Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
50) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;
51) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi
1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауіпсіз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi мыналар:
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi, қауіпсіз жұмыс iстеуi мен дамуы;
2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы;
3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;
4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;
6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;
7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;
8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезіндегі құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;
9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу болып табылады.
3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) лицензиялауды;
2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi;
3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;
4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттік қадағалауды;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді қамтиды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды
3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде ұлттық компанияның тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңы 4-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз
4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен ; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен ; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңынмен 5-бапқа енгізілетін өзгерістерді қараңыз
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесiн бекiтедi;
3) есептiк тарифтi айқындау, шектi және жеке тарифтердi бекiту тәртiбiн бекiтедi;
4) үлгiлiк инвестициялық шартты, үлгiлiк келiсiмдi бекiтедi;
5) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
7) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
8) шекті тарифтерді бекітеді;
9) электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
12) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
14) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;
15) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
17) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
21) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;
23) жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
24) электр энергиясын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүліктер (активтер) тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдайды;
25) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
26) электр желілік қағидаларын бекітеді;
27) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
35) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
36) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
39) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
40) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
41) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
42) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43) жүйелік операторды айқындайды;
44) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;
45) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;
47) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
48) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
49) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекітеді;
50) энергия өндiрушi ұйымдар топтарын қалыптастырады;
51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
52) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
53) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын айқындайды;
54) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
56) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін бекітеді;
57) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
58) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;
59) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
60) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
61) инвестициялық бағдарламаны әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi және бекітеді;
62) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;
63) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;
64) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
67) жүйелік операторға тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын, көлемін және мерзімдерін айқындайды;
68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімдерін бекітеді;
70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |