Электр және электрмеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану



бет15/34
Дата24.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#484381
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
АУ кәсіби стандарт

Біліктері мен дағдылары :

  1. Электр желілеріндегі қосу қиындығы күрделі сұлбасы бар күштік және жарықтандыру электр қондырғыларына қызмет көрсету.

  2. Ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлы қосалқы электр станцияларында оларды электр желілеріндегі жедел қосу-сөндіру кернеуінен толық ажырата отырып, орташа күрделі жұмыстарды орындау, конструктивті элементтерін бұзбай трансформаторлардың, оларға тиесілі сөндіргіштердің, ажыратқыштардың, жетектердің ревизиясы.

  3. Қорғау коммутациясы мен коммутациялық аппаратураны басқару сұлбасын, кернеуі 1000 В жоғары желілердегі тарату құрылғысы жабдықтарын тексеру және қызмет көрсету.

  4. Кернеуі 100 кВт жоғары электр қозғалтқыштары мен косинус фи автоматты реттелетін статистік конденсаторлар құрылғысын тексеру және қызмет көрсету.

  5. Люминесценттік шамдардағы іске қосуды реттеуші аппаратураны алмастыру және арматураны жөндеу.

  6. Көп қозғалтқышты агрегаттар мен станоктардың электр жабдықтарына қызмет көрсету.

  7. Тарату құрылғыларындағы жұмысты 1000 В дейінгі кернеуді ағытпастан, ал 1000 В жоғары болса, біліктілігі анағұрлым жоғары электр монтер жетекшілігімен жүргізу.




Білімі:

  1. Жылжымалы аспаптармен өлшеу ережелері.

  2. Электр техника негіздері.

  3. Ток пен кренеу трансформаторлары арқылы активті және реактивті қуаттың электр санауыштарын қосу сұлбасы.

  4. Әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясы.

  5. Ток күшінің артып кетуінен электр жабдықтарын сақтау тәсілдері.

  6. Электр қозғалтқыштарының өлшемдері.

  7. Стартерсіз басқару сұлбасы бар люминесценттік шамдардың, сондай-ақ ГСЛ лампаларының іске қосуын реттеуші аппаратураның әрекет ету қағидасы мен құрылымы.

  8. Жиілігі жоғары құрылғылардың жұмыс істеу қағидасы мен құрылымы.

  9. Жүк көтеретін және көлік құрылғыларының электр жабдықтарының электр сұлбалары.

  10. Электр жүйелеріндегі кернеуді ағытпастан жұмысты жүргізу ережесі.

Еңбек функциясы 2
Құрылғылар мен жабдықтардың жөнделуін қамтамасыз ету



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет