Аберрация (aberration) суретті жуатын айналар немесе линзалардың жарық сәулелерін жою. Сфералық аберрация айна немесе линзаның қисық фокустауына байланысты түзіледі. Сыртқы жиектеріне түскен сәулелер линза немесе айна ортасына түсіп фокусталатын сәулелер нүктесінде фокусталмайды. Демек, айна немесе линза арқылы жасалған суреттердің жуылуына әкеп соқтырады. Хроматикалық аберрация тек линзаларға (айналарға емес) тән. Сондай-ақ, линзаның бір жазықтықтағы әр қилы ұзындықтағы толқынның барлық түстерін фокустай алмайтын қасиетке ие. Сурет жуылып, жиектері кемпірқосақ спектрларымен боялады
Линзалардың негізгі кемшіліктері:
Сфералық аберрация (лат. aberratio — ауытку) — жалпақ параллелъ сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесі қолданылады.
Хроматтық аберрация дегеніміз — линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялган дақтардың пайда болуы. Жарық толкындарының сынуы олардың ұзындықтарына тәуелді (толқынның үзындығы үлкен болған сайын оның сынуы кіші) болғандықтан аталған кемшілік байқалады. Хроматтық аберрацияны арнайы лиызалар жүйелерінің (ахроматтар мен анахроматтар) көмегімен түзетеді.
Астигматизм — линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелді болатын ақау. Егер дөңгелек линзалар қолдансақ, онда астигматизм жойылады.
Дисторсия (лат. distorsio — қисаю) дегеніміз — кескінніц қисаюы. Бұл қисаю көру аймағы шегінде линзаның көлденең үлғаюының бірдей болмауынан туады. Осы жағдайда нәрсе мен оның кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады. Мысалы, линза берген квадраттың кескіні көпшік немесе бөшке тәріздес болып шығуы мүмкін. Геодезия мен ұшақтан суретке түсірген кезде дисторсияны болдырмауға ерекше назар аударылады
1.1.10 электронды микроскопия шығу тарихы
Электрондық микроскопты 1930-1960 жылдары неміс ғалымдары Девиссон мен Калбин
құрастырған.
Электрондық микроскопта міндетті түрде вакуум болуы қажет, себебі ауада электрондар алыска кете алмайды, оттегі, азот немесе көмірқышқыл газы молекулалармен кездессе, олар бөгеліп өз жолын өзгертіп шашырап кетеді. Электрондардың жылдамдығын үдетсе электрондық микроскоптың шешуші кабілеті артады. Техникалық тұрғыдан казіргі кезде бұл киьн мәселе емес Токтың кернеуі 40000-100 000 вольт болса, электрондар жылдамдығы секундына 200 000 км-ге дейін жетеді. Электрондық микроскоп-трансмиссиялық, растрлық, жоғарғы вольттік болып бөлінеді
1.2.1 Трансмисиялық электронды микроскопия
Достарыңызбен бөлісу: |