Социологиялық зерттеу кезеңдерінің
көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:
•
1 кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:
– Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну,
ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу);
– Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.
•
2кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
– сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық
мәселелерін шешу және т.б.);
– сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).
•
3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
– алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды
енгізу);
– сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;
•
4кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
– Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер,
диаграммалар жасау және т.б.);
– Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);
– Зерттеудің соңғы есебін дайындау;
– Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;
Социологиялық зерттеудің бағдарламасы
Бағдарлама – эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты.
Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте
оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:
•
1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
•
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
•
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық
түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
•
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
•
5. Зерттеу жоспарлары.
•
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
•
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін
сипаттау.
|