Әлемдегі ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қазіргі жағдайы мен болашағы



бет6/8
Дата21.02.2022
өлшемі207.7 Kb.
#455577
1   2   3   4   5   6   7   8
1 апта

Жапония еліндегі ғылыми зерттеу

Соңғы уақыттарда Жапония өндірістік басымдықтардан бөлек, ғылыми-зерттеу қызметінің басымдықтарына аса үлкен назар аудара бастады. Өйткені күншығыс елі ғылым мен техника ел дамуының негізі екендігін түсінді. Осы идея «Ғылым, техника және технология туралы негізгі заңда» бекітілді. Аталмыш тезис ғылыми-техникалық қызметке жоғары қоғамдық мәртебе берді.

Белгіленген мақсатқа жетуге Жапония Премьер-министрі жетекшілік ететін Ғылыми-техникалық саясат жөніндегі Кеңес үлкен үлес қосуда. Кеңес премьер-министрдің нақты сұраулары бойынша және өз бастамасымен ұсыныстар әзірлесе, оның ішкі комитеттері мен комиссиялары ғылыми-техникалық саясаттың маңызды мәселелері бойынша баяндама даярлайды. Кеңестің негізгі қызметі инновациялық дамудың басымдықтарына түзетулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.

  • Белгіленген мақсатқа жетуге Жапония Премьер-министрі жетекшілік ететін Ғылыми-техникалық саясат жөніндегі Кеңес үлкен үлес қосуда. Кеңес премьер-министрдің нақты сұраулары бойынша және өз бастамасымен ұсыныстар әзірлесе, оның ішкі комитеттері мен комиссиялары ғылыми-техникалық саясаттың маңызды мәселелері бойынша баяндама даярлайды. Кеңестің негізгі қызметі инновациялық дамудың басымдықтарына түзетулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.

Жалпы әлемдік теденциялар мен жапон қоғамының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді саралаудың нәтижесінде, 2001 жылы Кеңес ғылыми-техникалық даму саласындағы ұлттық стратегия жоспарын жасады. Стратегияда іргелі зерттеулерге басымдық беріліп, екі ірі басым сала ерекше аталды. Бірінші салаға іргелі зерттеулер аясындағы бағыттар жатты: өмір туралы ғылым, информатика және телекоммуникация, нанотехнология және экология. Екіншісіне қолданбалы бағдардағы ғылым салалары кірді: энергетика және ресурстар, өндірістік техологиялар, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар, Жер мен ғарышты зерттеу.

  • Жалпы әлемдік теденциялар мен жапон қоғамының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді саралаудың нәтижесінде, 2001 жылы Кеңес ғылыми-техникалық даму саласындағы ұлттық стратегия жоспарын жасады. Стратегияда іргелі зерттеулерге басымдық беріліп, екі ірі басым сала ерекше аталды. Бірінші салаға іргелі зерттеулер аясындағы бағыттар жатты: өмір туралы ғылым, информатика және телекоммуникация, нанотехнология және экология. Екіншісіне қолданбалы бағдардағы ғылым салалары кірді: энергетика және ресурстар, өндірістік техологиялар, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар, Жер мен ғарышты зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет