Тепловозды қосу жүйесі
Тепловозды оталдырмастан бұрын ажыратқыш (рубилник АБ) қосамыз, жанармайды дизель багынен айдау арқылы жанармай айдағыш насос помпасының көмегімен жүйеге дейін жеткіземіз , яғни прокачка жасалынады. Жанармай жүйеге жеткеннен кейін фильтрлардан өтеді. Басқару пультінде орналасқан дизельді қосу тумблері арқылы иінді валды қозғалысқа келтіреміз , яғни (проворт коленчатого вала) жүргізіледі.
Тепловозды қосу үшін мындай процестерден өтеді: 1. барлық тексеруден өткеннен кейін аккумуляторлық батарея ажыратқышын қосамыз. 2. Дизель бөлімшесінде жағарыда екі қатардағы орналасқан барлық автоматтарды қосамыз. 3. Басты рубилник автоматын қосамыз,дизель жұмыс жасайды. 4. Аккумилятор батареясын зарядтайтын автоматтар қосылады. Осының арқасында компьютер іске қосылып тепловоз басқару және жанармай насостарын іске қосылып жүргізіледі. 5. Қажет болса қалған автоматтарды біртіндеп қосу , жылыту құралдары, радио байланыс, автоматты локомотив байланысы іске қосылады. 6. Реверсивтік тұтқаны (рукаятканы) нейтррал калпына (бейтарап туріне) пултінде орналасқан жанармай насосының тумблерин қосу. 9. «Дизелді қосу» тұтқаны басамыз, 4-5 с көлемінде ұстап тұрамыз. 10. Дизельді қосу тұтқасын басқаннан кейін дизель бөлімшесінде дыбыстық сигнал беріледі. Осыдан кейін 30с көлемінде дизель қосылады.11. 1мин көлемінде борттық компьютер іске қосылып тепловоз толық жұмыс күйге ауысады.
Тепловоздын электр сызбасы
Тепловоз алты тарту электр қозғалтқышымен қозғалысқа келеді,тарту электр қозғалтқышы басты генератордан ток көзімен қоректенеді.Электр қозғалтқыштар алты параллель тізбекпен байланысқан,осының нәтижесінде ол үлкен тарту күшін шығарады.Тепловоз қозғалғанда,орнынан тайған кезде және электр қозғалтқыштың біреуі сөнген жағдайда ток көзін шығарады.
Күштік тізбекте төмендетілген кернеу қабылданған,ол 750вт тан көтерілмейді соның арқасында электр қозғалтқыштармен генераторды коммутация жақсарады.
Тепловоздың қозғалыс кезінде электрлік сызбаның жұмысы.Тепловозды басқару автоматын қосқан кезде және машинист бақылаушысының тұтқасын бірінші және келесі қалыпқа қою кезінде мынадай тізбектерді қоректендіру қамтамасыз етіледі.А реверсордың катушкасының екеуінің біреуі машинист бақылаушысының тұтқасының орналасуына байланысты;
Б уақыт релесінің катушкасы жұмыс жасап контактордағы электр пневматикалық винтердің катушкасындағы тізбекті қоректендіру мақсатында құрылады.
Тепловозды қозғалысқа келтіру үшін машинист бақылаушысында орналасқан реверсивті тұтқаны алдыға немесе артқа қойып тепловозды басқару ажыратқышын қосу.1 позицияда машинист бақылаушысынң тұтқасында мынадай процестер жүреді:тарту электр қозғалтқыштары генератордан ток алады.
Реверсивтік тұтқаның қалыбына байланысты: алдыға немесе артқа реверсордың қалыбына байланысты электорпневматикалық винтельдің катушкасы қосылады. Бұл винтель реверсордың айналмасына қысылған ауаның
Тепловозды басқару жүйесі
Локомотив жұмыс істеу кезінде оның агрегаттары әр түрлі режимде жұмыс жасауды қажет етеді.
Тепловозда басқару жүйесі дистанционды түрде, онда күштік тізбекті ажыратып қосу контактормен және басқа да аппараттармен жүргізіледі, олар машинист басқаратын бөлікте орналасқан контролермен басқарылады. Күштік тізбекке жалғанған барлық электрлі аппараттар екі бөлікттен тұрады: жоғарғы және төменгі вольтты. Олар машинист бақылаушысымен байланысқан.
Штурвалдың тұтқасын бұру арқылы төменгі вольтты тізбекті ажыратып қосу процесі жүргізіледі. Онда контактордың жоғарғы вольтты бөлігі қосылып сөнеді немесе аппаратты керекті қалыпқа (положение) орналастырады. Контактордың қосылу ажыратылу тізбегі арнайы қондырғылардың көмегімен жүжеге асады. Дистанционды басқару бірнеше тепловозда аппараттары мен контакторларын бір жүйемен орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Сол себепті тепловоздың басқару тізбегін өзара паралель жалғайды. Мұндай басқаруды көп жүйелі бірліктерді басқару (управление по системе многих единиц) деп атаймыз.
Тепловозда дистанционды басқару кеңінен қолданылады, олар қолмен және автоматты түрде болады. Әдетте қуаттылықты келтіру ғана автоматты түрде болады. Ал тепловоздың жылдамдығын арттыру қол түрінде дистанционды түрде бірнеше қосылу жағдайын қарастырып, машинист бақылаушысын қолдану арқылы жүзеге асады.
Қазіргі қолданылып жүрген тепловоздарда генератордың қуаттылығын келтіру автоматты түрде жүргізіледі. Онда ТЭҚ-н қосу бір байланыстан екінші байланысқа ауысуы және электр қозғалтқыштарын қоздыруын өзгерту жұмыстары жасалады.
Электрлік сызба дегеніміз электрлі машиналардың, электрлі аппараттардың және олардың бір – бірімен байланысын қарастыратын графикалық таңба деп атаймыз. Электрлік сызба мемлекеттік стандарт бойынша құрылымдық қызметтік принципалдық қосылғыш жалпы және орналастырғыш болады.
Құрылымдық сызбалар электрлі берілісі бар тепловозды жалпы таныстыру үшін қолжданылады. Онда негізгі электрлі машиналар мен аппараттар шартты графикалық түрде таңбалайды немесе тіктөртбұрышты пайдаланып, өзара негізгі байланысты көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |