Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі



бет6/7
Дата29.02.2016
өлшемі367 Kb.
#32014
1   2   3   4   5   6   7
Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады және жүргізеді.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

 

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды



15-1-бап. Электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлеу және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі

1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін әзірлейді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

2. Уәкілетті орган электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерінің негізінде жыл сайын электр қуатының болжамды тапшылығын белгілейді, сондай-ақ электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді, өзінің интернет-ресурсында орналастыра отырып, оған тендер өткізілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар басымдықпен енгізіледі.

3. Уәкілетті орган электр қуатының болжамды тапшылығын жабу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.

4. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлардың тендерге қатысуға құжаттар мен материалдарды табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама топтамасы:



1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;

2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасын қамтиды.

6. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге:



1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3) тендерлік өтінімдерді берген күнге, үш айдан аспайтын мерзімде салық берешегінің жоқтығы туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасын ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.

7. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындыларын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.



Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.

8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер:



1) әлеуетті инвесторлар екеуден кем болған;

2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайтадан тендер өткізеді.

9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімін және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайды.

10. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген бағамен, көлемде және мерзімге тендердің жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде шарт жасасады.

11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.



 

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау

1-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты аттестаттаудан өткізілгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асырады.

2. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша жылына бір рет энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімде, бірақ аттестаттауды өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:

1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі болатын генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;

2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.

4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді, онда электр энергиясын өндіруге дайын болған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.

5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:

1) жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының нақты шамасы мен параметрлерінің аттестатталғандарға сәйкес келмеуі анықталған кезде;



2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.

 

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



15-3-бап. Электр қуатының нарығы

1. Электр қуатының нарығы жаңа электр қуаттарын енгізу үшін инвестициялар тарту, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыруға және электр қуатының болжамды теңгерімінің негізінде айқындалған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр қуатының шамасын ұстап тұруға жеткілікті көлемде жұмыс істеп тұрған электр қуаттарын қолдау мақсатында жұмыс істейді.

2. Көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді айларға бөле отырып, алдағы жылға қалыптастырады және есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.

Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың он бесінші қазанынан кешіктірмей, көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің негізінде электр энергиясының және қуатының алдағы жылға арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.

3, 4, 5, 6-тармақтар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



3. Жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді:

1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді осы генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен және аттестаттаудан өткізілгеннен кейін қызметтер көрсету туралы шарт негізінде;

2) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт негізінде сатып алады.

4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.



Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында өткізуді аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде:

1) экспортқа шығарылатын электр энергиясының электр қуатының ең жоғары көлемін;

2) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемін;

3) өзінің тұтынуын шегере отырып, жүзеге асырады.



Электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының шамасы төмендеген жағдайда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі аттестатталған шамаға дейін төмендейді.

5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ұйымдастырады және өткізеді.



Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады.

Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша шарттық негізде қызметтер көрсетеді.

6. Жүйелік оператор электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады.

 

16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы



2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.

2. Өңiрлiк электр желiлерi компаниялары электр энергиясын оның баланстық тиесiлiк шекараларында электр желiлерi бойынша беру функцияларын жүзеге асырады.

3. 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. Шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлерге энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

5. Электр энергиясын кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.

 

17-бапқа өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)



17-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы шарттар

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөнiнде қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жасалатын шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:

1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;

2) энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын резервтеу тәртібі болуға тиiс.

3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу жөнiнде қызметтер көрсету шарттарында шарт бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда энергиямен жабдықтауды немесе тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату жағдайлары мен тәртібі болуға тиiс.

18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулік аймақтары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты сараланған тарифтер бойынша жылу энергиясын өткізуден бас тартуға құқығы жоқ.

2. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар бөлшек сауда нарығында жасасатын шарттарда электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығына барлық қатысушылар үшiн тең жағдайлар болуға мiндеттi.

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағалары мен оларды беру жағдайлары тараптардың келісімi бойынша энергия берушi ұйымның тарифiн ескере отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес белгiленедi.



Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы өңiрлiк электр желiсi компаниясымен уәкілетті орган белгiлеген үлгiлік нысан бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге асырылады.

5. Электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлер мен тұтынушылар арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жария шарт болып табылады.

19-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың:

1) жасалған шарттарға сәйкес электр және жылу энергиясын алуға;

2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр және жылу энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;

3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқығы бар.

2. Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:

1) тұтынушылардың меншiгіндегі электр және энергия қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарын тиiсiнше техникалық жағдайда ұстап тұруға, электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiне сәйкес олардың техникалық жағдайына қойылатын талаптарды орындауға;

2) электр және жылу энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетика жүйесіндегі электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;

4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың қызметкерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның қызметкерлерiн электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жіберуге міндетті.

2006.11.04.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет