Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық


Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері — "Қорқыт"



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата30.11.2022
өлшемі0.64 Mb.
#466107
1   2   3   4
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы 2

Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері — "Қорқыт",
"
Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", 
"
Саймақтың сары өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.


Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде ауызша
және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар
батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар
туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің
өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шыпшырғасын шығармай сақтап
қалған — тек қазақ халқы. Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —
"
ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының
музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір
ақсақ", "Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты
күйлері жатады.


Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIIIғасырларда). 
Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара
жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жырдастандарды
жатқызуға болады.


Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық
мұраларымыз.
Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сияқты күйшілер күйлерін, Біржан
сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен
Әзірбаев, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет