Сабақ тақырыбы Транзисторды зерттеу Жалпы мәліметтер Курс



Дата30.10.2023
өлшемі262.69 Kb.
#481959
түріСабақ

«МАНАП ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» МКҚК







ТЕКСЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
___________Н.С. Касымбекова
"____" ___________2023ж.





ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №40
(теориялық немесе өндірістік оқыту)



Модуль /пән атауы

ОН 4.4 Жұмыс процесінде сынақтар жүргізе отырып, радиоэлектрондық аппаратураны механикалық және электрлік монтаждауды және бақылауды жүзеге асыру.

Сабақ тақырыбы

Транзисторды зерттеу

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Оқу жылы

Тобы

Күні

II

2023-2024

СТ-01-21
















Сабақ түрі

теориялық

2. Мақсаты, міндеттері

Транзисторларды білу және сипаттау.
Транзисторлардың классификациясын және олардың түрлерін білу.
Студенттерді арнайы біліммен қамтамасыз ету. Алынған ақпараттарды жүйелей білуге, шығармашылық ой-өрістерін дамытуға машықтандыру.

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1.
2.
3.

Транзисторлармен танысу.
Транзисторлардың классификациясын білу
Транзисторды зерттеу

  1. Қажетті ресурстар

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. А. В. Батаев, Н.Ю.Налютин, С. В. Синицын «Электроника» 2013ж

  2. Айғараева Ғ «Радиоэлектроника» 2010

  3. Метрология и электрорадиоизмерения в телекоммуникацион-ныхсистемах:учебноепособие/подред.Б.Н.Тихонова.М.:Горячаялиния—Телеком,2017С. Н. Дроздов. «Операционные системы. Учебное пособие» 2015ж




Техникалық құралдар, материалдар

Тақырып бойынша слайд-шоу;
Білімді тексеруге арналған тесттер;
Бейнематериалдар;
Дербес компьютер;

5. Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі



Сәлемдесу, жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа назарын аудару. Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу. Сабаққа байланысты 5 минуттық сергіту видеосын көру.

Үй тапсырмасын тексеру



Аминев А. В. Электроника : учебное пособие / А. В. Ами-нев,А.В.Блохин.Екатеринбург:УрФУ,2018.214с. 197-201 беттер

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жоспар:

  1. Транзисторлардың классификациясы

  2. Биполярлы транзисторлар

  3. Транзистордың жұмыс атқару негіздері

Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағазжәне электрондық форматта)

Транзисторлардың классификациясы туралы материалдарды оқу. Биполярлы транзисторлар туралы слайд-шоу. Жұмыс дәптеріне конспект жазу. Baamboozle бағдарламасы бойынша 2 топқа бөлініп дайындалған сұрақтарға жауап беру.





6. Үйге тапсырма

1. Аминев А. В. Электроника : учебное пособие / А. В. Ами-нев,А.В.Блохин.Екатеринбург:УрФУ,2018.214с. 202-204 беттер

Дайындаған педагог

Сартаева Ұлжан Тимурқызы
Т.А.Ә.
__________
(қолы)



ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ №40
Тақырыбы: Транзисторды зерттеу


Жоспар:

  1. Транзисторлардың классификациясы

  2. Биполярлы транзисторлар

  3. Транзистордың жұмыс атқару негіздері

Транзисторлардың классификациясы Транзисторлар негізгі екі класқа бөлінеді – биполярлы (БТ) және өрістік – (арналық) транзисторлар. Сонымен қатар жартылай өткізгіштер қандай материалдан жасалғанына байланысты кремний немесе германий негізінде деп бөлінеді. Транзисторлардың классификациясы 12.1-кестеде келтірілген.



Айта кету керек бұл классификацияларды одан да әрі де құрамдастыруға болады, мысалы, төменгі жиілікті қуатты беру транзисторлары немесе төменгі деңгейде шуылдайтын (шулы) жоғары жиіліктік транзисторлар.
12.2. Биполярлы транзисторлар Биполярлы транзисторлар әдетте, кремний немесе германий материалдарында n pn немесе pn p ауысуларын қамтамасыз етеді. Қоспасы бар кремнийдің кристалл пластинасының бір бөлігі сызбада көрсетілген. Жартылай өткізгіштердің ішіне кейбір қоспаларды фотографиялық перде тәсілімен енгізу арқылы өткелдер құралады. Кремний транзисторларының германий транзисторларымен салыстырғанда қолданатын жерлері әлдеқайда көп, әсіресе, жоғары температурада, олай болса, германий құрылғылары қәзіргі кездегі электрондық құрылғыларда сирек кездеседі. Транзистор қазіргі кездегі микроэлектроника құрылғыларының негізгі элементі болып табылады. Бүгін транзисторлар өмірімізде түпкілікті орын алды. Аналогты және сандық құралдар құрамында бола отырып, олар электр құралдарының негізі болып саналады. 12.1-сурет пен 12.2-суреттерде n pn және pn p транзисторларының құрылымдары (конструкциясы) келтірілген. Өткелден жылуды алып тастау үшін (орта және жоғары күштік тізбекте өте маңызды) коллектор транзистордың металл корпусымен жалғанған. n pn және pn p ауысуларының символдары мен транзистордың жеңілдетілген үлгілері 12.3-суретте келтірілген. Транзистордың құрылымында база аймағының n pn (транзисторлары үшін p -типті материал немесе pn p транзисторы үшінn -типті материал) өте тар екенін айта кету керек.


12.3. Транзистордың жұмыс атқару негіздері
12.4 (а)-суретте n pn транзистордына жұмыс істеу негіздері көрсетілген: (а) n типті эмиттердегі негізгі заряд тасымалдаушыларға электрондар жатады. (b) База-эмиттер өтуі негізгі тасымалдаушыны тура бағытта ығыстырады, сонда электрондар өткелден өтіп, база аймағында пайда болады. (с) Өте жіңішке база-аймағында кемтік өте төмен қоспаланған, сондықтан олар кейбір рекомбинацияларға ұшырап жатады, алайда, электрондардың көбі база аймағында қала береді. (d) База-коллектор өткелі кері бағытқа ығысқан, сонда база аймақтарында кемтіктер ал коллектор аймағында электрондар пайда болады, содан кейін база аймағында электрондар пайда болуы үшін тура бағытқа ығысады; бұл электрондар коллектор қысқыштарының оң потенциалын тартып алады (е) База-аймағындағы электрондардың көбі коллектор аймағында база-коллектор өткелінен өтіп отырады, сөйтіп коллекторда ток түзіле бастайды. n pn транзисторының жұмыс істеуі негізі 12.5 (а)-суретте келтірілген. Әдетте токтың бағыты кемтіктің қозғалысымен алынады, яғни оның бағыты электрондар ағынының бағытына қарама-қарсы. Эмиттерден шығып жатқан электрондардың 99.5% база-коллектор өткелінен өткенде, олардың тек 0.5% ғана өте тар база аймағында кемтікке айналады.

pn p транзистордағы жұмыс істеу принципі:
12.4 (b) -суретте көрсетілгендей транзистор жұмыс істеу үшін келесі шарттар орындалу керек:

а) Эмиттер материалындағы негізгі тасымалдаушылар – кемтіктер.
(b) База-эмиттер негізгі тасымалдаушыларды тура бағытта ығыстырады, сөйтіп, кемтіктер өткелден өтіп, база аймағында пайда болады.
(с) База аймағы өте жұқа және электрондармен өте төмен қоспаланған кейде электрондар кемтіктермен жұптарды түзе алғанымен база аймағында сонда да кемтіктер көп.
(d) База аймағында электрондардың, ал коллектор аймағында қайтадан кемтіктер болу үшін база-қоллектор өткелі кері бағытталған, бірақ кемтіктер тура бағытта ығысқан; Бұл кемтіктер коллектор қысқыштарының теріс потенциалын өзіне тартада.
(е) База аймағындағы кемтіктің біраз көп бөлігі база-коллектор өткелінен өтіп, коллектор аймағына жетеді, сөйтіп коллекторда токты түзеді, әдетте токтың бағыты кемтіктің қозғалыс бағытымен сәйкес келеді.
12 (b) -суретте pn p транзистордың жұмыс істеу принципі келтірілген. Эмиттерден шыққан 99.5 % кемтіктер базаколлекторының өткелінен өтеді, алайда, 0.5% кемтіктер өзгеріске ұшырап, электронмен өте жіңішке база аймағын құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет