Заңымен 12-бап 6-тармақпен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бапқа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1-бап. Шекті, есептік және жеке тарифтерді айқындау тәртібі
1-тармақ 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Шекті, есептік және жеке тарифтер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
2-тармаққа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөліне отырып, кем дегенде жеті жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып жыл сайын түзетіліп отырады.
Шекті тарифтерді енгізу жылы алдындағы бір жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі ең жоғары баға қолданыстағы бірінші жылына шекті тарифті айқындау үшін база болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 12-1-бап 2-1-тармақпен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тармақтың бірінші-бесінші бөліктері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады.
Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді.
Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралар тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады.
Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі.
Электр энергиясының шекті тарифі, оны өндіру көлемі шеңберінде электр энергиясына арналған босатылатын бағаны төмендету жағдайларын қоспағанда, келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
3-тармақтың алтыншы бөлігі 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының, электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді.
3-тармақтың жетінші бөлігі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
Энергия өндіруші ұйым жоспарланатын амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)
3-1. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға келісім жасалған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде келісімнің жобасын ұсынады.
Уәкілетті орган қараудың нәтижелері бойынша келісімнің жобасын уәкілетті орган алған күннен бастап есептелетін күнтізбелік қырық күн ішінде энергия өндіруші ұйымға қол қойылған келісімнің бір данасын не келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімді жібереді.
Тараптардың келісімді жасасудан негізсіз бас тартуына немесе оны жасасудан жалтаруына жол берілмейді.
Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда келісім жасалды деп есептеледі.
Уәкілетті органның келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімін энергия өндіруші ұйым алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келісім жобасының шарттары бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келісімді жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттелуге тиіс.
Энергия өндіруші ұйым дауды реттеу кезеңінде электр энергиясын амортизацияға және пайдаға кететін шығындарды есептемей, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан аспайтын баға бойынша өткізеді.
4, 5 және 6-тармақтар 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Егер энергия өндіруші ұйымның инвестициялық міндеттемелерін шекті тарифтер шегінде электр энергиясын өткізуден алынатын қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін, техникалық тапсырманы уәкілетті орган бекіткен және инвестициялық шарт жасасқан жағдайда есептік немесе жеке тарифті қолдануға құқылы.
Инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға табыс етіледі.
Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарлама негізінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.
5. Есептік тариф Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан аспауға тиіс.
Энергия өндіруші ұйым есептік тарифті инвестициялық шартты жасасқан кезден бастап қолданады және есептік тариф инвестициялық шартта көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау кезеңінің ішінде қолданыла алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттардағы өзгерістерді келіскен жағдайда, есептік тариф инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан асуы мүмкін.
6. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асырудың кез келген сатысында жеке тарифті қолдануға құқылы.
Энергия өндіруші ұйымның жеке тарифті қолдануы табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның инвестициялық бағдарлама параметрлерін және жобалау-сметалық құжаттаманы есепке ала отырып қабылдаған шешімінің негізінде жүргізіледі.
Жеке тариф энергия өндіруші ұйымның инвестициялық шартта көзделген қуаттылықты енгізу жөніндегі міндеттемелерін орындау кезінде есептік тарифтен төмен болмауға тиіс.
Жеке тариф инвестициялық бағдарламаның құны артқан жағдайда есептік тарифтен жоғары болып бекітіледі. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаның құнын арттыру уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.
13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар
1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желісі арасында жүйелiк оператормен келісілген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.
2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi.
2-тармақ 2004 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлдi
2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушi тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды шарт негiзiнде қамтамасыз етедi.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасуға міндетті.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын:
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға, энергия беруші ұйымдарға (электр энергиясының өз желілеріндегі және шаруашылық мұқтаждарына нормативтік шығындарын жабу үшін) және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде экспортқа;
2) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында;
3) электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатуды жүзеге асыруға міндетті.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-2. Энергия өндіруші ұйымға:
1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiлері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға);
2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);
3) тармақша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) жүйелік оператормен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарттары жоқ энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға);
4) мынадай жағдайларды:
электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын;
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсаттарында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-3-тармақ өзгертілді
3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткiзуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға) тыйым салынады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган интернет-ресурста қалыптастырады, жүргізеді және жариялайды.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4-тармаққа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi ережелерiнде белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi.
5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.
6-тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi
6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан нақты уақыт режимiнде теңгерiмдеушi тетiкке (нарыққа) қатысуға мiндеттi.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жүйелік операторымен жасасқан электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
7. Энергия өндiрушi ұйымдар - су электр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатуға мiндеттi.
4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру
14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы
1. Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр және жылу энергиясы нарықтарының жұмыс iстеуi жағдайларында жүзеге асырылады.
2. Электр және жылу энергиясы нарықта тауар болып табылады.
3. Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан, ал жылу энергиясының нарығы бiр деңгейден - бөлшек сауда нарығынан тұрады.
4-тармақ 2004 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлдi
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен нарықтың барлық қатысушыларының электр энергиясы нарығына еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
6. Энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелерiне қосудан, сондай-ақ оларға электр немесе жылу энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.
7. Электр немесе жылу энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.
15-бапқа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы
1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:
1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келісімдерiмен белгiленетiн жеткiзу бағалары мен талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;
2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот - сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығынан;
3) жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындайтын сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу мақсатында жұмыс iстейтiн нақты уақыт режиміндегі теңгерiмдеушi нарықтан;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) ұлттық стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығынан тұрады.
2. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы:
1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;
2) электр энергиясының орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) кезеңдерге орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;
3) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;
4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған саудасының ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келуiн айқындайды;
5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;
6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi.
2008.29.12. № 116-IV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |