Бақылау өлшеуіш приборлар
Тепловоздың басқару пунктінде орналасқан судың температурасын, дизельді салқындату үшін қондырылған электротермометрлер және электроманометрлер бар. Сонымен қатар алдыңғы секцияның дизелі бойынша май жүйесінің қысымын өлшейтін қондырғылар бар. Электротермометр мен манометрдің жиынтығына өлшегіш (датчик) көрсеткіш кіреді.
Тепловоздағы электрлі тізбектің жұмысын бақылау үшін амперметрлер мен вольтметрлер қондырылады, олар басқару пультінде орналасады. Амперметрлер Т.Э.Қ. мен тарту генераторының күшін анықтау үшін күштік тізбектегі токтың мөлшерін анықтауға амперметрлер қосылған. ТЭ10 тепловозында күштік тізбекте 6000А көрсеткіші бар амперметр жалғанған.
Тарту генераторының кернеуін өлшеуге арналған вольтметр бар. Оның шкаласы 1000В-қа тең.
Өрт сөндіру қондырғысы электрлік дабыл мен өрт сөндіру қондырғысынан тұрады. Өрттің пайда болу кезінде және температураның 105С дейін көтерілгенде автоматты түрде дыбыстық және жарық дабылы беріледі.
Дабыл қондырғысына температуралық көрсеткіштер орындаушы релелер, дабыл қорабы жарық көрсеткіш лампа, бақылау тұтқасы, қорғау автоматтары кіреді.
Көрсеткіш датчиктер өрт болады-ау деген жерлерде орналасады: оң жақ жоғарғы вольтты камерада 2 дана, ал сол жағында бір дана, ал дизель бөлімшесінде оң және сол жақ бөлігінде 9 данадан тұрады.
Электр пневматикалық контактылар
Тарту электр қозғалытқышын генераторға қосу үшін тепловозда электропневматикалық контактор ПК-753-Б6 түріндегі контактор қолданылады. Құрылысы бойынша маневрлық тепловоздағы поездағы контактордан өзгешілігі жоқ. Тек қана айырмашылығы блок-контактын құрылуында.
Контакторлар бұл дистанционды түрде әсер ететін қондырғы. Онда дұрыс жұмыс жасау кезінде электр тізбегіндегі жие қосылу мен ажыратылу үшін қолданылатын қондырғы. Контактордың айналмасынын түріне байланысты электр магнитті, гидро және пневматикалық болып бөлінеді. Осы контакторлардын ішінде кенінен қолданылатыны электр магнитті контакторлар, олар электр айналманың автоматты жүйесінде басты коммутациялық аппараттар болады.
Электропневатикалық (поездық) контактор ПК-753-Б6 түріндегі көп қолданылатын контактор тару электр қозғалтқышындағы тізбекті камутациялау үшін қолданылады. Контактордың барлық элементтері изолациондық панелге бекітілген. Электр пневматикалық винтелдің катушка кернеуіне берілген ток қысылған ауаны пневматикалық айналма цилиндріне жібереді және оның поршені он жаққа ауыстырады. Поршеннің тұтқасы тіреуішті (ретшак) қозғалысқа келтіреді, онда ол ось бойымен айналып қозғалмалы контактыны қозғалмайтын контакка апарып қысады. Винтел сөнген кезде поршен күштін әсерімен пневмо айналманының пружниналарын қозғалтып солға бұрылады, осы кезде контактолар бір бірімен ажыратылады.
Контактордың доға өшіргіш жүйесі мынадай бөліктерден тұрады: доға сөндіргіш катушака, ол мыстан жасалған және контакпен тізбектей қосылған; көп санылаулы ашық доға сөнедіргіш камерадан және доға сөндіргіш бұйымдардан доға сөндіргіш катошканын өзекшесіне екі жақтан доға сөндіргіш болат полюстер біріктіріледі, катошка бойымен ток өткен кезде полюстер арасында магниттік алаң пайда болады. Контактың үзілу кезінде ол пайда болған доғаға әсерін тегізіп оны тартылуға және жоғарыға қарай қозғалуға мүмкіндік беріп итереді. Сонда алдымен доға контактан доға сөндіргіш бұйымға ауысады содан кейін ұзарып кеністік жазықтығымен жоғарыға қарай орын ауыстырады. Доға сөндіргіш камера, доғаның жану аймағында арнайы металдық қоршаулардан тұрады, ол доғадан шыққан жылуды уақыттылы сөндіріп тұрады.
ПК-753Б-6УЗ контакторының шартты белгісінің шешуі
П – Пневматикалық; поездық
К – Контактор
7 – Басты тізбектегі токтың шамасы. 83 А
5 – Комутациялық тізбектің саны.
3 – Конструкциялық жасалуы.
Б6 – Винтелдің жасалуы.
УЗ – Климатикалық құрылуы
Контактордың құрылысы
1. Пневматикалық айналма
2. Понел
3. Доға сөндіргіш катушка
4. Қозғалмайтын контак
5. Доға сөндіргіш камера
6. Қозғалмалы контак
7. Ретшак
8. Блоктік контактылар
9. Мыс орамы
10. Электр пневматикалық винтел
Электропневматикалық контакторлар
Генераторға тарту электр қозғалытқыштары қосу үшін тепловозда электропневматикалық контактор қолданылады. Электрлік машиналарда генератор қоздырғыш орамын қосу үшін генераторды жалғау үшін және тепловозды қосу кезінде аккумулятор батареяда пайдалану арқылы электромагниттік контактор қолданылады.
Электромагниттік контактор генераторды аккумуляторлық батареяға жалғайды. Контактордың барлық бөлшегі магнит өткізгіш сымға жиналады. Онда олар изоляциялық панелге бекітіледі. Аппараттар дистанционды басқарумен, токтың көмегімен электрлі тізбекті қайта жалғау және ажырату үшін контакторлар қолданылады. Аппараттың бойымен үлкен токтар немесе индуктивтік өзгерісі бар токтар өтеді. Тепловоздарда -контактордың электропневматикалық (750-850 А ток көзі) және электормагниттік контактор (400 А ток көзі) қолданылады. Күштік тізбекте (силовой цепь) электропневматикалық контактор қолданылады. Олар сенімді Контакт және қажетті басымдылықты қамтамасыз етеді.
Тепловоздың электр тізбегінің негізгі топтары және қызметі
Электрлі байланыстың электрлі машиналардың, электрлі аппараттардың және де электрлі қондырғылардың байланысын жақсы түсіну үшін, оларды тізбек ретінде қарастырып сызбасын құраймыз. Электрлік сызбаны бейнелеген кезде электрлі аппараттарды, кедергілерді, электрлі машиналарды шартты түрде қолданамыз.
Бір-бірімен қосылатын сымдарды сызықпен белгілейміз. Сызбаға барлық электірлі аппараттар сөндірілген күйде көрсетіледі.
Тепловоздың электрлік тізбегі мынандай топқа бөлінеді:
1.Күштік тізбек (силовая цепь)
2.Басқару тізбек (цепь управления)
3.Жарық беру тізбегі (цепь освещения)
Күштік тізбек – тепловоздың электрлік берілісін көрсететін негізгі сызбаны құрайды.
Басқару тізбегі – бұл тізбекте локомотивті басқару аппаратына берілетін электр энергиясын және оның агрегаттарынның жұмысын бақылау үшін қолданылады,
Жарық беру тізбегінің қызметі – жарықтың көздеріне прожектор лампасына, тепловоздың жарық беру лампасына электр энергиясын беру.
Күштік тізбектің құрылысы, қызметі және жұмысы
Басқару тізбегі тепловоздың дизелін қосу үшін қолданылатын тізбектің бірі. Дизельді қоспас бұрын басқару тізбегіндегі барлық тоқ көзі және жарық беру акуумуляторлық батареясынан алынады – бұл тепловоздағы электрлік энеогиясының бірден бір көзі болып табылады. Сондықтан аккумуляторлық батареяның ажыратқышын ертерек қосу қажет, ол тепловоздың электрлік тізбегімен байланысады. Әрі қарай машинист кабинасындағы жанармай тұтқасы басылады. Бұл тұтқаның жұмысы әдеттегідей сөндіргіш қызметін атқарады және сандық нөмері 3 болатын басқару релесінің катушкасына ток көзін беріп тізбекті жұмысқа қосады.
Ру – 3 релесі шағын контактор оның контактылары іске қосылғанда жанармай насосының қосымша қозғалтқышы арқылы ток өтеді. Жанармай насосы жұмыс істей бастайды және ол жанармай багіндегі дизель отынын дизель блогына береді.
Контакторлдар қосылғанда басты генератор АБ ток көзін ала отырып дизельді иінді валлын айналымға келтіреді. Дизельдің май қысымы белгілі бір шамаға көтерілгенде, дизельді қосу тұтқасын жіберіп және (ол алғашқы) оның пружиналары алғашқы күйге қайтып оралады. Дизельді қосу осымен тоқталады. Тепловозды басқару, оны қозғалысқа келтіру машинист бақылаушысының көмегімен жүзеге асады. Ең алдымен тепловозды басқару тұтқасы қосылу тиіс. Әрі – қарай машинист бақылаушысының реверсивтік тұтқасын «алдыға» немесе «артқа» қою арқылы тепловоздың қозғалыс бағытын анықтаймыз.
Жарық беру тізбегі
Тепловоздарда қолданылатын лампалардың барлығы машинист кабинасын кузовтың ішкі қондырғыларын басқару пультінің приборларын және сыртқы қондырғыларға жарық беру үшін қолданылады.Барлық тепловоздар прожекторлармен буферлік фанармен жабдықталған.Тепловоздың жарық беру лампалары қуаттылығы 60В ал прожекторға-500В,буферлік фанарға 25В қолданады.Автоматикалық қондырғыларды қуаттылығы кішігірім (25В) арнайы лампалар қондырылады.Отандық тепловоздың жарық беру тізбектерінің кернеуі 75-110Вт-қа тең. Кіші кернеуге есептелген лампаларды қолдану кезінде немесе орташа жарықты алу үшін оларға тізбектей сымды резисторларды жалғау қарастырылған.Жарық беру тізбегі тікелей ток көзін аккумуляторлық батареядан алады.Бұл жағдай оларды қарау және жөндеуге ыңғайлы.Егер дизель жұмыс жасап тұрған кезде онда жарық берудің барлық тізбегі токты қосымша генератордан алады.
Тарту электр қозғалтқышын қос дөңгелекпен қалай байланыстыру және біріктіру керек
Әдетте тепловоздың тарту электр қозғалтқыштарын қос дөңгелектің осіне валдарын параллель жалғайды. Бұл жағдайда электр қозғалтқыштың кіші тісті беріліс валына, қос дөңгелектің осінде орналасқан үлкен тісті дөңгелек кигізіліп, жай қарапайым тісті беріліс пайда болады, сол арқылы қос дөңгелек қозғалысқа келеді. Өкінішке орай локомотивтің Т.Э.Қ. өте үлкен салмақта 3-5т салмақ көлемінде. Осыдан сұрақ туындайды: оларды қайда және қалай орналастыру қажет? Әдетте арбаша рамасына орналастырып, жүрген кезде рельстердің қосылған жерлерінде қатты соққы салмақты өз бойына қабылдамайды.
Контакторлар
Теплавоздың электрлі аппараттары локомативтің агрегат дистанционды немесе автоматты түрде басқару үшін қолданылады.Жұмыс режимінің бұзылмауы және олардың жұмысын бақылау қорғау үшін сонымен қатар дыбыстық дабыл және жарық беруін қадағалау.
Электрлік тізбектерін бір-біріне қосу және ажырату операциялары тоқтың бағытын өзгерту немесе жол көрсетуші сымдарды ауыстыру коммутация деген мағынаны алды.Ал бұл қондырғыларды орындайтын операцияларды коммутациялық аппараттар деп аталады.
Контактор дистанционды айналмасы бар электрлі аппарат ол электрлі тізбектерді күш көрсету негізін де қосу және ажырату үшін қолданылады. Айналманың түріне байланысты контакторлар электрлі магниттік жіне электопневматикалық болып 2-түрге бөлінеді.
Электрлік тізбектерді қосу тікелей күштік контактпен жүргізіледі.
Контакторлар 250А ұзақ тоққа есептелетін бұл контакторлар дизельді қосу кезінде аккумуляторлық батареямен тарту генератормен байланыстыру үшін тізбекте қондырылады.Тепловоздарда тоқтың шамасына және тізбектегі кернеуге байланысты электр магниттік контакторлар қолданылады.
Электропневматикалық контактор 830 А ұзақ тоққа және қысылған ауамен іске қосылады.Қысылған ауа басқада тепловоздардың аппараттарын қондырғыларын құм жүйесін реверсор орналастырады.Айналу жиілігін келтірудің басқару механизмін іске қосады.
Электропневматикалық контактордың жұмыс істеу принципы
Теплавоздағы электрлік тізбектер қосылу және ажыратылу процесі бойынша жұмыс жасайды,онда өтетін тоқтар контактордың қөмегімен жүзеге асады.Контактордың негізгі бөлігі оның күштік контактысында,ол басты контактысы болып табылады.Оның бір контактысы тіреуішке жылжымайтын болып бекітіледі, ал басқасы ұстатқышқа бекітіліп ось бойымен айналады. Осы екі контактінің тікелей көмегімен тізбектегі ток сөніп қосылады.
Контакторларды басқару ара қашықтықта жүргізіледі, сондықтан контакіні қосып ажырату үшін оған арнайы айналма қажет.
Егер контактордың катушка бойымен тоқты өткізсек онда магниттік жиелік пайда болып катушка өзекшесіне якорды тартатын күш пайда болады.
Жылжымалы куштік контакт жылжымайтын контактқа,катушка бойымен ток өткенше қысылып,тартылып тұрады.Күштік контакт ажыратқан кезде олардың арасына электрлік доға пайда болады.Ол қуаты күшті ауадағы электрлік разряд көлемі.Электрлік доғаның температурасы көп мыңдық градусқа жетеді сондықтан одан көп көлемді жылу бөлінеді. Доға контакторларды балқытып жібере алады.Оның алдын алу үшін,контактының бұзылмауы үшін жәнеде контактордың басқада бөліктері бұзылмауы үшін доға тез арада өшірлуі тиіс сондықтан контактор арнайы доға сөндіргіш қондырғылармен жабдықталған.Кейде контакторлар негізгі тізбекті ғана емес қосымша тізбектерді басқара алуы тиіс сол үшін контактор қосымша кішігірім контакторлармен жабдықталған оларды деп атаймыз.
Электрлі сызбалардың жіктелуі
Фунционалдық сызбалардын жеке жүйелерді апараттарды электірлі машиналардың жұмыс принціпін құралатын сызбаларды айтамыз.Жеке машиналар электірлі апараттар шартты графикалық таңба немесе тік бұрыш түрінде бейнеленеді.Принципиялдық толық сызбалар Тепловозда жөндеу бақылау оны келтіру және жұмыс принціпін оқып үйрену үшін қолданылады Онда байланыстық және сызба элементтерінің өзара байланыс түрінде корсетілген. Апарат элементтерінің жеке түрлері тізбек сызбасына сәйкес бірдей әріппен немесе санмен таңбаланады. Сызба байланыстары жоғарғы волтты камера басқару пулті және де басқа да өзара қосу үшін жасалған.
Орналасу сызбасы тепловозда тұратындай етіп барлық қондырғылардың орналастыруын көрсетеді. Электірлі машиналар мен аппараттар жалпы бірдей қабылданған шаррты таңбалар мемлекеттік стандарт бойынша белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |