Әлеуметтік – экономикалық паспорт Таран ауданы 2014 жыл



бет2/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.12 Mb.
#23605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шағын кәсіпкерлік

Ауданда шағын және орта бизнестің бәсекекге қабілеттіліктерін ынталандыру бойынша бір ізді жұмыстар жүргізілуде.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 8 жоба жүзеге асырылды.

Мониторинг мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 1155 субъект әрекет етеді, 2240 адам немесе өткен жылдың тиісінше кезеңіне 100,9%.

Бөлшек сауда тауар айналымы 20,8 %-ға артты және 1,5 млрд. теңгені құрады, физикалық көлем индексі 114,4 %-ға тең.


2.5. Бизнес үшін әкішілік кедергілердің төмендеуі
Өсіпкеле жатқан көрсеткіштерге қарамастан, бизнестің дамуына кедергі болатын жағдайлар әлі де бар. Бірнеше несиелеу бағдарламалары бар болғанмен, кепілдік қамтамасыз ету жоқтығынан, мөлшерлеменің пайызының жоғарылығынан оларға қол жетімділік шектеулі. Негізгі кедергі – сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану саласындағы білікті мамандардың жоқтығы.

2.6. Құрылыс
Әлемдік қаржылық дағдарыс қазіргі уақытта құрылыс саласын қаржыландыру мөлшерін азайтуға әкеліп соқты, бұл ққұрылыс көлемі мен қарқынының төмендеу қаупін күшейтеді.

Дегенмен, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларын, сумен қамтамасыз ету жүйесін, коммуналдық шаруашылықты нығайту мен дамытуға деген инвестициялық шығындардың басым бағыттылығы сақталуда. Сондықтан, басым бағыттағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ауданның барлық қызметінің негізі болып табылады.

2014 жылғы орындалған қрылыс жұмыстарының көлемі 2570 млн. теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар – 28 млн. теңге, соның ішінде азаматтар есебінен - 28 млн. теңге.

2.7. Инвестициялар
2014 жылдың басынан аудан экономикасына 9 млрд. 346 млн.теңге инвестицияланды.

Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізі көздері кәсіпорындар мен тұрғындардың меншікт қаржылары болып табылады - жалпы м-лшерден 72 % немесе 6 млрд. 740 млн. теңге.

Республикалық және жергілікті бюджет шоттарынан 795 млн. теңге игерілді.
2.8. Сауда – саттық
Сауда – саттық саласында сату мөлшерінің, сауда мен қызмет көрсету желісінің тұрақты өсуі байқалады. Ауданда 78 орындық екі сауда базары тіркелген. Біреуі азық – түліктік емес, 1 арнайландырылған. 564 сауда нысандары бар. Қоғамдық тамақтандыру нысандары - 27. Тұрмыстық қызмет көрсету саласында 111 нысан әрекет етеді.

Бөлшек сауда тауар айналымы 2014 жыл ішінде 1538,8 млн. теңгені құрады.


2.9. Инфрақұрылым
«Ақ Бұлақ» мемлекет бағдарламасы шеңберінде Таран ауылында су құбырын қалпына келтіру жүргізілді, ағымдағы жылы Тобыл кентінде айыру желісін қалпына келтіру жалғастырылуда, пайдалануға беру мерзімі 2015 жылдың қыркүйек айы.

Осы жобалар бойынша 2014 жылы 552,1 млн. теңге игерілді.

Қоршау бегетінің құрылыс алаңын дайындау мақсатында аудандық бюджет қаражаты есебінен 25,7 млн. теңгеге Набережная көшесі бойындағы тұрғын үйлер мен жер телімдері сатып алынды.

Тобыл кентін одан әрі газдандыру үшін Северная, Викторовская, Западная, Казахская көшелері бойында газ тарату желілерінің құрылысы бойынша 86,2 млн. теңге сомасындағы жоба жүзеге асырылды. 118 абонент қосылды.

Коммуналдық кәсіпорындарды күзгі-қысқы мерзімде жұмыс істеуге дайындау үшін төрт бу қазандығына, «Тобыл» МКК-де инженерлік желілер мен жабдықтарына ағымды жөндеу жүргізілді, «Тарандық» МКК-де 2 қазандық пен технологиялық жабдықтар жөнделді, жаңа су айналдыратын сорғы орнатылды. Тобыл кенті мен Таран ауылында магистральдік және айыру желілерін айырбастау мен олардың құрылысы бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл шараларға материалдар сатып алу үшін аудандық бюджеттен 13,0 млн. теңге сомасындағы қаражат бөлінді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру Бағдарламасы шеңберінде Тобыл кентінде 38,0 млн. теңгеге екі көп пәтерлі үй жөнделді.


2.10. Білім беру мен жастар саясаты

Білім беру саласындағы бюджет 2014 жылы 1 млрд.364,9 млн. теңгені құрады.



Балаларға мектепке дейінгі білім беру

Аудан бойынша 0-ден 6 жасқа дейінгі балалар контингенті 1887 баланы құрайды.

Балаларды мектепалды мекемелермен қамту 95 % құрайды.

Ауданда 432 бала тәрбиеленетін 4 балабақша жұмыс істейді, оның ішінде: «Балдәурен» МКҚК - 142 бала, Таран балабақшасында– 150, Калинин балабақшасында – 50, Май балабақшасында– 90 бала.

25 шағын орталық жұмыс істейді, оұан баратын балалар саны 564 баланы құрайды, 10 шағын орталық толық күн жұмыс істейді, оған баратын балалар саны 246, 15 шағын орталық жарты күн жұмыс істейді, баратын балалар саны 318 бала.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 127 баланы қамтитын 7 шағын орталық жұмыс істейді, оның 6 тобы орыс тілінде оқытады (Апановка, Притобольское, Асенкритовка, Красносельское, Елизаветинка, Юбилейное ауылдары), Юбилейное ОМ мен №1 Таран ОМ жанындағы 2 топ мемлекеттік тілде білім береді.

№2 корпусқа ағымды жөндеу жүргізілді, 40 орындық екі топ ашылды.

«Балапан» бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мақсатында Б. Майлин ат. орта мектеп жанындағы шағын орталық ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді, осының арқасында шағын орталық толық күн жұмыс істеуге ауыстырылды, бұл тағы 32 баланы мектепалды білім берумен қамтуға мүмкіндік берді. Ағымды жөндеу жүргізу мен құрал-жабдық алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 20,0 млн. теңге бөлінді.

Бұл іс шаралар аудан орталығында мектепалды балалар мекемелерінде орын тапшылығы мәселесін толығынан шешуге мүмкіндік берді.

«Балдәурен» балабақшасында 4,1 млн. теңгеге терезе блоктары ауыстырылды. .



Жалпы білім беру

Аудандағы мектептер саны 29 бірлікті құрайды, оның ішінде 3-еуі бастауыш, 12-сі негізгі және 14-і орта мектептер.

Оқушылар контингенті (даярлық сыныптарымен бірге) 3663 оқушыны құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінде қалды. Ауданның 29 мектебі ішінен 10-ы ҚР білім беру ұйымдары саласының кепілдендірілген мемлекеттік нормативке сай келмейді.

Бір оқушыны күтіп бағу үшін мектеп бойынша орташа шығындар: бастауыш – 216,4 мың теңге, негізгі – 324,7 мың теңге, орта – 193,3 мың теңге.

2014 жылы ҰБТ-ға 106 түлектен 53 оқушы қатысты (50%), аудан бойынша орта балл 76,55 құрады (облыстық көрсеткіш – 79,94), білім сапасы – 41,02% (облыстық көрсеткіш 41,06%).

Жазғы демалыс және сауықтырумен оқушылардың жалпы санынан 2500 бала немесе 76% қамтылды.

Бір компьютерге 7,5 оқушыдан келеді, 27 мектеп кең жолақты Ғаламторға қол жеткізген.

Жаңа түрлендірілген кабинеттермен қамтылған мектептер үлесі аудан бойынша 48,2% немесе 14 мектепті құрайды.

Б. Майлин ат. орта мектеп пен Новоильин орта мектептерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен жобалы-сметалық құжат әзірленді.
2.11. Денсаулық сақтау және спорт (соның ішінде дене тәрбиесін дамыту)
Денсаулық сақтау саласының басты мақсаты инфрақұрылымды, медицина қызметінің сапасы мен ұйымдастырылуын жетілдіру.

102,6 млн. теңге мөлшеріндегі республикалық бюджет қаражаты есебінен Май ауылында ауысымда 27 келушіге дәрігерлік амбулатория ашылды.

6,5 млн. теңге сомасындағы тартылған қаражаттар есебінен («Варваринское» АҚ) орталық аудандық аурухананың кір жуатын ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді.      

Әлеуметтік-маңызды аурулар көрсеткіштері мынадай болды: наркологиялық ауруға шалдықан науқастардың анықталған саны айтарлықтай азайған – 54-тен 38-ге дейін, туберкулез – 23-тен 17-ге дейін. Сонымен қатар қатерлі ісікпен ауыратындардың анықталған саны артты– 77-ден 83-ге дейін.

Бала туудың 1000 адамға жалпы коэффициенті 14,2 промилльге немесе өткен жылдың деңгейіне 84% тең .

Өлімнің 1000 адамға жалпы коэффициенті 3% артты және 12,4 промилльге тең.


Дене тәрбиесі және спорт

Спорттық іс шаралар өткізуге 5 млн. теңге жұмсалды 1,4 млн. теңге сомасына спорт жабдықтары сатып алынды.

5,2 млн. теңге сомасындағы бюджеттік қаражаттар есебінен Май спорт залы мен стадионы жөнделді.

2.12. Аудан бюджеті
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуы көбіне ауданның қаржылық жағдайына байланысты.

2014 жыл ішінде мемлекеттік бюджетке трансферттерді есептемегенде 8,5 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,9 млрд. теңгеге немесе 18% -ға төмен.

Оның ішінен республикалық бюджетке 6,1 млрд. теңге (өткен жылдың деңгейінен 2,0 млрд. теңгеге немесе 25 %-ға төмен), обдыстық бюджетке - 848,5 млн. теңге (өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 17,2 млн. теңгеге немесе 2%-ға артық), аудандық бюджетке – 1,5млрд. теңге түсті (өткен жылдың деңгейінен 118,9 млн. теңгеге немесе 8% -ға артық ).

1,4 млрд. теңге сомасындағы трансферттер мен субвенциялар түсті, бұл жоспарға қатысты 100 % құрайды.

Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2,8 млрд. теңге сомасында немесе жоспарға қатысты 100,7 %-ға орындалды, шығыс бөлігі – 2,9 млрд. теңге сомасында немесе жылдық жоспарға қатысты 99,7 %-ға орындалды .

Әлеуметтік саланы дамыту мен күтіп ұстауға 1,6 млрд. теңгеден астам бағытталды, бұл бюджеттің шығыс бөлігінен 56% құрайды.




3. Ауданның салалар мен өрістер кесінінде алдағы жылға және

келешекте орта мерзімдік дамуының негізгі мақсатты индикаторлары
Ауданда басты мақсатты жүзеге асырудың маңызды қорытындысы, халықтың жоғары әл – ауқаты деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білім беруде, мәдениетте, спортта, көлік инфрақұрылымында өмір сапасының жоғарғы стандартын және қолайлы баспанамен қамтамасыз ететін экономиканың серпінді, баланстандырылған дамуы және бәсекеге қабілеттілігі.
Ауданның басты стратегиялық мақсаттары:

Аудан экономикасының институциялық дамуының жалпы бағыты

  1. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының үдемелі дамуы

  2. Іскери белсенділіктің артуы

  3. Кедейлік пен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі

  4. Тұрмыстық инфрақұрлымды жақсарту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.


Таран ауданы туралы жалпы мәліметтер


Құрылған жылы

1936

Аумағы мың шаршы км.

7,6

Халықтың саны, мың адам (2014 жылдың 1 қаңтарына)

26,837

соның ішінде, %




  • қалалық




  • селолық

26,837

  • ер адамдар

13,167

  • әйелдер

13,670

Ұлттық құрамы, %




  • қазақтар

29,8
- орыстар

38,0
- басқа ірі ұлыстар

25,3

- басқалар

6,9

Әкімшілік – аумақтық бөлінуі




- қалалар:

-

- ауылдық аудандар:

-

- кенттер: Тобыл к.

1

-ауылдар: Юбилей а., Евгенов а., Приозерный а.

3

- ауылдық округтер: Таран, Асенкритов, Белинский, Калинин, Қайранкөл, Май, Набережный, Новольин, Павлов

9

Жергілікті өкілетті органдардың депутаттары, барлығы:

13

  • аудандық мәслихат

13

  • қалалық мәслихат

-

Аудан орталығы -


Таран а.

Құрылған жылы


1966 ж. 2 тамыз

Тұрғындардың саны, мың адам


3,470 адам

Кент/қала аумағы, шаршы шақырым


216 шаршы шақырым




Ауданның әкімшілік –аумақтық бөлінуі (қалалар) (негізгі көрсеткіштер)

Ауданның атауы

Әкімшілік орталығының атауы

Ауылдық/кенттік округтің атауы

Аумағы шаршы км.

Ауылдық және кенттік елді мекендердің саны

Аудандық орталыққа дейін аралығы, км

Таран

Таран а.




7600

42










Тобыл к.

2,4

Тобыл к.










Юбилейное а.

96,7

Юбилейное а.

40







Евгенов а.

46,2

Евгенов а.

90







Приозерное а.

538,4

Приозерное а.

46







Таран а/о

760,4

Таран а.

-













Воронежское а.

12













Оребургское а.

3













Красносельское а.

3













Журавлевка а.

5













Щербиновка а.

23













Аятское а.

5







Асенкритов а/о

474,9

Асенкритов а.

22













Баталы а.

52













Варваринка а.

40













Қызылжар а.

34













Николаевка а.

12













Майлин а.

19







Белинский а/о

1382,1

Қайындыкөл а.

90













Жамбаскөл а.

78













Смайыл а.

100







Калинин а/о

449,8

Береговое а.

50













Нагорный а.

66







Қайранкөл а/о

836,2

Мақсут а.

130













Достияр а.

135







Май а/о

111,4

Май а.

12













Приреченское а.

10







Набережный а/о

286,8

Набережный а.

21













Елизаветинка а.

25







Новоильинов а/о

729,7

Новоильинов а.

32













Ақсуатск а.

41













Богородское а.

35













Валерьяновка а.

43













Козыревка а.

39













Ленинское а.

50













Мирное а.

37













Притобольское а.

39













Увальное а.

41







Павлов а/о

1455,9

Павловка а.

68













Апановка а.

75













Коржынкөл а.

48













Барсуковка а.

95













Нелюбинка а.

110

Таран




Павлов с/о




Павлов с.

68

Таран










Апан с.

75

Таран










Қоржынкөл

48





















2005 – 2014 жылдардағы өңірдің негізгі көрсеткіштерінің динамикасы





Атауы

10 жылға еселігінің өсуі

Есептік жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштің мағынасы

Есептік жылдың қорытындысы бойынша облыста өңірдің үлес салмағы

1

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі

28,9раз

27405,4

5,2

2

Өнеркәсіп өңдеуші өнімінің көлемі

1,4 раз

9420,3

4,0

3

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

26,7 раз

9346,0

4,9

4

Шағын бизнестің өнімі

13 раз

8490,4

-

5

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі

28,9раз

27405,4

5,2

6

Мембюджетке түсімдердің көлемі

1,4 раз

9420,3

4,0



Өнеркәсіп дамуының негізгі көрсеткіштері

Таран ауданы

Жылға сәйкес өнімнің көлемі (тауарлар, қызметтер) млн. теңге


Жалпы өндіріс көлеміндегі үлес салмағы %

Өнімнің физикалық көлемінің индексі, %


2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Үй шаруашылық секторын есептегенде аудан бойынша барлығы

36100

28864,4

27405,4

6,0

5,6

5,2

108,5

92,9

82,5


2014 жылға өңірдің ірі кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері

(250 адамнан астам қызметшілердің санымен)


р/с

Кәсіпорынның атауы


Орналасқан жері

(қала, аудан)


Өндіру өнімнің көлемі

млн. теңге


Жұмыс істейтіндердің саны, адам

Инвестициялар,

млн. теңге

Орташа айлық еңбекақы, мың теңге

1

«Варваринское» АҚ

Варваринское с.

24170,3

728


3872

238,8
























Ауыл шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері

(барлық санаттағы шаруашылықтары)

Көрсеткіштер

2013

2014

Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы жинауы мың тонн

Дәнді барлығы (сынақ салмағында)

95,077

109,875

Соның ішінде: бидай

77,715

79,213

Майлы – барлығы

9,023

13,915

Картоп

15,714

14,3218

Көкөністер

6,541

7,220

Астық өнімділігі, ц/га

дәнді – барлығы

6,3

8,4

Соның ішінде: бидай

6,2

8,7

Картоп

195,1

182,3

Көкөністер

323,3

350,9

мал шаруашылығы өнімнің өндірісі,мың тонн

Мал және құс (сойылған салмағы союға өткізілді)

4835,5

4180,8

Сүт

18797,6

20099

Жұмыртқа (млн. дана)

41475,6

8754,6

Жүн

-

-

Жылдың соңына мал және құстың басы, мың бас

Ірі қара мал

21642

22686

Соның ішінде: сиыр

9412

10985

Қой мен ешкі

12692

14208

Шошқалар

6395

11209

Жылқы

2597

2626

Құс – барлығы

197881

150583






Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

Аудан

2014 жылға ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемі, млн. теңге


2013 жылға 2014жылғы %

Облыстың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, %

Таран

9420,3

102,9

4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет