«Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»


Аукционды ґтпеді деп тану негіздері



бет6/15
Дата20.06.2016
өлшемі1.24 Mb.
#149650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Аукционды ґтпеді деп тану негіздері

      268. Аукцион:


      1) егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға екеуден аз ґтінім берілген жағдайда;
      2) Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында кґзделген жағдайларда;
      3) аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс беруші Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында кґзделген құқықты пайдаланбаған жағдайларда;
      4) Заңның 35-8-бабының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға үміткермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалмаған жағдайда ґтпеді деп танылады.

6. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның)
мемлекеттік сатып алуға қатысудың ерекше шарттары

      269. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциум) электрондық мемлекеььік сатып алуға қатысу жағдайында, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар, ґз біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларымен белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттардың электрондық кґшірмелерін, немесе электрондық құжаттарды:


      1) заңды тұлалардың мүшелері арасында жасалған бірлесе шаруашылық қызмет туралы шартты (консорциялық келісім );
      2) бірлесе шаруашылық қызметі туралы шартымен белгіленген тауарларды ұсынуға, жұмыстарды атқаруға, қызмет кґрсетуге құқығын беру лицензиясын ұсынуы тиіс.
      Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерін есептеу консорциялық келісімді жасаған сәттен бастап қолданылады.

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт

Тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

      270. Тапсырыс беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасаудың екі мынадай нысанының бірін таңдайды:


      1) қағаз тасығышта;
      2) электрондық шарт нысанында.
      271. Мемлекеттеік сатып алу туралы шартты қағаз құжатында жасаған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларына сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын ґнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті ґкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті ґкілі әр парағына қол қояды.
      272. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн бойы веб-портал арқылы электрондық шартты рәсімдеу үшін ґнім берушінің деректемелерін және шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді жібереді.
      Ґнім беруші веб-порталда тиісті сұранысты алған сәттен үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және ґнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.
      Егер ґнім беруші шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және ґнімді жеткізушінің шартты жасаудан бас тартатын тұлға шарт жасаудан бас тартқан болып танылады.
      Тапсырыс беруші шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және ґнім берушінің деректемелерін растаған күннен бастап бір күннен кейін веб-портал арқылы осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған электрондық шарттың жобасын құрайды, электрондық сандық қол қояды және ґнім берушіге қол қоюға жібереді.
      Ґнім беруші электрондық шартқа веб-портал арқылы, Заңда белгіленген мерзімде электрондық сандық қол қояды.
      273. Ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
      274. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша ґз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
      275. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мґлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс тґленуі кґзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мґлшерінде белгілейді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс тґленуі кґзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мґлшерде белгілейді, ол кемінде үш пайыз болуы тиіс.
      276. Ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында кґзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнан;
      2) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдауышта банк кепілдігін таңдауға құқылы.
      277. Ґнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бґлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
      278. Тапсырыс берушінің ґнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда кґзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
      279. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта кґрсетілген мерзімде немесе ґнім беруші шарт бойынша ґз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ґнім берушіге қайтарады.
      Ґнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда тапсырыс беруші, тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кірісіне тұрақсыздық тґлемін тґлеу фактісін орнатқан күнінен бес жұмыс күн ішінде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың енгізілген қамтамасыз етуін қайтарады.
      280. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді ґнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
      281. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жґніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін ґз конкурстық ґтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына СТ-КZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.
      282. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді тґлеу шарттарын қамтуы тиіс.
      283. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шартта жеңімпаз болып табылған ґнім берушінің баға ұсыныстарын берген конкурстық комиссиямен анықталған үздік техникалық ерекшелік қамтылуы тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы

      284. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.


      285. Тапсырыс беруші мен ґнім беруші кґрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт орындалды деп есептеледі.

Электрондық мемлекеттік сатып


алуды жүргізу қағидаларына
1-қосымша       

Бекітемін:

_____________________________________________________________________
      (тапсырыс берушінің (бірыңғай ұйымдастырушының толық атауы)
_____________________________________________________________________
      (конкурстық құжаттаманы бекіткен адамның Т.А.Ә.кґрсетіледі)

№ шешім _________________ Күні ______ Уақыты ______



КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ

_____________________________________________________________________


            (сатып алу мәнінің түрі кґрсетіледі)
_____________________________________________________________________
        (электрондық конкурстың атауы кґрсетіледі)

Тапсырыс берушi _____________________________________________________


                  (атауы, орналасқан жері, БСН, банктік деректемелері
                                 кґрсетіледі)
Тапсырыс берушінің ґкілi ____________________________________________
                          (аты-жґні, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail
                                        кґрсетіледі)

Ұйымдастырушы (бірыңғай


ұйымдастырушы) ______________________________________________________
                 (атауы, орналасқан жері, БСН, банктік деректемелері
                                    кґрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай
ұйымдастырушының) ґкілi _____________________________________________
                        (аты-жґні, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail
                                       кґрсетіледі)

Конкурстық комиссияның хатшысы ______________________________________


                              (аты-жґні, лауазымы, телефоны, е-mail
                                           кґрсетіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. Электрондық конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес ґнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында ґткізіледі.


      2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) мыналарды:
      1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес лоттардың тізбесін;
      2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес ұлттық стандарт немесе ол болған кезде Қазақстан Республикасының комммерциялық емес ґндіруші ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты кґрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы;
      жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасының орнына КҚ-ға жобалау-сметалық құжаттама қоса тіркеледі;
      3) осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға келісім;
      4) осы КҚ-ға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер кґрсету) үшін әлеуетті ґнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
      5) Заңның 17-бабының 4-тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет кґрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті критерийлердің тізбесін қамтиды;
      6) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшін бґлінген сома ______ теңгені құрайды.
      Осы конкурс үшін бґлінген сома лоттар бґлінісінде мынаны құрайды:

лот №

Тауардың (жұмыстың, кґрсетілетін қызметтің атауы)

Лот бойынша бґлінген сома (теңге)

{лот №}

{тауардың ____ жұмыстың __ кґрсетілетін қызметтің атауы}

{лот бойынша ____ бґлінген ___ сома}

      3. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті ґнім беруші конкурсқа қатысуға ґтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бґлінген соманың бір пайызы мґлшерінде конкурсқа қатысу ґтінімді қамтамасыз етуді тґменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:
      1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын ___________________________________________
                        (ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының)
                              банктік шотының толық деректемелері);
      2) осы КҚ-ға 7-қосымшаға сәйкесқағаз жеткізгіште банктік кепілдік.
      Электрондық конкурсқа қатысу ґтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға ґтінімнің ґзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

2. Ұйымдастырушының КҚ ережелерін әлеуетті ґнім беруші –
веб-портал қатысушыларына түсіндіруі

      4. Әлеуетті ґнім беруші – веб-портал қатысушысы ұйымдастырушыға КҚ ережелерінің түсініктемесін веб-портал арқылы электрондық сұрау салуды жолдау қажет болғанда сұратады (сұратуды қабылдау уақытының аяқталуы мен мерзімі кґрсетіледі).


      5. Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КҚ ереже түсініктемесінің мәтінін КҚ алған веб-портал қатысушы-әлеуетті ґнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталға жариялайды.
      6. Ұйымдастырушы ґзінің бастамасы немесе әлеуетті ґнім берушінің сұратымына жауап түрінде КҚ-ға ґзгерістер мен (я болмаса) толықтыруларды дер кезінде енгізеді (КҚ ґзгерістерінің соңғы мерзімі кґрсетіледі). КҚ ґзгерістері бекітілген КҚ тәртібімен ресімделінеді. Енгізілетін ґзгерістердің міндетті күші болады және КҚ ґзгерістері бекітілген күннен бастап, веб-порталға бір жұмыс күні ішінде КҚ алған веб-портал қатысушы-әлеуетті ґнім берушілер үшін автоматты түрде хабарлама жарияланады. Әлеуетті ґнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдідегі ґзгерістерді ескерген жағдайда электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі он бес күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.

3. Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді ресімдеуге қойылатын
талаптар мен әлеуетті ґнім берушілердің электрондық конкурсқа
қатысуға ґтінімді ұсынуы

Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінім

      7. Электрондық конкурсқа қатысу ґтінімі әлеуетті ґнім берушінің тауарлар жеткізуді осы КҚ-да кґзделген шарттар мен талаптарға сәйкес (жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді орындау) жүзеге асыру үшін электрондық конкурсқа қатысуға үмітті әлеуетті ґнім берушінің келісім беру нысаны болып табылады.


      8. Осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес, әлеуетті ґнім беруші электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі келісімді ґтінімді қалыптастыруға дейін қабылдайды.
      Электрондық конкурсқа қатысу туралы келісімде, техникалық ерекшеліктің орнына осы жобалау-сметалық құжаттаманы қамтитын КҚ электрондық конкурсқа қатысу кезінде әлеуетті ґнім берушінің жұмыстарды белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындауға келісетіні туралы шарт та кґзделеді.
      9. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті ґнім берушінің ұйымдастырушыға ұсынатын электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімінде:
      1) электрондық санды қолтаңба арқылы куәландырылған құжаттардың электрондық кґшірмесі немесе әлеуетті ґнім берушінің жалпы біліктілік талаптарын растайтын электрондық құжаттары:
      лицензиялар мен (немесе) патенттер, куәліктер, сертификаттар және әлеуетті ґнім берушінің тауарларды сатып алуды жүзеге асыру, жеткізу, қайта ґңдеу, ґндіру құқығын растайтын басқа да құжаттар;
      белгіленген тәртіп бойынша конкурсты хабарландыру мерзімінен бұрын мґр арқылы расталған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің кґшірмесі;
      тґлеу қабілеттілігін растайтын құжаттар:
      әлеуетті ґнім берушіге қызмет кґрсететін банк немесе банк филиалының алдындағы әлеуетті ґнім берушінің барлық міндеттемелер бойынша осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы арқылы бекітілген ипотекалық компаниялар мен екінші деңгейлі банк филиалдары немесе банк алдында анықтама алу мерзіміне дейінгі үш айға созылып, мерзімі ґткен қарызының жоқтығы туралы қол қойылып, мґр басылған анықтамасы (ал егер әлеуетті ґнім беруші бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банктің, шетел банкісінің клиенті болған жағдайда, әрқайсысынан осы анықтама ұсынылады). Анықтама конкурсты хабарлау мерзімінен бұрын берілуі керек;
      салықтық берешектері мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектері, әлеуметтік аударымдары мен міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешектері жоқтығы туралы (тґлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды қоспағанда) немесе салықтық берешектері мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектері, әлеуметтік аударымдары мен міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешектері бір теңгені құрайтындығы туралы сәйкес салық органдарының анықтамасы;
      Әлеуетті ґнім беруші ґзінің тґлеу қабілеттілігін Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттерін қағаз тасымалдауышында банк кепілдігі түріндегі келісімшартын орындауды қамтамасыз етуді ұсыну туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкес растайды. Әлеуетті ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт міндеттемелердің түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысудың түпкілікті ґтініміне дейін ұсынылатын, қағаз жеткізгіште банк кепілдігі түріндегі КҚ-да белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады.
      Әлеуетті ґнім беруші ґзінің және тартылатын (қосалқы мердігерлердің, бірлесіп орындаушы) жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін мынадай электрондық құжаттардың:
      а) халықаралық рейтинг ұйымының әлеуетті ґнім берушіге (қосалқы мердігерге, бірлесіп орындаушыға) берген рейтингісін растайтын құжаттың;
      б) қор биржасының әлеуетті ґнім берушіні (қосалқы мердігерлерді, бірлесіп орындаушы) биржаның ресми листингіне қосу туралы кґшірмесінің;
      2) әлеуетті ґнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың:
      осы КҚ-ға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес, мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтердің;
      осы КҚ-ға 9-қосымшаға сәйкес электрондық конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жґніндегі қосалқы мердігерлер (қызмет кґрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер мен әлеуетті ґнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің (құрылыс құнының) кґлемінің жиынтықтағанда үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруге тыйым салу шартының кґшірмесін ұсыну арқылы растайды.
      Егер әлеуетті ґнім беруші кґрсетілетін қызмет немесе жұмыстардың қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушы) тартуды қарастыратын жағдайда, онда әлеуетті ґнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық кґшірмесін ұсынады;
      3) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары, нормативтік-техникалық құжаттамасы арқылы бекітілген ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарды және тауар белгілерін, қызмет кґрсеті белгілері мен фирмалық атауын, фирмалық атауын, патенттерді, пайдалы үлгілер мен ґнеркәсіптік үлгілерін және тауардың шыққан жерінің атауы, ґндіруші атауы мен тауар, жұмыс, кґрсетілетін қызметтердің жеке әлеуетті ґнім берушіге тиістілігін анықтайтын басқа да сипаттамалары кґрсетілген сатып алатын тауарлардың, жұмыс, кґрсетілетін қызметтердің қызметтік, техникалық және пайдалану сипаттамасы бар техникалық ерекшелігі;
      4) электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді Заңда белгіленген түрде қамтамасыз ету:
      осы КҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште банк кепілдігінің түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін беріледі;
      ұйымдастырушының банк шотындағы кепілдендірілген ақша жарнасын растайтын тґлем құжатының электрондық кґшірмесі.
      Конкурстық ґтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық ґтінімдер ашылған күннен бастап ___________ күнтізбелік күнді құрауы тиіс.

Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді ресімдеу талаптары

      10. Әлеуетті ґнім беруші ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысу туралы ґтінімін электрондық құжат түрінде ұсынады.


      11. Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдегі электрондық құжат кґшірмелері анық әрі айқын болуы тиіс.
      12. Әлеуетті ґнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысу ґтінімімен қатар, электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімге қатысты құжаттар мен хат-хабардың барлығын осы КҚ жасалған тілде ұсынады. Ал егер басқа тілде жасалған жағдайда, оның нақты аудармасы тіркеледі (нотариалдық расталған).

Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді ұсыну тәртібі

      13. Әлеуетті ґнім беруші ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімін электрондық құжат үлгісіндегі веб-порталын пайдалана отырып ұсынады.


      14. Әлеуетті ґнім беруші ұсынатын электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінім автоматты түрде веб-порталға тіркеледі.
      15. Электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімді берген ґнім берушіге веб-портал арқылы автоматты түрде хабарлама жіберілген жағдайда ғана электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінім қабылданады.
      16. Мынадай жағжайларда әлеуетті ґнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімі қабылданбайды:
      1) егер осы әлеуетті ґнім беруші бұрын аталмыш электрондық конкурсқа қатысу жґнінде ґтінім білдірген жағдайда;
      2) веб-порталға электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімнің электрондық конкурсқа қатысу туралы ґтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінен кейін түскен жағдайында;
      3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында кґзделген шарттар.

Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді ґзгерту және
оларды кері қайтарып алу

      17. Әлеуетті ґнім беруші ґзінің электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімін веб-порталды пайдалана отырып кез келген уақытта электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға шейін, ґзінің электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан ґзгерте алады немесе оны қайтара алады.


      18. Электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімдерді электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдердіің түпкілікті мерзімдерінен кейін ґзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
      19. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімдердің әрекет ету мерзімдеріне дейін әлеуетті ґнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімдерінің әрекет ету мерзімдерін КҚ-да бекітілген он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты кезеңге ұзарту туралы сұратады. Әлеуетті ґнім беруші ґзінің электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімін қайтара отырып, оның әрекет ету мерзімін ұзартудан бас тартуға құқығы бар.
      20. Әлеуетті ґнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға байланысты барлық шығындарды ґтейді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия (сарапшы) электрондық конкурс қорытындысынан тыс шығындарды ґтеуге міндетті емес.

4. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа
қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашуы

      21. (Ґтінімдерді ашу уақыты мен мерзімі кґрсетіледі) веб-портал арқылы электрондық конкурсқа қатысу ґтінімдері автоматты түрде ашылады. Ал егер электрондық конкурсқа (лотқа) тек бір ғана электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінім беріәлген жағдайда да аталмыш электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінім де ашылады.


      22. Конкурстық комиссия хатшысы электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімдерді ашу хаттамасы ашылған күні веб-порталға жариялайды. Сонымен қатар, веб-портал конкурстық комиссия мүшелері мен веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті ґнім берушілерге хабарлама жібереді.

5. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысу
жґніндегі ґтінімдердің конкурстық құжаттама талаптарға
сәйкестігін қарастыру және әлеуетті ґнім берушілерге
электрондық конкурсқа қатысуына рұқсат беру

      23. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімдерді қарастыра отырып, КҚ талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес әлеуетті ґнім берушілерді анықтау және оларды элеткрондық конкурстың қатысушылары деп танылады.


      24. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қарастыру барысында ресімдейтіні:
      1) осы КҚ-ның 25-тармағында кґрсетілген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы.
      25. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес емес әлеуетті ґнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.
      26. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттарды:
      1) конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес емес әлеуетті ґнім берушілердің тізбесін;
      2) конкурсқа қатысуға ґтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру үшін веб-порталдың кґмегімен әлеуетті ґнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруі және ұсынуы қажет құжаттардың тізбесін;
      3) электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдердің конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында кґрсетілген ұсыныс мерзімін қамтуы тиіс.
      27. Конкурсқа қатысуға ґтінімдерді ашқан күннен бастап, он күн ішінде әлеуетті ґнім берушілердің конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қабылданады да, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні конкурстық комиссия хатшысы веб-порталға осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес автоматты түрде электрондық пошта арқылы тіркелген барлық әлеуетті ґнім берушілерге хабарлама жариялайды.
      28. Электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді қайта қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізімінде кґрсетілген әлеуетті ґнім берушілердің конкурсқа қатысуға ґтінімдердіің конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында кґрсетілген құжаттардың тізімі бойынша конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарымен толық сәйкестендіру мақсатында қарастырады;
      2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында кґрсетілген толық емес құжаттарды ұсынған және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті ґнім берушілерді анықтайды;
      3) әлеуетті ґнім берушілерден конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келген конкурсқа қатысуға ґтінімдерді, қарастыру, бағалау, салыстыру шараларын жеңілдететін ґтінімдерге байланысты түсініктемелер мен материалдарды жазбаша немесе электрондық құжат түрінде сұратады;
      4) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға ґтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында мемлекеттік органдардың тиісті заңды немесе жеке тұлғаларынан қажетті ақпараттарды жазбаша және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады.
      Конкурсқа қатысуға ґтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұратулар мен конкурстық комиссияның басқа да әрекеттері бағытталмайды.
      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға ґтінімдерді Конкурсқа қатысуға ґтінімді қажетті құжаттармен толықтыру, алмастыру, ресімделген құжаттарды конкурсқа қатысуға ґтінімді конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкестендіру мерзімі аяқталған соң түзету арқылы сәйкестендіру шаралары конкурстық құжаттама талаптарына қарай сәйкестендіру деп түсіндіріледі;
      5) конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес әлеуетті ґнім берушілерді анықтап, электрондық конкурстың қатысушысы деп танылады;
      6) тауарлар, қызметтер бойынша үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) анықтайды.
      Конкурстық комиссия олардың жойылу немесе банкроттық шараларына қатысы жоқтығын анықтау тұрғысында әлеуетті ґнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында жойылу немесе банкроттық шаралардың жүргізілуін бақылайтын уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпараттарды қарастырады.
      Конкурстық комиссия КҚ талаптарына жауапты тұлға ретінде электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімде грамматикалық және арифметикалық қателері болған жағдайда электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімінде ұсынылатын мәнін жоғалтпай түзетуді қарастырады.
      29. Конкурстық комиссия әлеуетті ґнім берушіні мынадай жағдайларда:
      1) әлеуетті ґнім беруші мен қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушы) жұмыс немесе кґрсетілетін қызметтердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты (құжаттарды) ұсынбаған жағдайда;
      2) әлеуетті ґнім беруші мен қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардағы ақпараттардың негізіндегі біліктілік талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда;
      3) біліктілік талаптары жґнінде дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
      Заңның 9-бабының 1-тармағында және осы Қағидалардың 92 және 93-тармақтарында кґзделмеген негіздер бойынша әлеуетті ґнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
      Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдіе соманың бір пайызы және одан кґп мґлшерде қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді осы КҚ талаптарына сәйкес деп таниды.
      30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайда конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған ґтінімнің қамтамасыз ету мерзімінің жеткіліксіздігі;
      2) конкурстық комиссияның анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің жоқтығы кґрсетілген ґтінімдердің тиімсіз ресімделуі:
      конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді берген тұлға;
      конкурсқа банктік кепілдік түрінде қатысу ґтінімін қамтамасыз ету үшін конкурс тәсілі арқылы жүзеге асатын жұмыс, кґрсетілетін қызметтердің, тауарлардың мемлекеттік сатып алу атауы;
      банктік кепілдік түрінде және (немесе) конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету сомасы ұсынылған ұсыныс шарттары мен конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етудің әрекет ету мерзімі;
      конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету берілген тұлға;
      конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізген тұлға;
      3) конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуге конкурсқа бґлінген соманың бір пайызынан кем емес мґлшерде енгізу.
      Конкурсқа қатысу жґніндегі ґтінімді қамтамасыз етуге ґтінімді конкурстың кейбір лоттарына ғана ұсыну кезіндегі лоттардан тұратын конкурсқа бґлінген жалпы соманы енгізуге болады.
      Басқа негіздемелер бойынша электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдіің КҚ талаптарына сәйкессіздігі танылмайды.
      31. Электрондық конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті ґнім беруші, егер:
      1) ґзі мен (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалған;
      2) ол Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
      3) оның конкурсқа қатысуға ґтінімі КҚ талаптарына сәйкес болмаған, оның ішінде ол КҚ мен Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған болса электрондық конкурсқа жіберілмейді (электрондық конкурстың қатысушысы деп танылмайды).
      32. Конкурстық комиссия шартты бағаны есептеу үшін электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған ґтінімдердің барлығын бағалайды және салыстырады және КҚ-да мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған шартты бағаны есептеу әдістемесі бойынша Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес КҚ-да айтылған критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәнін есептейді.
      Конкурстық комиссия, КҚ-да мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған шартты бағаны есептеу әдістемесі бойынша электрондық конкурсқа қатысуға ґтінімдердің барлығына тең мґлшерде, конкурста қатысуға бір конкурстық ґтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәнін қолданады.
      Егер әлеуетті ґнім беруші аталмыш ґлшемдерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті ґнім берушіге сәйкес шартты жеңілдіктерді қолданбайды.
      Шартты жеңілдіктерді алудың ґлшемдерін растайтын, құжаттарда кґзделген әлеуетті ґнім беруші ұсынған шарттары мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілетін болады.
      33. Сараптау комиссиясының не сарапшы конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қарастыру мерзімінен кешіктірмей, конкурстық комиссия Тґрағасы белгілеген мерзімде қарастыратыны:
      1) ґзінің құзыреті шегінде әлеуетті ґнім беруші ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың толықтығын тексереді;
      2) конкурстық құжаттаманың ажырамас бґлігі болып табылатын, әлеуетті ґнім берушілер ұсынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінің сәйкестігін немесе сәйкессіздігі туралы сараптамалық қорытындысын ресімдеп, қол қояды да, конкурстық комиссия хатшысына ұсынады;
      3) ґзінің құзыреттілігі шегінде, әлеуетті ґнім берушілердің таңдаулы техникалық ерекшеліктерін анықтау мақсатында ұсынатын құжаттардың толықтығын тауарлар мен кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу барысында зерттейді;
      4) таңдаулы техникалық ерекшелікті анықтау туралы сараптама қорытындысына қол қойып, ресімдейді де конкурстық комиссия хатшысына ұсынады.
      34. Конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат туралы шешім қабылданған күні конкурсқа қатысуға ґтінім берген барлық әлеуетті ґнім берушілердің электондық пошталары арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес веб-порталда жарияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет