Әлеуметтануға кіріспе. Әлеуметтану-«Әлеуметтану»


Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы



бет3/5
Дата28.09.2023
өлшемі60.82 Kb.
#479012
1   2   3   4   5
әлеуметтану

Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
Діни түсініктердің пайда болуын бiз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан бай каймыз. Олар өлген адамын белгiлi бiр ғұрыппен жерлеген. Адамды ұйыктап жатқан сиякты бiр кырынан жаткызып, бiр колын басының астына салған. Олар елімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген.
Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, каласа, аңдар баска жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды әруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесiн құдайлар деп атаған. Адамдардың наным-сенiмi кәсiптiң түрiне тәуелді болды. Егіншілер егiннiң, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеді.


Қазақстандағы металлургия өндірісі бастауы энеолит кезеңінен бастау алады. Ғылыми тілде энеолит дегеніміз мысты-тас кезеңі деп сипатталады. Ал мыс болса бірнеше металлдар қоспасынан тұрады.
Неолит дәуірінен соң келетін келесі тарихи кезең – энеолит дәуірі деп аталады. Осы энеолит дәуірінде адамдар мыс балқытуды толық игеріп, оны тұрмыста кеңінен қолдана бастады. Энеолит дәуірі б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтар аралығын алып жатыр. Бұл дәуірдің басты ерекшелігі, жоғарыда атап өткеніміздей – металл өңдеуді игеру болып табылды. Осы дәуірде тас құралдар жасау ісі құлдырап, олардың орнына мыс қосылған бұйымдар жасала бастады. Энеолит дәуірінде алғаш рет мыстан пышақтар, түйреуіштер және инелер жасала бастайды.
Энеолит (латынша мыс және грекше тас) тас ғасыры мен қола дәуірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең, яғни тас-мыс кезеңі. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Халықтың басты кәсібі – егіншілік пен аңшылық, мал шаруашылығы болды. Қоғамдық қатынас – рулық құрылыс. Қазақстан жерінен табылған энеолит ескерткіштер әзірге көп емес. Оларға Иманбұрлық, Сексеуілді –1, -2, қоныстарының қабаттарын Павлодарға жақын жерде Ертіс өзенінің жағасына орналасқан Железинка поселкесінің маңынан табылған обаны жатқызуға болады.
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Л.Н.Гумилев: «Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады» деп санады. Сонымен, Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет