Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №623 Қаулысы


Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуi



бет6/8
Дата01.07.2016
өлшемі2.24 Mb.
#170493
1   2   3   4   5   6   7   8

Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуi

31. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер (электрондық конкурсқа қатысушылар) конкурстық баға ұсынысын (бұдан әрі - КБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес береді.

32. Отандық әлеуетті өнім берушілердің КБҰ теңгемен берілуге тиіс.

33. Ұлттық валютада берілмеген КБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына - КБҰ берілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейді. 34. КБҰ берген өнім берушіге веб-портал тиісті хабарламаны жібергеннен кейін КБҰ қабылданған болып есептеледі.

35. Веб-портал мынадай:

1) конкурс қатысушысы бір және тағы сол конкурсқа (лотқа) біреуден артық КБҰ берген;

2) электрондық конкурсты жүзеге асыруға бөлінген сомадан асып кеткен;

3) конкурстық баға ұсынысы рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап, үш жұмыс күнінен кешігіп түскен жағдайларда КБҰ-н қабылдаудан автоматты түрде кері қайтарады.

36. Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде, КБҰ-н ұсынудың соңғы мерзімі біткенге дейін КБҰ-ны кез келген уақытта өзгертеді немесе қайтарып алады.

Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

37. Әлеуетті өнім берушілер берген КБҰ туралы мәліметтер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.

38. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні мен уақыты веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың КБҰ-н бағалау және салыстыруды автоматты түрде жүргізеді:

Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтік баға есептеледі және конкурсқа қатысушының демпингтік болып табылған КБҰ қабылданбайды;

егер бағасы демпингтік болған КБҰ қабылданбағанынан кейін электрондық конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп КБҰ электрондық конкурсқа қатысатын болса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген шартты жеңілдіктерді электрондық конкурстың қабылданған КБҰ-на қатысты қолдану арқылы осы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы айқындалады;

электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде электрондық конкурстың жеңімпазы анықталады;

КБҰ-лардың шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің КБҰ-ларының шартты бағасы теңескен кезде электрондық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып танылады. Отандық тауар өндірушілердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушілерінің КБҰ-ның шартты бағасы теңескен және электрондық конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы тәжірибесі бірдей болған кезде жеңімпаз болып бұрын түскен КБҰ танылады.

39. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-портал автоматты түрде қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен веб-порталда тіркелген әлеуетті өнім берушілердің барлығын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, жариялайды.



Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

40. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай электрондық конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған электрондық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және электрондық конкурс жеңімпазы КҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

41. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырған;

2) электрондық конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің КБҰ-н белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алған;

3) электрондық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

4) электрондық конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.



Электрондық конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

42. Электрондық конкурстың жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық расталған көшірмелерін және электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою құқығын беретін сенімхаттың түпнұсқасын веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күннен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

43. Электрондық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

44. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.

45. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізіледі.

46. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.

47. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.

48. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

49. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

50. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

51. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

52. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оны бір қаржы жылынан артық мерзімге жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

53. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

54. Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілермен жасалған шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуы тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.

55. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, КҚ-да көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып танылады.

56. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс берушi

1) ол электрондық конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсынады әрі мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) қажет болған кезде, сотқа мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы талап-арызбен жүгінеді.



  • Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледi



  • Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледi

Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді мынадай әлеуетті өнім берушілер берді:



Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:



Аукциондық құжаттаманың

электрондық нысанына

2-қосымша




Сатып алынатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) техникалық ерекшелігi

Аукционның № _____________________________

Аукционның атауы __________________________

Осы техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамасын беруі тиіс және берілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттарды көрсетуі тиіс. Қажет болған кезде тиісті нормативтік-техникалық құжаттамаға сілтеме жасалуы тиіс.

Қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелікте:

1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін:

тауарларды/қызметтерді беру кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтерді (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрі сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргізілуі тиіс, тауардың шыққан жылын, кепілдік мерзімін көрсетеді;

2) жұмыстар үшін: сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергілікті ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесін беруі тиіс және объектіні пайдалануға беру кезінде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамын, аумақты инженерлік дайындау, өндіріс технологиясы мен жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жарақтандыру жөніндегі талаптарды көрсетуі тиіс.


Конкурстық құжаттаманың

электрондық нысанына

2-қосымша




Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)

Электрондық конкурстың № _______________________________

Электрондық конкурстың атауы ____________________________

Лоттың № ______________________________________________

Лоттың атауы ___________________________________________

Осы техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипатын және талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамасын беруі тиіс және берілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттарды көрсетуі тиіс. Қажет болған кезде тиісті нормативтік-техникалық құжаттамаға сілтеме жасалуы тиіс.

Қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелікте:|

1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін: тауарларды/қызметтерді беру кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтерді (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрі сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргізілуі тиіс, тауардың шыққан жылын, кепілдік мерзімін көрсетеді;

2) жұмыстар үшін: сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергілікті ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесін беруі тиіс және объектіні пайдалануға беру кезінде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамын, аумақты инженерлік дайындау, өндіріс технологиясы мен жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жарақтандыру жөніндегі талаптарды көрсетуі тиіс.

Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі туралы сарапшылар қорытындысы (егер тартылған жағдайда):


Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:




Кері қайтарылған электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер:




1 үш мәтіндік мәннен құралған анықтамалық: {біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу} Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер:



Заңның 17-бабы 4-тармағында көзделген өлшемдердің салыстырмалы мәнінің осы электрондық конкурсқа қатысуға берілген электрондық конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге қолдану нәтижелері туралы ақпарат.



Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ШЕШТІ:



Электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын берудің соңғы күні мен уақыты: ______________. Бір ғана өнім беруші жіберілген жағдайда ол конкурстық баға ұсыныстарын бермейді.


Аукциондық құжаттаманың

электрондық нысанына

3-қосымша




Аукционға қатысу туралы келісім

Осымен осы аукционға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісім білдіреміз.

Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы болмағанын растаймыз.

Осымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіреміз.

Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және аукциондық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.

Аукционға қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.

Аукционның жеңімпазы етіп анықталған жағдайда веб-порталда электрондық конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға біздің өтінімімізге қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері мен аукционға қатысуға өтінімге қол қоюға құқық беретін сенімхаттың түпнұсқасын беруге міндеттенеміз.

Аукционға қатысуға арналған біздің аукциондық өтініміміз аукциондық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.

Біздің аукционға қатысуға өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш процентін құрайтын сомада енгіземіз (егер де аукциондық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін аукционға қатысуға берген біздің өтініміміз оны жеңді деп тану туралы хабарламамен бірге тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.


Конкурстық құжаттаманың

электрондық нысанына

3-қосымша



Электрондық конкурсқа қатысу туралы Келісім

Осымен электрондық конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреміз және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісім білдіреміз.

Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы болмағанын растаймыз.

Осымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіреміз.

Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.

Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергеніміз үшін жауапкершілікті өзімізге толық аламыз.

Электрондық конкурстың жеңімпазы етіп анықталған жағдайда веб-порталда электрондық конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық конкурсқа қатысуға біздің өтінімімізге қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері мен электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қол қоюға құқық беретін сенімхаттың түпнұсқасын беруге міндеттенеміз.

Электрондық конкурсқа қатысу біздің конкурстық өтініміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.

Біздің электрондық конкурсқа қатысуға өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш процентін құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін электрондық конкурсқа қатысуға берген біздің өтініміміз оны жеңді деп тану туралы хабарламамен бірге тапсырыс беруші мен біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.



Мынадай өтінімдер электрондық конкурсқа қатысуға жіберілді:



Конкурстық баға ұсыныстарын мынадай электрондық конкурсқа қатысушылар ұсынды:



Конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылды:



Электронды конкурсқа қатысушылардың шартты бағасының есебі:



Электронды конкурстың жеңімпазы: _________________________________________________________________________________

не: ____________________ мемлекеттік сатып алу бойынша электронды конкурс мынадай себептермен өтпей қалды деп танылсын 1:

Тапсырыс беруші «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген __________________ мерзімде _______________________________-мен мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасассын.

Ескертпе: * Мынадай мәндердің бірі: «берілген өтінімдердің болмауы», «екеуден кем өтінім беру», «конкурсқа қатысуға бір де бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген», «конкурсқа катысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілген», «конкурсқа қатысушының кейінге қалдырылмаған бір ғана конкурстық баға ұсынысы қалды».

Аукциондық құжаттаманың

электрондық нысанына

4-қосымша




Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші жұмысты немесе қызметті сатып алу кезінде толтырады)

Аукциондық № _________________________________

Аукционнның атауы_____________________________

1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:

Атауы _________________________________________

БСН/ЖСН _____________________________________

2. Әлеуетті өнім берушінің Аукционда сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) көлемі, (бар болған жағдайда толтырылады)

3. Әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, аукциондық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдердің, машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.



4. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры *



5. Қаржы ресурстарына қол жеткізу туралы мәліметтер:

(ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) Төменде санамалау қажет. _________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________


Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын


Есткертпе * толтырмауға болады.

Қолы _______________________

Күні ________________________




3. Әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдердің, машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.



4. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры *



5. Қаржы ресурстарына қол жеткізу туралы мәліметтер:

(ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) Төменде санамалау қажет.

_________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________

Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

Есткертпе * толтырмауға болады.

Қолы ______________________

Күні _______________________

Электрондық мемлекеттік сатып

алуды жүргізу қағидаларына

5-қосымша

Бекітемін:

(тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі)

(аукциондық құжаттаманы бекіткен адамның аты-жөні көрсетіледі)

(аукциондық құжаттама бекітілген шешімнің нөмірі мен күні көрсетіледі)

АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ

(сатып алу мәнінің түрі, электрондық аукцион атауы көрсетіледі)


Тапсырыс беруші (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

Тапсырыс берушінің өкілі (аты-жөні, ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

Ұйымдастырушы (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)

Ұйымдастырушының өкілі (атауы, орналасқан жері, ЖСН, банк деректемелері көрсетіледі)

Аукциондық комиссияның хатшысы (аты-жөні, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

Жалпы ережелер

1. Аукцион қоса беріліп отырған аукцион мәніне (лотына) сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында жүргізіледі.

2. Осы аукциондық құжаттама (бұдан әрі - АҚ) мыналарды қамтиды:

1) осы АҚ 1-қосымшаға сәйкес аукцион мәні;

2) осы АҚ 2-қосымшаға сәйкес белгілінген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;

3) осы АҚ 3-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісім нысаны;

4) осы АҚ 4, 5-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысаны;

5) егер жұмыстарды орындау мерзімі жобаалды құжаттамасына сәйкес бір қаржы жылынан асқан жағдайда жұмыстарды орындаудың кезеңдері, түрлері мен көлемі туралы ақпарат қоса беріледі;

6) осы аукционға бөлінген сома __ теңгені құрайды.

3. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге төменде санамаланған нысандардың бірінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:

1) мынадай банк шотында орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетіледі);

2) Осы АҚ 6-қосымшаға сәйкес банк кепілдігі. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмайды.

Ұйымдастырушының АҚ ережелерін әлеуетті өнім берушілер - веб-портал қатысушыларына түсіндіруі

4. Веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуға, бірақ оны (сұрау салуларды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты көрсетіледі) кешіктірмей жіберуге құқылы.

5. Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап, күнтізбелік бір күн ішінде аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.

6. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы күні аяқталғанға дейін (АҚ-ны өзгертудің соңғы мерзімі көрсетіледі) кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сауалына жауап ретінде АҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. АҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу де АҚ-ны бекіту сияқты тәртіппен ресімделеді. Ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей АҚ-ны алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған аукциондық құжаттаманы жариялайды.

Мұндай жағдайда аукционға қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы мерзімі кемінде жеті күнге ұзартылады.

Аукционға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді беруі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет