Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар мағынада екі түрлі түсінік бар. Кең мағынада бүкіл қоғамның құрылуы, оның барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі



бет2/3
Дата21.02.2023
өлшемі61.95 Kb.
#469873
1   2   3
Әлеуметтік құрылым

Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік топтардың классификациясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады. Бұл топтар бір-бірімен тең қатынаста болмайды. Әр түрлі белгілері арқылы ажыратылады. Теңсіздік әлеуметтік стратификацияның (strat, яғни қабат, топ) барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теорияларды түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық – антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.

К.Маркс қоғамды зерттеуы

К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың өзара әрекетін (буржуазия мен пролетариат) зерттеді. Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке меншікті таныды (меншік иесі, меншікке ие еместер). Макс Вебер де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және капитализмдегі теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік негізінде одан басқа белгілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл негізгілерден басқа ол этникалық және діни, лингвистикалық белгілерді де атайды. Р.Дарендорф, пен В.Парето анықтаушы белгі — билікті басты ұғым деп санады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің марксистік бөлінісін билікке ие (басқарушы) және билікке ие емес (бағынушы) деп бөлумен алмастыруды ұсынады.

Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік кұйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді. Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді. Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет