Пошталық бағдарлама – бағдарламалық жабдықтама, ол қолданушының компьютеріне орнатылады, оның көмегімен хатты алу, жазу, жіберу, сақтау және өңдеу жүзеге асады. Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтама
Пошталық сервер – бұл компьютерлік бағдарлама, ол хабарламаларды бір компьютерден екінші компьютерге таратады.
Электрондық пошта қалай жұмыс жасайды? Электрондық пошта эстафета секілді. Электрондық бағдарлама арқылы пошталық хабарлама компьютерде даярланады. Содан кейін, компьютерді интернетке косканнан соң, хабарлама пошталық серверге түседі де, пошталық серверлер тізбегімен адресат серверіне жетеді. Адресат өз пошталық серверіне жүгінгенде ғана жиналған хабарламаларды өз «пошталық жәшігінен» алады. Пошта жәшігін тіркеу.
Тіркелу (Регистрация в почте)
Батырмасын басу арқылы
Хат
жазу
батырмасы
Хабарлар құру
Жаңа хабар құру үшін, құрал – саймандар тақтасындағы Написать письмо батырмасын шерту арқылы немесе Ctrl + N пернелерін басу арқылы жаңа хабар жазуға болады.
Терезенің төменгі бөлігіндегі мәтіндік өріске хабардың мәтіні енгізіледі. Кому ( кімге ) және Копия ( көшірме ) өрістерінде ( адрестердің ) кез келген санын көрсетуге болады.
Мекен – жайларды пернетақтадан енгізіледі, егер мекен – жайлар бірнешеу болса, онда оларды бір – бірінен нүктелі үтір символы арқылы ажыратады. Пернетақтадан хабар мәтінін теріп болғаннан кейін Отправить батырмасын орындаймыз.
Серверге жіберу үшін және серверлер арасында қатынас құру үшін SMTP (Simple Mail Transfer Protocol атты хаттама қолданылады. РОР3 (Post Office Protocol) – бұл пошта бөлімінің хаттамасы. Сеанс кезінде пайдаланушының мәліметтерін тексереді, яғни оның атын (Login) , құпия сөзін (Password) сұрайды. Бұл әрекеттер қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |