«Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2012 жыл 5 маусым № 292-297 (27371); "Казахстанская правда" от 05.06.2012 г. № 169-170 (26988-26989); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, № 678-құжат
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 216-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 623 қаулысымен
бекітілген
Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу
қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04. № 353 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ґткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Қағидалар мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртіптеріне, сондай-ақ Заңда кґзделген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу (бұдан әрі – тіркелу) – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
4) веб-порталға қатысушы – (бұдан әрі – қатысушы) – тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тіркеуден ґткен әлеуетті ґнім беруші;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – қатысушының лауазымды адамы не қатысушының ґкілі;
6) веб-порталға қатысу – мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшін қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы;
7) жеке кабинет – пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
8) электрондық құжат – ґзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) шартты жеңілдік – Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық конкурстық құжаттамада айтылған ґлшемдердің негізінде конкурстық комиссия ұсынатын әлеуетті ґнім берушінің конкурстық баға ұсынысын шартты азайтудың пайыздық мәні;
10) құжаттың электрондық кґшірмесі – ґтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға ґкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік кґрсетілетін қызметтерді алушының ґзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет кґрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен кґрсететiн құжат;
11) веб-порталдағы уәкілетті ґкіл – веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталдағы барлық іс-қимылдарды орындауға, оның ішінде құжаттардың электрондық кґшірмелерін растауға құқықтар берілген;
12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының ґзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
13) электрондық шарт – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және веб-порталда жасалатын электрондық цифрлық нысандағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт;
14) веб-порталды пайдалану – мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуда қатысу, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған ақпаратты алу мақсатында Қатысушылар мен Пайдаланушылар веб-порталда орындайтын іс-қимыл.
2. Конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион және бір кґзден алу тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алу осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
3. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану, сондай-ақ техникалық кідірістер туындаған жағдайдағы оның жұмысы уәкілетті орган белгілеген тәртіптеп жүзеге асырылады.
2. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды,
кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды
жүргізу тәртібі
Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды,
кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушының немесе онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс
берушінің ұйымдастыруы және жүргізуі
4. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының немесе онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің ұйымдастыруы және жүргізуі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды кґздейді:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші етіп ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын мемлекеттік сатып алуда соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындау;
2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің веб-портал арқылы веб-порталдың қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жіберуі;
3) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
4) конкурстық құжаттаманы веб-порталда қалыптастыру және бекіту;
5) қажет болғанда ұйымдастырушы сараптау комиссия тобының құрамын құруы не сарапшыны айқындауы және тапсырыс берушінің бекітуі;
6) тапсырыс берушінің веб-порталда конкурстық комиссияны бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
7) ұйымдастырушының веб-порталда конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыруы және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
8) электрондық конкурс (бұдан әрі – конкурс) жүргізілетіні туралы веб-порталда хабарландыру жариялау;
9) веб-порталға қатысушы - әлеуетті ґнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей отырып, конкурстық құжаттаманы алуы;
10) осы Қағидалардың 49 және 50-тармақтарында кґзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті ґнім берушілерге оның ережелерін веб-портал арқылы түсіндіру;
11) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін конкурсқа қатысуға ґтінімдерді автоматты түрде тіркеу;
12) ґтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
13) біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілерді айқындау үшін конкурсқа қатысуға арналған ґтінімдерді конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;
14) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті ґнім берушілер тізбесін олардың сай келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты не әлеуетті ґнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған ґтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келтіруге арналған мәліметтерді кґрсете отырып айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат берудің тиісті хаттамасында жүзеге асырылады;
15) әлеуетті ґнім берушілердің электрондық құжат нысанында берген, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірген конкурсқа қатысуға арналған ґтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
16) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктер мґлшерін айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады;
17) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға әлеуетті ґнім берушілердің берген ґтінімдерінде тауарлар, кґрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктер) сарапшы не сараптау комиссиясының (оларды тартқан жағдайда) пікірін ескере отырып айқындауы. Бұл айқындаудың нәтижелерін жариялау конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы тисті хаттамада жүзеге асырылады;
18) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
19) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды айқындау;
20) қорытындылар хаттамасын веб-порталда автоматты түрде жариялау;
21) ұйымдастырушы жүргізген конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Осы тармақтың 14) және 15) тармақшаларында кґзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті ґнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 17) тармақшасында кґзделген іс-шара тауарлар, кґрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.
5. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жґніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бґле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыра және ґткізе алады.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жґніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді жеткізіп беру (орындау, кґрсету) орны бойынша лоттарға бґледі.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін мемлекеттік сатып алу жґніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, кґрсетілетін жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізіп беру (орындау, кґрсету) орны бойынша лоттарға бґледі.
Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бґлуге міндетті.
Бірыңғай ұйымдастырушының конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын
тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді электрондық
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және жүргізуі
6. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қол қойған, тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуға арналған ґтінімін;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен техникалық ерекшелікті. Қазақстан Республикасының заңнамасында кґзделген жағдайларда, техникалық ерекшелік тиісті уәкілетті органмен келісілуі тиіс;
3) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен сараптау комиссиясы құрамын немесе сарапшыны айқындау туралы шешімді;
4) конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бґлігі болып табылатын, тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекіткен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын қамтитын тапсырманы ұсынуы негізінде жүзеге асырады.
7. Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға міндетті түрде бґлу туралы ақпаратты қамтитын тапсырманы жолдайды.
8. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу веб-порталда мынадай дәйекті кезеңдерді орындауды кґздейді:
1) бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерекшелікті, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны қамтитын конкурстық құжаттаманы бекітуі және оны веб-портал арқылы қалыптастыруы;
2) бірыңғай ұйымдастырушының веб-портал арқылы веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыруы және бекітуі және конкурстық комиссияның хатшысын айқындауы;
3) веб-порталда конкурс ґткізу туралы хабарландыру жариялау;
4) веб-порталға қатысушы - әлеуетті ґнім берушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты түрде тіркей отырып, конкурстық құжаттаманы алуы;
5) осы Қағидалардың 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтарында кґзделген жағдайларда, бірыңғай ұйымдастырушының веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті ґнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі;
6) веб-порталда электрондық құжат нысанында берілетін конкурсқа қатысуға ґтінімдерді автоматты түрде тіркеу;
7) ґтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
8) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға ґтінімдерді және шартты жеңілдіктер мґлшерін қарауы;
9) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келмейтін әлеуетті ґнім берушілер тізбесін олардың сай келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар туралы ақпаратты немесе әлеуетті ґнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған ґтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай келтіруге арналған мәліметтерді кґрсете отырып айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат берудің тиісті хаттамасында жүзеге асырылады;
10) әлеуетті ґнім берушілердің электрондық құжат нысанында берген, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірген конкурсқа қатысуға арналған ґтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
11) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушілердің тізбесін және шартты жеңілдік мґлшерін айқындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау веб-порталда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады;
12) конкурсқа қатысуға әлеуетті ґнім берушілердің берген ґтінімдерінде тауарлар, қызметтердің ең үздік техникалық ерекшелігі (үздік техникалық ерекшеліктер) болған кезде сарапшы немесе сараптау комиссиясының пікірін ескере отырып конкурстық комиссиямен анықтау. Бұл айқындаудың нәтижелерін жариялау конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада жүзеге асырылады;
13) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
14) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңімпазды анықтау;
15) қорытындылар хаттамасын веб-порталда автоматты түрде жариялау;
16) конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші мен конкурстың жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларында кґзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті ґнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 12) тармақшасында кґзделген іс-шара тауарлар, кґрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда жүзеге асырылады.
9. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жґніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде бірыңғай ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға бґле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыра және ґткізе алады.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жґніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді жеткізіп беру (орындау, кґрсету) орны бойынша лоттарға бґледі.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін мемлекеттік сатып алу жґніндегі конкурсты жүзеге асырған кезде бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) жеткізіп беру (орындау, кґрсету) орны бойынша лоттарға бґледі.
Ұйымдастырушы немесе онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс
беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырған және жүргізген жағдайда, конкурстық құжаттаманы
веб-портал арқылы қалыптастыру және бекіту
10. Ұйымдастырушы конкурсты ґткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
11. Ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекітеді.
Бірыңғай ұйымдастырушы конкурс тәсілімен электрондық
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және жүргізген жағдайда,
веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және
бекіту
РҚАО-ның ескертпесі!
12-тармақ алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ґткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2015 дейін ҚР Үкіметінің 14.04.2014 № 353 қаулысына сәйкес қолданыста болады.
12. Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындаған ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушілердің бірінші басшылары не тапсырыс берушілердің бірінші басшыларының міндетін атқаратын адамдар бекітеді.
13. Конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті ґнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
14. Бірыңғай ұйымдастырушы конкурсты ґткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады.
15. Бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысының міндетін атқаратын адам бекітеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
15-тармақтың екінші бґлігі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ґткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2015 дейін ҚР Үкіметінің 14.04.2014 № 353 қаулысына сәйкес қолданыста болады.
Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындаған ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттама осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес бекітіледі.
16. Бірыңғай ұйымдастырушы әірлеген және бекіткен конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында кґзделген жағдайларда тапсырыс беруші тиісті уәкілетті органмен келіскен техникалық ерекшелікті;
2) осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен конкурсқа қатысуға арналған ґтінімде әлеуетті ґнім берушілер ұсынған тауарлардың, кґрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін сараптау комиссиясы немесе сарапшыны;
3) осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші бекіткен, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бґлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын қамтуы қажет.
Ұйымдастырушы мен онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс беруші
конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырған және жүргізген жағдайда конкурстық комиссияның
құрамын, сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту
17. Конкурс ґткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрып, бекітеді және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімге ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге лауазымды адам не ұйымдастырушының бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қол қояды.
Егер тапсырыс берушінің ґзі тікелей немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу рәсімдерін орындауға жауапты ґзінің құрылымдық бґлімшесі атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімге ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге лауазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқаратын адам қол қояды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы, ал егер ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушінің ґзі тікелей, не ґзінің құрылымдық бґлімшесі атынан әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші қажеттілігіне қарай конкурстық комиссияның құрамына тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оның веб-порталда тіркелген қызметкерлерінің қатарынан оның ґкілдерін енгізе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін ұйымдастырушы, ал егер ұйымдастырушы ретінде тапсырыс берушінің ґзі тікелей, не ґзінің құрылымдық бґлімшесі атынан әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде қажеттілігіне қарай сараптау комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.
18. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның тґрағасы, тґрағасының орынбасары және басқа да мүшелері болып табылады. Тґраға болмаған уақытта оның функцияларын тґрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
Егер тапсырыс берушінің ґзі тікелей ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда бірінші басшының орынбасарынан тґмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның тґрағасы болып айқындалады.
Егер тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу рәсімін орындауға жауапты құрылымдық бґлімшесінің атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда, тапсырыс берушінің осы құрылымдық бґлімшесінің бірінші басшысынан тґмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның тґрағасы болып айқындалады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын кґздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізілген кезде, конкурстық комиссияның тґрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын кґздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс жүргізген кезінде конкурстық комиссияның тґрағасы болып Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі айқындалады.
19. Конкурстық комиссияның тґрағасы:
1) конкурстық комиссияның қызметіне басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда кґзделген ґзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап ґз қызметін тоқтатады.
21. Конкурстық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кґпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның тґрағасы немесе ол болмаған жағдайда тґрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол құжаттың электрондық кґшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
22. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және ґткізуге жауапты құрылымдық бґлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастырады;
2) веб-порталда конкурс ґткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысу ґтінімдерін ашу хаттамасын, бар болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда кґзделген ґзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Ұйымдастырушы не онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс беруші жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыру және жүргізу кезінде Заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бґлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке әлеуетті ґнім берушілер ұсынған жұмыстардың сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітуге құқылы.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде, онда конкурстық құжаттама конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бґлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан тұрады, сараптау комиссиясы не сарапшы бекітілмейді.
24. Ұйымдастырушы не онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс беруші жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыру және жүргізу кезінде Заңның 25-1-бабының 2-тармағына сәйкес сараптау комиссиясын не сарапшыны бекітуге құқылы.
25. Сараптау комиссиясын құру туралы шешімге ұйымдастырушының не онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге лауазымды адам не ұйымдастырушының не онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
26. Сараптау комиссиясының мүшелері тґраға, тґрағаның орынбасары және сараптау комиссиясының басқа да мүшелері болып табылады. Тґраға болмаған уақытта оның функцияларын тґрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссиясының жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
27. Конкурстық комиссия сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада кґзделген талаптар шегінде құрылған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссиясының мүшелері не сарапшы қол қояды, сараптау комиссиясын құрмай-ақ сарапшыны айқындалған жағдайда ол конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған құжаттың электрондық кґшірмесі нысанында веб-порталдағы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
28. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті ґнім берушілер ұсынған жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Сараптау комиссиясының әлеуетті ґнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне айқындауы ашық дауыс берумен жүзеге асырылады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кґпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының тґрағасы немесе ол болмаған жағдайда тґрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық кґшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
Конкурстық құжаттамасы конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бґлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан тұратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде, әлеуетті ґнім берушілер ұсынған жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды берілмейді.
29. Тауарларды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырған және жүргізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті ґнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған ґтінімде ұсынған тауарлардың, кґрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқықтары болмайды.
Сараптау комиссиясының әлеуетті ґнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған ґтінімде ұсынған тауарлардың, кґрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындауы ашық дауыс берумен қабылданады және егер сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кґпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау комиссиясының тґрағасы немесе ол болмаған жағдайда тґрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Сараптау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда осы сараптау комиссиясының кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және құжаттың электрондық кґшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады.
Тиісті сараптамалық қорытындыда сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда жариялайды.
30. Конкурс жүргізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сараптау комиссиясы не сарапшы бекітілген конкурстық құжаттамамен және олардың қосымшаларымен танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |