Зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жалпыұлттық басымдықтарды нақтылаудағы ерекше әдіс ретінде жапониялық инновацияны болжау әдісін қарастыруға болады. 1971 жылдан бері жапон мамандары тұрақты түрде бес жылда бір рет келешек 30 жылғы кезеңде жүзеге асатын ғылыми және техникалық жетістіктердің болжамын даярлап, жариялайды. Жарияланған материалдарды елдің ғылыми-техникалық саясатын жасаушылар, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар, оқу орындары, сондай-ақ кәсіпкерлер кеңінен қолданады. Сонымен қатар бұл болжамға шетелдік мамандар да қатты назар аударады. Олар жапондық болжамдарды өздері жасаған әлемдік инновациялық үдерістерді зерттеулер нәтижесімен салыстыра отырып қорытынды жасайды. - Зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы жалпыұлттық басымдықтарды нақтылаудағы ерекше әдіс ретінде жапониялық инновацияны болжау әдісін қарастыруға болады. 1971 жылдан бері жапон мамандары тұрақты түрде бес жылда бір рет келешек 30 жылғы кезеңде жүзеге асатын ғылыми және техникалық жетістіктердің болжамын даярлап, жариялайды. Жарияланған материалдарды елдің ғылыми-техникалық саясатын жасаушылар, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар, оқу орындары, сондай-ақ кәсіпкерлер кеңінен қолданады. Сонымен қатар бұл болжамға шетелдік мамандар да қатты назар аударады. Олар жапондық болжамдарды өздері жасаған әлемдік инновациялық үдерістерді зерттеулер нәтижесімен салыстыра отырып қорытынды жасайды.
Болжамды әзірлеу екі кезеңнен тұрады: Болжамды әзірлеу екі кезеңнен тұрады: - Алғашында жапондық мамандар түрлі ғылыми және техникалық салалардағы жүзеге асуы мүмкін инновациялық жетістіктердің тізімін құрады. Одан кейін ұйымдастыру, басқару және әлеуметтік инфрақұрылым секілді әртүрлі тақырыптар қарастырылады.
Келесі кезеңде әзірлемеге сарапшылар кіріседі. Олар арнайы анкеталарда болжанып отырған жетістіктердің жапон қоғамы үшін маңыздылығын көрсетіп, оларды жүзеге асырумен байланысты проблемалар бойынша өз көзқарастарын білдіреді. Дельфи әдісін қолдануға негізделген эксперттік сұрауды ұйымдастырудың заманауи әдістері сенімді бағалауға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Сол себепті жапондық болжамдар ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарды туғызады. Келесі бір салмақты параметрге эксперттердің күтілетін инновациялық жетістіктің маңыздылық деңгейін анықтауы жатады. Болжанған инновацияның маңыздылығы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның іс-жүзінде жүзеге асу мүмкіндігі артады, өйткені сол инновацияға басымдық беріледі. - Келесі кезеңде әзірлемеге сарапшылар кіріседі. Олар арнайы анкеталарда болжанып отырған жетістіктердің жапон қоғамы үшін маңыздылығын көрсетіп, оларды жүзеге асырумен байланысты проблемалар бойынша өз көзқарастарын білдіреді. Дельфи әдісін қолдануға негізделген эксперттік сұрауды ұйымдастырудың заманауи әдістері сенімді бағалауға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Сол себепті жапондық болжамдар ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарды туғызады. Келесі бір салмақты параметрге эксперттердің күтілетін инновациялық жетістіктің маңыздылық деңгейін анықтауы жатады. Болжанған инновацияның маңыздылығы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның іс-жүзінде жүзеге асу мүмкіндігі артады, өйткені сол инновацияға басымдық беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |