Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
65. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім беруші (электрондық конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 10-қосымшасына сәйкес конкурстық баға ұсынысын веб-порталға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
66. Веб-портал конкурстық баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарлама жібергеннен кейін конкурстық баға ұсынысы қабылданған болып есептеледі.
67. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркеледі.
68. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болса;
2) ол осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түссе;
3) конкурс қатысушысы бұдан бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берсе;
4) конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 65-тармағында белгіленген мерзімнен кеш түссе веб-портал әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысын автоматты түрде кері қайтарады.
69. Электрондық конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні және уақытта веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалау мен салыстыруды жүргізеді:
осы Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтік баға есептеледі және электрондық конкурсқа қатысушының демпингтік болып табылатын баға ұсынысы қабылданбайды;
егер демпингтік бағасы бар конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін электрондық конкурсқа қатысушылардың екі және одан асатын конкурстық баға ұсыныстары электрондық конкурсқа қатысқан жағдайда, оларға электрондық конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген шартты жеңілдіктерді қолдану арқылы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары анықталады;
электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, неғұрлым аз шартты баға негізінде электрондық конкурс жеңімпазы анықталады;
конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде электрондық конкурс мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі мол отандық тауар өндіруші, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізуші жеңімпаз деп танылады. . 70. Электрондық конкурс қорытындысы туралы хаттама веб-порталда автоматты түрде тіркелген конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне және барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-портал осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды.
Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің демпингтік бағасын анықтау тәртібi
71. Егер әлеуетті өнім берушінің жұмыстарға арналған электрондық конкурсқа қатысу өтінімінің бағасы техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшін) және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сараптамадан немесе Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық сараптамадан өткен және белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда ол демпингтік болып танылады.
72. Егер әлеуетті өнім берушінің консультациялық қызметтерге арналған электрондық конкурсқа қатысу өтінімінің бағасы электрондық конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан жетпіс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.
Электрондық конкурсты өтпей қалды деп тануға негіздемелер
73. Электрондық конкурс мынадай жағдайларда:
1) электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер болмағанда;
2) электрондық конкурсқа қатысуға екіден кем өтінім берілгенде;
3) электрондық конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) электрондық конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе;
5) электрондық конкурсқа қатысушының бір ғана конкурстық баға ұсынысы қалса;
6) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, электрондық конкурс өтпеді деп танылады.
Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
Баға ұсыныстарына электрондық сұрау салуды өткізу туралы хабарлау
74. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда нысан бойынша баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен өткізілетін электрондық мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын жариялайды.
Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруi
75. Әрбір әлеуетті өнім беруші тек бір баға ұсынысын ғана береді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген елеулі талаптарды сақтай отырып, оның тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.
76. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысында тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстар кіреді.
77. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушының электрондық хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.
78. Баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушіге веб-портал тиісті хабарламаны автоматты түрде жібергеннен кейін баға ұсынысы қабылданды деп саналады.
79. Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын беру мерзімі біткенге дейін қажет болса берілген баға ұсынысын кері қайтарып алады және оларға өзгерістер енгізеді.
80. Мынадай жағдайларда:
1) егер осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса;
2) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы лотқа баға ұсынысын берсе;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдың әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысынан автоматты түрде бас тартуына жатады.
81. Егер баға ұсыныстарын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысы екеуден аз берілген болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өтпеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару
82. Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейін веб-портал баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргізеді.
83. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жеңімпазы деп ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші танылады.
84. Бірнеше әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысын берген жағдайда, өзінің баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Баға ұсыныстарын салыстыруды веб-портал автоматты түрде жүргізеді.
85. Егер осы Қағидалардың 80-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қайтарғаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысы екеуден аз қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
86. Баға ұсыныстарына сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шыққаннан кейін веб-портал оларды автоматты түрде жариялайды.
87. Баға ұсыныстарына сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың жарияланған қорытындыларында баға ұсыныстарына сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудағы жеңімпаз туралы, сондай-ақ жеңімпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші туралы не баға ұсынысы жеңімпаз ұсынған бағадан кейін ең төменгі баға болып табылатын әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер қамтылады.
Бір көзден алу тәртібімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу
88. Заңмен анықталған жағдайларда ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді, сондай-ақ шақыруды электрондық құжат түрінде веб-порталда орналастырады.
89. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші электрондық құжатты веб-порталға жіберу арқылы сұралған ақпаратты ұйымдастырушыға ұсынады.
90. Ұйымдастырушы сұралған ақпаратты әлеуетті өнім беруші ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады.
Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
91. Аукцион тәсілімен (бұдан әрі - аукцион) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу веб-порталда мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін анықтауы;
2) тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің веб-портал көмегімен веб-портал қатысушысы болып табылатын ұйымдастыруға шақыру жіберуі;
3) аукциондық құжаттаманы қалыптастыру, қажет болған кезде сараптау комиссиясының (сарапшыны) құрамын қалыптастыру және бекіту;
4) тапсырыс берушінің аукциондық құжаттаманы бекітуі;
5) аукциондық комиссияның құрамын қалыптастыру және веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық аукциондық хатшысын анықтау;
6) ұйымдастырушының веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарландыру жариялауы;
7) веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім берушілердің оны алу фактісін веб-порталда автоматты түрде тіркей отырып, аукциондық құжаттаманы алуы;
8) ұйымдастырушының, осы Қағидалардың 107 және 108-тармақтарында көзделген жағдайларда, оны алған әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманың ережелерін веб-портал көмегімен түсіндіруі;
9) электрондық құжат нысанында берілетін аукционға қатысу өтінімдердің бірінші және екінші бөліктерін веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
10) өтінімінің бірінші бөлігінде қамтылған мынадай құжаттардың: өтінімді қамтамасыз етудің; қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесінің құпиялылығын сақтамастан веб-портал арқылы ашу;
11) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай әлеуетті өнім берушілерді анықтау, ал тауарды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жағдайында оларды аукционға қатысушы деп тану үшін өтінімді қамтамасыз ету мен қағаз түріндегі сенімхаттың электрондық көшірмесін қарауы;
12) тауарды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, өтінімінің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерінің құпиялылығын сақтай отырып, веб-портал арқылы ашу;
13) аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану үшін аукциондық комиссияның тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қарауы;
14) рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру және жариялау;
15) аукцион өткізу;
16) аукциондық комиссияның құпиялылығын сақтай отырып, аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөлігін қарауы;
17) аукциондық комиссияның аукцион жеңімпазын және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді бекітуі;
18) қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және жариялау;
19) тапсырыс беруші мен жеңімпаз арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер аукционның мәні болып табылады.
Аукциондық құжаттаманы веб-порталда қалыптастыру және бекіту
92. Ұйымдастырушы аукционды өткізу талаптары мен тәртібін анықтау үшін веб-порталда аукциондық құжаттаманың электрондық нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырады және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушыны бір адам болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
93. Ұйымдастырушы қалыптастырған аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
Аукциондық комиссияның құрамын, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту
94. Аукционды өткізу рәсімін орындау үшін ұйымдастырушы әрбір аукционға аукциондық комиссия құрады және аукциондық комиссияның хатшысын анықтайды.
Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімге тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
Егер ұйымдастырушы тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің атынан тапсырыс берушінің өзі болған жағдайда, аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімге тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам, тапсырыс беруші не тапсырыс берушінің міндетін атқаратын адам қол қояды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қажет болған жағдайда ұйымдастырушы аукциондық комиссияның құрамына онымен келісе отырып, веб-порталда автоматты түрде тіркелгендер қызметкерлері арасынан тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізеді.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы әзірлеу кезінде қажет болғанда сараптау комиссиясын (сарапшы тартады) құрады.
95. Аукциондық комиссияның мүшелері төраға, төрағаның орынбасары және аукциондық комиссияның басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
Аукциондық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиіс. Егер ұйымдастырушы тапсырыс берушінің тікелей өзі болса, аукциондық комиссияның төрағасы етіп тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиіс. Егер ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің атынан тапсырыс берушінің өзі болса, аукциондық комиссияның төрағасы етіп тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиіс.
96. Аукциондық комиссияның төрағасы:
1) Аукциондық комиссияға басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
97. Аукциондық комиссия оның құрылғаны туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
98. Аукциондық комиссияның шешім веб-порталды пайдалана отырып, дауыс берумен қабылданады және ол үшін аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, ол үшін аукциондық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің айрықша пікірге құқығы болады, ол қағаз құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады. Аукциондық комиссияның тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
99. Аукциондық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін аукциондық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Аукциондық комиссияның хатшысы аукциондық комиссияның мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссияның шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие болмайды.
Аукциондық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізуге жауапты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғалары арасынан анықталады.
Аукциондық комиссияның хатшысы:
1) аукциондық құжаттаманы веб-порталда қалыптастырады;
2) веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарландыруды, аукционға қатысуға рұқсат берілгені туралы хаттаманы, аукционның өткізілу хаттамасын, аукционның қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ болған жағдайда басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
100. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ұйымдастырушыда тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда, ұйымдастырушы сарапшы ретінде өтемсіз негізде мемлекеттік қызметшілерді, ал өзге мамандарды ақылы, сол сияқты тараптардың уағдаластығы бойынша өтемсіз негізде де тарта алады.
Сарапшы ретінде қандай да бір адамды тарту үшін міндетті шарт оның қызмет бейінінің мемлекеттік сатып алу мәніне сәйкестігі болып табылады.
Сарапшыны ақылы негізде таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
101. Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылар арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан комиссияның жетекшісін анықтайды.
Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық қорытынды береді және аукциондық комиссияның шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие болмайды. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын аукциондық комиссия тек ол аукциондық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сарапшылардың (сараптау комиссиясы мүшелерінің) қолдары қойылады және ол аукциондық комиссияның хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қағаз құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда аукционға қатысуға рұқсат берілгені туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, мұндай сарапшы өзінің айрықша пікірін айтады, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
102. Аукционды өткізу басталғанға дейін аукциондық комиссияның мүшелері, аукциондық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген аукциондық құжаттамамен және оның қосымшаларымен танысуы тиіс.
Аукцион өткізілетіні туралы хабарлама
103. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдер табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын веб-порталда өткізілетін аукцион туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекітілген аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Егер аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспаса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда өткізілетін аукцион туралы хабарландырудың мәтінін әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдер табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жеті күн бұрын жариялайды.
Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы табыс ету
104. Электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап қалаған адамдардың барлығына веб-порталдан аукциондық құжаттаманы ақысыз алу мүмкіндігі беріледі.
105. Веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
106. Веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған сәтке дейін аукциондық құжаттаманы беруге жол берілмейді.
Аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
107. Веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуға, бірақ оны электрондық аукционда қатысуға өтінім берудің табыс етудің соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік алты күннен кешіктірмей жіберуге құқылы.
Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік бір күн ішінде аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.
108. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күн мерзімнен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуына жауап ретінде аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 92-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық құжаттамаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы - әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда нақтыланған аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Мұндай жағдайда аукционға қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы мерзімі кемінде жеті күнге ұзартылады.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің мазмұны мен оларды беру
109. Аукционға қатысуға өтінім электрондық құжат нысанында беріледі және аукционға қатысудан үміткер әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетуді) аукциондық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
110. Аукционға қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға табыс ететін аукционға қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрінде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада тізбеленген қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екі бөліктен тұрады.
111. Әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етілетін, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және/немесе мемлекеттік дерекқорға өтініш беру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды беруіне жол беріледі.
112. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға оларды электрондық құжат нысанында берудің соңғы мерзімі өткенге дейін береді.
113. Аукционға қатысуға берілген өтінім аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушінің тиісті хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жіберу сәтінде қабылданған болып есептеледі.
114. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға бір ғана өтінім береді.
115. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай:
1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы аукционға қатысуға өтінім берген;
2) аукционға қатысуға берілген өтінім аукционға қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады;
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі аукционға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын аукциондық өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз бес күн болуы тиіс.
116. Әлеуетті өнім берушілер берген аукционға қатысу өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
117. Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген аукционға қатысу өз өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта аукционға қатысу өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
118. Аукционға қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |