«Әлемдік қауымдастықТАҒЫ Қазақстан республикасы»


Сыртқы саясатта географиялық аумағына байланысты жүргізілетін саясат



бет8/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#142931
1   2   3   4   5   6   7   8

24. Сыртқы саясатта географиялық аумағына байланысты жүргізілетін саясат:
А)геосаясат

В)глобализм

С)демагогия

Д)сыртқы саясат

Е)халықаралық қатынас

25. Тимократия:

А)Ақсақалдардың билігі

В)Байлардың билігі

С)халық билігі

Д)техник мамандардың билігі

Е)әскери адамдардың билігі



26. Мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде үшін құралған адамдардың ерікті одағы: А)саяси қазына
В)саяси институт

С)саяси жүйе

Д)саяси партия

Е)саяси реализм



27. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр қай жылы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады:

А)1730 ж 21 қазан

В)1730 ж 19 ақпан

С)1731 ж 10 қазан

Д)1731 ж 19 ақпан

Е)1731 ж 6 наурыз

28. БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Деклерациясы» жарыққа шықты:

А)1944 ж

В)1945 ж

С)1946 ж

Д)1947 ж

Е)1948 ж


29. Шет мемлекетте өкілеттікке ие болу, сенім грамотасын тапсыру: А)аккредитация

В)агрессия

С)автономия

Д)аннексия

Е)альянс

30. Бір саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерлерге қарсылық ету, кедергі жасау:
А)олигархия

В)оккупация

С)охлократия

Д)оппозиция

Е)альтернатива

31. Ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды:

А)апатридтер

В)бипатридтер

С)босқындар

Д)маргиналдар

Е)репатрианттар



32. Шекараны белгілеу рәсімі:

А)демагогия

В)демократия

С)делимитация

Д)реабилитация

Е)контрибуция



33.«Демография» сөзінің мағынасы:

А)халықтар туралы жазу

В)халық билігі
С)халық күресі

Д)ұлттардың мәдениеті

Е)барлығы дұрыс

34. ХХ ғасырдың басында қазақтар туралы мәлімет берген жалпы халықтық тұңғыш санақ:

А)1926 ж.

В)1927 ж.

С)1928 ж.

Д)1933 ж.

Е)1939 ж.



35. «Қазақстан халқы (көне заманнан бүгінге дейін)»- атты еңбек авторлары:
А)М. Тәтімов пен С. Ғалиев

В)М.Асылбеков., С. Ғалиев

С)Т. Жұмасұлтанов., А. Ибраев
Д) Н. Райхан., Г. Омарова

Е)В. Козина., А. Асылбеков



36. Қазақстанда табиғи өсім көп шоғырланған аймақ:

А)оңтүстік Қазақстан

В)солтүстік Қазақстан

С)орталық Қазақстан

Д)шығыс Қазақстан

Е)батыс Қазақстан



37. Халық санының өсіп, кемуіне әсер ететін факторлар:

А)әлеуметтік- экономикалық


В)экологиялық

С)механикалық өсім

Д)табиғи өсім

Е)жоғарыда аталғандардың барлығы



38. Қазақстандағы көші-қон агенттігінің төрайымы

А)А. Самақова.

В)З. Батталова.
С) З. Балиева.

Д)А. Жағанова.

Е)Д. Назарбаева

39. Консулдық мекеменің басшылары қызметіне тағайындайтынын дәлелдейтін құжат:

А)дипломатиялық вализа

В)дипломатиялық хаттама

С)консулдық регената
Д)консулдық патент

Е)аталғандардың барлығы дұрыс



40. Деректерде қазақ халқының саны XVI ғасырда қай ханның тұсында 1 миллионнан асты деп көрсетеді:

А)Бұрындық хан

В)Қасым хан

С)Мамай батыр

Д)Тақыр хан

Е)Бұйдаш хан



41. Поштамен жіберілетін дипломатиялық қатынас қағазы, хат: А)дипломатиялық хаттама

В)дипломатиялық вализа

С) дипломатиялық құқық

Д)дипломатиялық акт


Е) дипломатиялық патент

42. 1992 жылы келісім жасалған атақты американдық компания:

А)«Дау кемекал»

В)«Бритиш петролиум»

С)«Бритиш газ»

Д)«Эльф Акитен»

Е)«Шеврон»



43. БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселесі жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы:

А)ТРАСЕКО

В)ТАСИС

С)ЮНЕСКО

Д)АЗИМУТ

Е)АТР


44. Рұқсат етілген бір шаралардың тиісті бөлігі, мөлшері, үлесі:
А)коэфициент

В)квота


С)кворум

Д)клик


Е)интеграция

45. Халықаралық келісімдердің, конституция, декларация ж.т.б заңдылық құжаттардың кіріспе бөлімі:

А)петиция

В)позиция

С)полемология

Д)преамбула

Е)пакт


46. Мемелекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарының бекітуі:

А)престиж

В)реваншизм

С)пакт


Д)саммит

Е)ратификация



47. Сыртқы саяси келіссөздер жүргізіліп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі:

А)саммит

В)форум

С)симпозиум

Д)резиденция

Е)конференция



48. ҚР-ның «Шанхай бестігіне» мүшелікке өтуі :

А)1992 ж.

В)1993 ж.

С)1994 ж.

Д)1995 ж.

Е)1996 ж.



49. ҚР-ның ядролық қарудан бас тартуы жайлы баяндалған Ел Басының ғылыми еңбегі:

А)«Бейбітшілік кіндігі»

В)«Тарих толқынында»

С)«Ғасырлар тоғысында»

Д)«Қазақ қасіреті»

Е)«Нәубат»



50. Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту жөнінде жарғыға қол қойылды:

А)1990 ж

В)1991 ж

С)1992 ж

Д)1993 ж

Е)1994 ж
43. Қазақстан су қоймасы мәселесіне байланысты қай елмен келісім-шарт жасасқан:


А)Қырғызстан

В)Өзбекстан

С)Қытай

Д)Ресей


Е)Жапония

44. Қазақстан қай елмен бірлесіп техникалық жобалар жасап, құрал-жабдықтар жасап шығаруда:

А)Жапония

В)Қытай

С)Түркия

Д)Оңтүстік Корея

Е)Солтүстік Корея



45. ҚР-ның сыртқы саясатта ұстанған бағыты:

А)бейбітшілік

В)экономикалық

С)саяси
Д)мәдени байланыстар орнату

Е)барлық жауап дұрыс

46. Қазақстанда дүниежүзілік діндер өкілдерінің басын қосқан алғашқы форум қай жылы өтті:

А)2000 ж
В)2001 ж

С)2002 ж

Д)2003 ж.

Е)2004 ж.

47. ҚР-сы Байқоңыр ғарыш айлағын 20 жылға қай мемлекетке жалға берді:
А)Қырғызстан

В) Өзбекстан

С)Ресей

Д)Украина

Е)Белоруссия

48. «Диаспора» сөзінің мағынасы:

А)жер жетіспеушілік

В)шашыранды

С) дүбара адамдар

Д)барлығы дұрыс

Е)дұрыс жауап жоқ



50. Қазақ диаспорасы көп орналасқан мемлекеттің бірі:

А)Моңғолия

В)Түркия

С)Қытай
Д)Ресей



Е)Албания
4.Тарихи оқиғалар жылнамасы

  • 1986ж. 17 желтоқсан Г.В.Колбиннің Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысы болып сайлануымен байланысты республика жастарының наразылығы.

  • 1987-88жж.- Г.В.Колбиннің бастауымен Қазақстан партия ұйымдарын тазалау және жергілікті ұлт кадрларын қуғындау болды.

  • 1989ж.- "Қазақ КСР-дегі тіл туралы Заң" қаабылданып, 2000-ға дейін республикада қазақ тілін және басқа да тілдерді оқыту жөніндегі арнайы бағдарлама бекітілді.

  • 1989жыл маусым Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

  • 1990жыл наурыз- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау жаңа демократиялық сайлау тәртіптері негізінде өткізілді.

  • 1990жыл 24сәуір- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевті республиканың алғашқы Президенті етіп сайлады.

  • 1990 жыл-Қазақстанда "Азат", "Алаш", "Желтоқсан" және т.б. саяси қозғалыстар мен партиялар құрылды.

  • 1990 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы кұрылды.

  • 1991 жыл маусым- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төртінші сессиясында мемлекеттік меншікті жекешелендіру жөнінде арнайы заң қабылданды.

  • 1991 жыл қыркүйек Қазақстан Компартиясының төтенше съезінде бұл партияның қызметі тоқтатылды деп жарияланды.

  • 1991 жыл-Қазақстан жерінде Семей полигонындары ядролық жарылыс тоқтатылды.

  • 1991 жыл-Қазақстан Социалистік, Халық конгресі партиялары кұрылды.

  • 1991 жыл 16 желтоқсан Қазақстан республикасы егеменді, өз алдына тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.

  • 1991 жыл 21желтоқсан Алматы қаласында 11 республиканың /Әзербайжан, Армения, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан/ өкілдері қатысқан кездесу болды. Онда тең құкықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойылды.

  • 1992 жыл қаңтар Қазақстан өз жерінде таза алтын кесектерін құйып шығарды.

  • 1992 жыл 6 қаңтар Қазақстанның қаржы, сауда, тауар және материалдық мүдделерін қорғау мақсатында Президенттің Жарлығымен республикада бағаны ыркына жіберу іске асырыла бастады.

  • 1992 жыл наурыз-Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің өкімімен вице-президент, Премьер-министр және оның орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер мен Президенттік аппарат және Министрлер кабинеті аппараты басшы құрамын бекітті.

  • 1992 жыл наурыз Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

  • 1992 жыл 4 маусым-Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-туы, елтаңбасы және әнұраны қабылданды.

  • 1992 жыл тамыз-Бүкіл дүние жүзіндегі қазактардың саны 10 млн. 500 мың адамға жетті.

  • 1992 жыл қазан-Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы Алматыда болып өтті.

  • 1993 жыл 28 қаңтар-Егемен Қазакстанның тарихында оның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

  • 1993 жыл ақпан-Саяси ұйым "Қазақстанның халық бірлігі" одағы құрылды.

  • 1993 жыл 5 сәуір Елбасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанында Тіл комитетін құру туралы Жарлығына қол қойды.

  • 1993 жыл 27-29 мамыр-киелі Ордабасы жерінде Төле биді, Қазыбек биді және Әйтеке биді еске алу жиыны болды.

  • 1993 жыл 2-4 шілде Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы Ордабұлақтағы Ұлы жеңістің 350 жылдығы атап өтілді.

  • 1993 жыл 12 қараша "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

  • 1993 жыл 13 желтоқсан Қазақтан Республикасының Жоғары Кеңесі өз өкілеттілігін мерізімінен бұрын тоқтатты.

  • 1994 жыл 11 қаңтар Нүкісте Арал жөніндегі конферецияда Орта Азия мемлекеттерінің басшылары бас қосты.

  • 1994 жыл 14 ақпан Ақ үйде АҚШ прзиденті Билл Клинтон мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев демократиялық серіктестік туралы хартияға қол қойды.

  • 1994 жыл 28 наурыз Қазақстан республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

  • 1994 жыл 19-сәуір жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өз жұмысын бастады.

  • 1994 жыл 30 маусым-қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

  • 1994 жыл 6-шілде Қазақстан Республикасы Жорарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы келісілді.

  • 1994 жыл 18 қазан Ыстамбулда Орталық Азияның, Кавказдың түрік тілдес мемлекеттері мен Түркия басшыларының екінші кездесуі ашылды.

  • 1995 жыл 23 қаңтар - Брюссельде Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

  • 1995 жыл 9 акпан- екінші рет ТМД мемлекеттерінің басшыларының ) жоғары дәрежелі кездесуі болды.

  • 1995 жыл 27ақпан- елімізде Қазақстан Республикасының төлқұжатын азаматтарға беру басталды.

  • 1995 жыл 1 наурыз- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтарының ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

  • 1995 жыл 29 сәуір - Республикалық референдумда 1991 жылғы 1желтоқсанда бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

  • 1995 жыл 9 тамыз - Алматыда Абай Қүнанбаевтың 150 жылдығына арналған ЮНЕСКО көлеміндегі салтанатты мәжіліс ашылды. Мерейтой ақынның туған жерінде жалғасты.

  • 1995 жыл 28 тамыз- түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Бішкек -қаласында үшінші кездесуі өтті.

  • 1995 жыл 30 тамыз- Қазақстан жаңа Конституциясы қабылданды.

  • 1995 жыл 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының астанасы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.

  • 1995 жыл 5 желтоқсан- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттар сайланды.

  • 1995 жыл 9 желтоқсан- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайланды.

  • 1995 жыл 12 желтоқсан- "Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары туралы" Елбасы Заң күші бар Жарлыққа қол қойды.

  • 1996 жыл 27 сәуір - Ресей Федерациясының президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Алматыда кездесіп, екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу, аумақтық тұтастықпен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен Декларациясына қол қойды.

  • 1996 жыл 26 сәуір- Шанхайда бес жақты-Ресей, Кытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойды.

  • 1996 жыл 31 қыркүйек- Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 129 елдің қатарында бүкіл жер бетінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа кол койды.

  • 1996 жылы-шетел инвестицияларын тарту мақсатында шетел мен Қазақстан бірлескен кәсіпорындарының саны 746-ға жеткен.

  • 1996 жылы-Азия даму банкісі тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді.

  • 1996 жылы-Қазақстанда нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 22 жекеменшік киностудиясы мен 14 жекеменшік галлерея жұмыс істеді.

  • 1996 жылы-қазақ халқының патша өкіметіне қарсы көтерілісінің 80 жылдығы атап өтілді.

  • 1996 жылы-дарынды ақын, дана тәлімгер, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың-150 жылдық мерейтойы өткізілді.

  • 1996 жылы-Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығы атап өтілді.

  • 1997 жылы-Н.Ә.Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысы" атты кітабы жарыққа шықты.

  • 1997 жыл-Республика Президенті Жарлығымен жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.

  • 1997 жылдың басы Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданған.

  • 1997 жыл 28 ақпан Қазақстан Республикасының "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңы қабылданды.

  • 1997 жыл 6 маусым Ақмола қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төртінші сессиясы өтті.

  • 1997 жыл 29 маусым Түркістан қаласының іргесі қалағанына 1500 жыл толды.

  • 1997 жыл 4 шілде - Қазақ жырауы, жыраулық поэзияның көрнекті өкілі Үмбетей Тілеуұлының туғанына 300 жыл /1697-1786 жж/ толды.

  • 1997 жыл 15 қыркүйек пен 21 қыркүйек арасы Қазақстанның Шымкент аймағында содан соң Өзбекстанның Шыршық жерінде НАТО-әскери бөлімдерінін қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

  • 1997 жыл 18-19 қыркүйек- Ұлыбритания астанасы Лондонда Қазақстанның нвестициялык мүмкіндіктері" атты халықаралық конференция өтті.

  • 1997 жыл 25 қыркүйек - Алматыда өткен Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы делегациялары арасындағы келіссөзде Батыс Қазақстан және Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды.

  • 1997 жыл 28 қыркүйек- қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 100 жыл толды. Мерейтой ЮНЕСКО ауқымында атап өтілді.

  • 1997 жыл 10 қазан- Президенттің Жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

  • 1997 жыл 11 қазан- Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына "Қазақстан-2030" деген атпен Жолдау қабылдады.

  • 1997 жыл 18 қараша- Вашингтонда Бірлескен комиссияның тең Төрағалары Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен АҚШ вице-президенті А.Гор "Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың экономикалык әріптестік жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына қол қойды.

  • 1997 жыл 23 желтоқсан - Ақмола қаласында Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық қызметкерлерінің кеңесі болып өтті. Оның жұмысына Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

  • 1997 жыл 25 желтоксан-Ақмолада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кеңесінің бас қосуы болып өтті.

  • 1998 жыл 22 қаңтар - Мәскеуде Мемлекетаралык Кеңеске мүше-Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь Республикалары мен Ресей Федерациясының басшылары кездесті.

  • 1998 жыл 29 қаңтар -Т.Мұсабаевтың басқаруындағы халықаралық экипаж ғарышка аттанды.

  • 1998 жыл 11 мамыр -Алматыда экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары бас қосты.

  • 1998 жыл 10 маусым -Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған Мәңгілік достық пен одактық туралы Декларацияға қол қойылды.

  • 1998 жыл 26 қараша -Алматыда Қазақстан кәсіпкерлерінің Жетінші форумы өткізілді.

  • 1998 жыл 27 караша -Құрманғазының 175 жылдық мерейтойы Алматыда аталып өтілді.

  • 1999 жыл 10 қаңтар-Н.Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.

  • 1999 жыл 21 қаңтар-Астанада Қазақстан халықтары Ассамблеясының бесінші сессиясы болып өтті.

  • 1999жыл 19ақпан -Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың, Қырғызстан Республикасының Президенті А.Ақаевтың

  • және Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовтың үш ел арасындағы 1997 жылдың 10 қаңтарында қол қойылған Мәнгілік достық туралы Шарттың екі жылдығына арналған кездесуі болды.

  • 1999 жыл 1 наурыз -Мәскеуде бестік Одақ елдері /Ресей, Беларусь,Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан/ жетекшілерінің бас қосуы өтті.

  • 1999 жыл 24 сәуір -Президент Н.Назарбасв Вашипгтонда жетекші мемлекеттердің басшыларымен кездесті.

  • 1999 жыл 7 мамыр - Р.Қошқарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Халык қаһарманы" атағы берілді.

  • 1999 жыл 28 мамыр -Алматыда қазақстандық қаржыгерлердің бірінші конгресі өтті.

  • 1999 жыл 24-25 тамыз-Бішкек қаласында "Шанхай бестігі" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтті.

  • 1999 жыл 3 қыркүйек -Қазақстанда мұнай өндіріле бастауының 100 жылдығы атап өтілді.

  • 1999 жыл 10 қазан-Қазакстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттардың сайлауы болды.

  • 1999 жыл 12 қазан-Президент Жарлығымен К.К Тоқаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.

  • 1999 жыл 1 желтоқсан -Екінші сайланған Қазақстан республикасы Парламентінің алғашқы бірлескен отырысы болды.

  • 1999 жыл 10 желтоқсан -Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының алтыншы сессиясы өтті.

  • 1999 жыл 15 желтоқсан -Ел президентінің "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі туралы" Қазақстан халқына жолдауы.

  • 1999 жыл 28 желтоқсан -Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды.

  • 2000 жыл 26-28сәуір - Алматыда халықаралық "Евразия-2000" экономикалық саммиті болып өтті.

  • 2000 жыл 9 мамыр - Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 55 жылдық мерекесі тойланды.

  • 2001 ж. — ҚР-ның “Ғылым туралы” заңы қабылданды.

  • 2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзiлiк құрылтайы болып өттi.

  • 2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласындағы қазақтарды» Екiншi дүниежүзiлiк құрылтайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет