Электромагниттік толқындар



бет6/8
Дата07.02.2024
өлшемі352.81 Kb.
#491218
1   2   3   4   5   6   7   8
Электромагниттік толқындар

Тәжірибелер

  • Инфрақызыл сәуленің анықталғанынан кейін, неміс физигі Иоганн Вильгельм Риттер спектрдің қарсысындағы, күлгін түстен толқын ұзындығы қысқа сәулені зерттеуді бастады. 1801 жылы көрінбейтін ол жарықта ыдырайтын күміс хлориді күлгін ауданның шекарасынан тыста орналасқан көрінбейтін сәуле әсерінен тезірек ыдырайтынын байқады. Күміс хлориді жарықта бірнеше минут ішінде күңгірттенеді, ал спектрдің әр бөлігі процесс жылдамдығына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Күлгін түске дейінгі ауданда бұл процесс ең тез байқалады. Сол кезде көпртеген ғалымсдар жарық үш компоненттен құралады деген тұжырымға келді: тотықтандыратын(инфрақызыл), жарықтандыратын (көрінетін жарық) және тотықсыздандыратын (ультракүлгін).

Рентген сәулесі

  • Рентген сәулесі — гамма және ультракүлгін сәулелер арасындағы диапазонды қамтитын электрмагниттік толқындар. Толқын ұз. 2 ангстремнен кіші Рентген сәулесі шартты түрде қатаң, 2 ангстремнен үлкен Рентген сәулесі жұмсақ Рентген сәулесі деп аталады. Рентген сәулесін 1895 ж. неміс физигі В.К. Рентген ашқан. Ол 1895 — 97 ж. Рентген сәулесінің қасиеттерін зерттей отырып, алғашқы рентген түтігін жасады. 1912 ж. Рентген сәулесінің дифракциясы ашылып, кристалдардың құрылымы периодты болатыны дәлелденді. 20 ғ-дың 20-жылдары рентгендік спектрлер материалдарға элементтік талдау жасауға, 30-жылдары заттың электрондық энергетик. құрылымын зерттеуге қолданыла бастады.

Рентген сәулесі түзілу механизміне байланысты үздіксіз және сызықтық болады.

  • Үздіксіз Рентген сәулесі зарядталған шапшаң бөлшектердің (мыс., катодтан ұшып шыққан электрондар) нысана атомдарының сыртқы электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады
  • Сызықтық Рентген сәулесі — ішкі электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады.
  • Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі кезінде Рентген сәулесі жұтылады, шашырайды немесе фотоэффект құбылысы байқалады.

Гамма-сәулелер

  • Гамма-сәулелер(ү-сәулелер) — табиғи және жасанды радиоактивті элементтер ядросынан ұшқындайтын қысқа толқынды электрмагнитті сәулелер.
  • Гамма-сәулелену (гамма-сәулелер, γ-сәулелер) - өте қысқа толқын ұзындығы - 2-10-10 м-нен аз, нәтижесінде айқын корпускулярлық және әлсіз толқындық қасиеттерімен сипатталатын электромагниттік сәулеленудің түрі.
  • Бұл иондаушы сәуле, яғни радиацияға жатады. Затпен өзара әрекеттесуі әртүрлі белгілердегі иондардың пайда болуына әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет