Электрмонтаж жұмыстарын ұйымдастыру


Электр тартымдарды пайдалануға қабылдау



бет2/2
Дата25.05.2022
өлшемі34.23 Kb.
#458620
1   2
ЭЛЕКТРМОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.6 Электр тартымдарды пайдалануға қабылдау.
Барлық электр монтаждау жұмыстары біткеннен кейін, олардың сапасын жұмыс комиссиясы тексереді. Жұмыстардың сапасы мен дұрыс орындалуын тапсырма берушінің техникалық қадағалаушысы, бас мердегерліктің және жобалау мекемесінің уәкілі, электр монтаждау мекемесінің инженерлік-техникалық қызметкерлері (ИТК) бақылайды. Жабық жүргізілетін жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды байқау және қабылдау үшін тапсырма берушіге ұсынылады. Бақылау кезінде біріншіден, орындалған жұмыстардың жобалық, құжаттарға, «Құрылыстық мөлшелері мен ережелерінің» және «Электр қондырғыларын құру ережелерінің» талаптарына сәйкестігі анықталады.

Тексеру кезінде мыналар анықталады:


1. электр тартым жоларнасының дұрыс таңдап алынғандығы, тартым түрінің эстетикалық талапқа сәйкестігі:
2. арқан сымдық электр тартымның анкерлерінің, тіректік құралмалардың, түтіктердің, сымдардың және т. б. бөлшектердің бекітілуінің сенімділігі:
3. электр тартымның қабырғалар мен жабындардан өткен жерлерін бітеудің сапасы:
4. сымдар мен арқан сымдардың иілу биіктігі:
5. сымдардың, кабельдердің, түтіктердің иілу бұрыштары:
6. электр тартымды жүргізуге және бекітуге арналған нормалық мөлшерлердің сақталуы:
7. электр жабдықтары тұрқысы мен электр тартым металл бөлшектерін нөлдік сыммен қосатын сымның барлығы және көлденең қимасының ауданы:
8. электр тартымның электрлік изоляциясының жағдайы және нөлдік сыммен қосу тізбегінің үзіліссіздігі:
9. жабдықтарда, қалқандарда, жәшіктерде және т. б. құрылғыларда қажетті жазулардың барлығы.
Осылармен қатар, ішін ара пісірумен жалғанған жерлердің сенімділігін, сымдар санын, маркасын және көлденең қимасының ауданын, сымдардың қорапшаларда жалғанылуын және электр жабдықтарына қосылуын, сымдар мен кабельдердің таңбаланылуын тексереді.
Тексеруден кейін электр тартым монтаждалған электр жабдықтарымен бірге тапсырма берушіге тапсырылады. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның электр қондырғыларын пайдалануға тапсыру үшін, техникалық құжаттар дайындалады. Олар тапсырма берушіге және Мемлекеттік энергетикалық қадағалаушыға ұсынады.
Тапсыру-қабылдау құжаттары құрамында мына құжаттық материалдар болуы керек:
1. электр қондырғыларының техникалық жобасы;
2. қондырғыларды электр торабына қосуға техникалық шарт берген мекемемен жоба туралы келісімдік құжат;
3. қондырғыларды электр торабына қосуға рұқсат беретін техникалық шарт;
4. егер техникалық шарт алғаннан кейін бір жылдан артық уақыт өтсе, қондырғыларды электр жүйесінен қосуға қосымша рұқсаттық құжат алынады;
5. жобалық мекемемен келісілген жобаға енгізілген өзгерістер тізімі;
6. жұмыстық жобаның құжаттары;
7. жұмыс сызбалары мен схемалары, электр жабдықтарының паспорттары;
8. электр жабдықтарын дайындайтын зауыта өткізілген оларды сынау нәтижесі туралы протокол, жабдықтардың техникалық мәліметтері және оларды монтаждау және эксплуатациялау туралы нұсқаулар;
9. өртке қарсы сақтық және басқа қауіпсіздік құралдар тізімі;
10. жоба бойынша бітпеген жұмыстар тізімі;
11. монтаждау мекемесінің электр қондырғыларын эксплуатациялауға қабылдағаны туралы кәсіпорын комиссиясының актысы.
Кернеуі 1000 В-ке дейін өндірістік электр қондырғыларын пайдалануға тапсыруда қосымша мына дайындалады:
1. күштік және жарықтандырулық тораптарының атқару жоспары;
2. тораптардың есептік атқару схемасы;
3. жермен қосу құрылғыларының атқару схемасы;
4. электр жабдықтары мен тартымдары изоляциясының кедергісін өлшеу протоколы;
5. электр тартымдарын жүргізуге және сымдарды жалғаудағы жабық орындалған жұмыстар туралы акт;
6. коммутациялық аппараттарды, қалқандар мен жәшіктердегі шиналар түйістерінің тығыздығын тексеру нәтижесі бойынша жазылған акт;
7. жарықтандырулық торабындағы ажыратқыштардың жұмыс істеуін, патрондар мен сақтандырғыштардың дұрыс қосылғандығын анықтау актысы;
8. электрлік жарықтандыру қондырғыларымен жарықтандырудың нормативтік мәнге сәйкестігін тексеру протоколы, сондай-ақ пайдалануға тапсырылатын қондырғылардың құрамына орай басқа құжаттар.
Дайындалған және қол қойылған барлық құжаттар жұмыс комиссиясына тапсырылады. Содан кейін электр қондырғыларын қабылдау және тапсырма берушіге өткізу актасы жазылады. тартылымдар. Электр тартылымдарының түрлері, оларды қолдану аумақтары және жүргізу тәсілдері. Электр тартылымдарды монтаждау тәртібі. Электр тартылымдарға монтаждауына қойылытын талаптар. Жабық және ашық электр тартылымдарын монтадау. Түтік ішінде, арқан сымда жүргізілетін тартылымдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет