Электростатика. Электрлік аймақ



Дата15.11.2023
өлшемі364.84 Kb.
#483313
1 САБАК ЭЛЕТРОСТАТИКА

Электростатика. Электрлік аймақ

Оқытушы: Нысанбаева Марал Сериковна

XVI ғасырдың аяғында ағылшын ғалымы Гильберт үйкелген

XVI ғасырдың аяғында ағылшын ғалымы Гильберт үйкелген

кезде жеңіл нәрселерді өзіне тартатын қасиет янтарьдан басқа да бірқатар заттарда, мысалы шыныда, күкіртте, смолада тағы сондайларда бар екенін ашты. Денелерде мұндай қасиеттің пайда болуы электрлену деп аталды. Үйкеген кезде жеңіл нәрселерді өзіне тартатын қасиеті бар янтарь немесе басқа кез электрленген деп аталатын болды.

Мысалы, жібекке үйкелген шыны таяқшаны жібекжійке ілінген жеңіл пробка шарикке тигізіп, оны электрлейді. Тәжірибе электрленген денелер бірін-бірі тартатын немесе бірін-бірі тебетінін көрсетеді. Осындай тәжірибелердің негізіне сүйене отырып, табиғатта зарядттардың екі түрі болады деген қорытынды жасалған.

Зарядтардың біреулері шартты түрде оң деп, ал екіншісі теріс деп аталды. Мысалы, оң заряд шыныда пайда болса, ал теріс заряд жүнге эбонитті немесе янтарьды үйкегенде пайда болды.

Зарядтардың біреулері шартты түрде оң деп, ал екіншісі теріс деп аталды. Мысалы, оң заряд шыныда пайда болса, ал теріс заряд жүнге эбонитті немесе янтарьды үйкегенде пайда болды.

  • Электрленген денелердің өзара әсерлерін бақылау арқылы мынау тағайындалды: бір аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі,ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады.

Электрлік өріс — зарядталған бір денеден екіншісіне өтетін, заттардан бөлек, ерекше, материя түрі болып табылады.

  • Электр өрісі күшімен, сынама оң заряд орын ауыстыратын түзу күштік түзу деп аталады.
  • Электр өрісі күштік түзулер арқылы кескінделеді (1.1 сурет).
  • Электр өрісінің зарядқа оның қозғалу жылдамдығын күшейте отырып, әсер етуі жылдамдатылған электр өрісі деп аталады.
  • Егер электр зарядын электр өрісі күшіне қарсы қозғалтсақ, онда электр өрісінің энергиясы өседі де, заряд қозғалысының жылдамдығы кемиді. Бұндай өріс тежеуші электр өрісі деп аталады.

1.1. сурет. Электр өрісінің шартты белгіленуі:
а — оң заряд; б теріс заряд; в — аттас емес заряд; г — аттас зарядтар.

Кулон заңы

  • Электр зарядтарының әсерлесу күші Кулон заңымен анықталады және зарядттар орналасқан нүктелерді қосатын түзу сызықпен бағытталып отырады.
  • Кулон заңына сәйкес, екі нүктелі электр зарядтарының әсерлесу күші осы зарядтардағы электрлік санына туындысына тура пропорцианал, олардың ара қашықтығына кері пропорционал және заряд орналасқан ортаға байланысты:

мұндағы, F- зарядтардың әсерлесу күші, Н; q1, q2 —әр заряд электрлігінің саны, Кл; r — зарядтар арасындағы қашықтық, м. —ваккумның абсолютті диэлектрлік өткізгіштігіне тең, тұрақты электрлік, = 8,86 • 10-12 Ф/м.
  • БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ
  • 1. Электр өрісі дегеніміз не?
  • 2. Электр өрісінің қандай түзуі күштік деп аталады?
  • 3. Кулон заңының мәнісі неде? Оны атаңыз.
  • 4. Электр өрісінің кернеулілігі дегеніміз не?
  • 5.Электр тогын қандай құралдардан алуға болады?
  • 6. Қандай материалдар диэлектриктер деп аталады?
  • 7. Электр тогын өткізетін қандай материалдарды білесіздер?
  • 8. Электрлік потенциал дегеніміз не?
  •  ТАПСЫРМА

    1. Ахметов А.Қ. «Электротехника» оқулығы, §1.1 20-34 берілген ақпаратты оқып, зерделеп алыңыздар.

    2. Бекіту сұрақтарына жауап беріңіздер.

  • Оқулық: Ахметов А.Қ. Қабақова Т.А. Электротехниканың теориялық негіздері. Астана,
  • § 1.1; § 1.1 20-34 беттер

https://www.youtube.com/watch?v=06Qax3nbCU0&list=PLtcU2pef2q98Xxo1062uKN3MBhPoZgIlc&index=123 -электростатика

  • https://www.youtube.com/watch?v=06Qax3nbCU0&list=PLtcU2pef2q98Xxo1062uKN3MBhPoZgIlc&index=123 -электростатика
  • https://www.youtube.com/watch?v=tv4WNrqhWWA&list=PLtcU2pef2q98Xxo1062uKN3MBhPoZgIlc&index=119 –электр өрісі
  • https://www.youtube.com/watch?v=tBI0rScdEsQ&list=PLtcU2pef2q98Xxo1062uKN3MBhPoZgIlc&index=122
  • https://www.youtube.com/watch?v=O2U-J0oVuxQ&list=PLtcU2pef2q98Xxo1062uKN3MBhPoZgIlc&index=120 – кулон заңы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет