

7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;

8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезiндегi құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;

9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;

10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының мемлекеттiк стандарттарын белгiлеу болып табылады.

3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) лицензиялауды;

2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi;

3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;

4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттiк қадағалауды;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді қамтиды.

4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкiметi:

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) электр энергетикасын дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлейдi;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау туралы ережесiн бекiтедi;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін белгілейді;



2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) үлгілік инвестициялық шартты, үлгілік келісімді бекітеді;



2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды

3-3) шекті тарифтерді бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес электр энергиясын сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткiзiлетiн, сатып алынатын мүлiк (активтер) тiзбесiне енгiзу туралы шешiм қабылдайды.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.

 

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



Уәкiлеттi орган:

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

4) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2006.11.04. № 136-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5) тармақша өзгертілді

5) электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну саласындағы техникалық регламенттерді қоспағанда, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;



2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) техникалық регламенттерді қоспағанда, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы, жабдықтарды пайдалану сипаттамалары, энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормалары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

7) электр энергетикасы объектiлерiн жобалау, салу, техникалық пайдалану және олардың қауiпсiздiк техникасы, жабдықтарды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары, табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларды бекітеді;



2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды

7-2) энергия өндіруші ұйымдармен  келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;



2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды

7-3) келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндіруші ұйымдардың орындауына мониторинг жүргізеді;



2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды

7-4) энергия өндіруші ұйымдар тобын қалыптастырады;

8) 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) кепiлдiк берiп жеткiзушiнi және оның жауапкершiлiк аймағын айқындау тәртiбiн бекiтедi;

10) энергетикалық сараптаманы жүргiзу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-1) тармақша өзгертілді

10-1) «Қазақстан Республи­ка­сындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

11) электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiн жасау тәртiбiн белгiлейдi;



2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) жүйелік операторды және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын белгілейді;

12) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ аймақтар үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;

13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

 

 

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен 6-бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



6-бап. Мемлекеттік энергетикалық бақылау

1. Энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган электр энергетикасы саласындағы бақылауды жүзеге асырады.



2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының орындалуын;

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдалану құрылғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық жай-күйін қадағалауды жүзеге асырады;

3) 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республи­ка­сындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

4. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8. Электр энергетикасы объектісінің басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшін орындау мерзімі мен орындалуына жауапты тұлғалар көрсетілген белгіленген үлгідегі нұсқама беріледі немесе объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын оған негіздегі әзірлейтін акт жасайды, ол мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органға табыс етіледі.

9. Энергетикалық бақылау:

1) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық талаптардың сақталуына;

2) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерінің сақталуына;

3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемді пайдаланылуына, оны өндіру, беру, тұтыну режимдерін оңтайландыруға;

4) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығына жүргізіледі.

10. Энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

1) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларына қатысады;

2) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөліктерге бөлуге, электр және жылу энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі электр жабдығын бүлдіруге әкеп соққан ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерудің есебін жүргізеді.

11. Энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) электр және энергия құрылғыларына қол жеткізуге;

2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр жабдықтарының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асыруға;

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) электр және энергия құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды электрмен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелерін білуіне біліктілік тексерулерін ұйымдастыруға;

4) энергетикалық объектілерде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және ұтымды өндіру, беру, бөлу мен пайдалану бойынша энергетикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға, энергияны үнемдеу саясатының орындалуын бақылауға, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуге;

5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыруға;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) бақылауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру кезінде және электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартуға;

7) энергияны үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастыруға;

8) ұйымдардың меншік иелеріне аварияларға, жазатайым жағдайлар мен электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің өзге де техникалық талаптарын өрескел бұзуға жол берген кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізуге немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге құқылы.

 

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет