Әдістемелік қызметке мониторинг жүргізу үшін қолданылатын ақпараттарды өңдеу мен жинау әдістері, құралдары.
Эксперттік сұрау, бақылау жасау, құжаттарды талдау, конференция, семинарларға қатысу, мұғалімдердің білімі, шеберлігі мен дағдысын бақылау, сауалнама, тестілеу, өзін-өзі бағалау. Әдістемелік қызмет мониторингінің дайындық кезеңінде мониторингтің мақсаты, обьекті, зерттеу бағыты, бағалау критерийі анықталады. Ал негізгі кезеңінде ақпараттарды жүйелендіру мен жинау әдістері пайдаланылса, талдау кезеңінде ақпарат өңделеді, талданады, ұсыныстар әзірленеді, басқару шешімдері қабылданады. Мониторингті бірнеше деңгейде өткізуге болады: мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық. Аталған деңгейлерде диагностикалық зерттеулер жүргізудің өлшеуіштерінің бірі- РІSА. Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан таяу жылдарда «РІSА халықаралық зерттеу бағдарламасы аясында нақты жетістіктердің салыстырмалы талдауына қатысады»,-делінген. РІSА білім беру мониторингі материалдарынан сапалы білімнің халықаралық өлшемдерімен танысуға болады.Өйткені бұл-білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама.
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы арқылы жүзеге асырылатын бұл бағдарламаның тестілік тапсырмалар әзірлемесінің тұжырымдамалық тәсілі халықаралық біріккен конференцияда талқыланып, қабылданады. РІSА халықаралық зерттеуінің мақсаты- білім алушының қазіргі технологиялық, ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүруі үшін қажетті білім мен дағдысын, алған білімін өмірде қолдана білу, яғни өз бетінше оқу қабілетін бағалау. РІSА бағдарламасы бойынша 3 жылдық циклмен 3 бағыт бойынша оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, ғылыми-жаратылыс сауаттылығы зерттеледі. Оқу сауаттылығы дегеніміз-жазу мәтіндерін түсіну қабілеті, оның мазмұнын өз мақсатына жету және қоғам өміріне белсене араласу үшін қолдану. Зерттеу мақсаты- оқу техникасы емес, түрлі мәтіндерді түсіне білу, оның мазмұнын ойлау, мағынасына баға беру, оқығаны туралы өз ойын айта білу қабілетін анықтау.
Математикалық сауаттылық жақсы дәлелденген математикалық пайымдауларды айта білу қабілеті, математика арқылы шешуге болатын проблемаларды айыра білу. Проблемаларды шешу үшін білім алушыға белгілі көлемде математикалық білім мен дағды қажет. Математикалық сауаттылықты сипаттайтын аспектілердің бірі – математикалық құзырлылық. Бұл жалпы математикалық дағдылар: математикалық ойлау, дәлелдеу, модельдеу .Білім алушыларға математикалық сауаттылықты анықтау үшін өмірден алынған практикалық жағдайлар ұсынылады.
Ғылыми-жаратылыс сауаттылығы дегеніміз-білім алушының ғылыми-жаратылыс білімін нақты өмірде пайдалану қабілеті.Ол мынындай іскерліктермен бағаланады: ғылыми-жаратылыс білімін практикалық жағдайларда пайдалану ; жаратылыстану жауап беретін сұрақтарды анықтау; алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау; басқаға түсінікті түрде жауап беру. Ғылыми-жаратылыс сауаттылығы бойынша тапсырмалар жаратылыс білімі тарихынан немесе күнделікті өмір жағдайларында айтылатын мәтінге байланысты сұрақтар тобынан тұрады.
12 жылдық білім беруде білім алушының жеке жетістігін жинақтау мен бағалау тәсілі портфолио қолданысқа енуде. Американдық және еуропалық білім беруде портфолио «білім алушының жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция» ретінде анықталады.Әрбір білім беру ұйымы өздерінің портфолиосын құра алады. Соған байланысты портфолионың бірнеше түрін атауға болады: оқушы, студент, мұғалім, басшы, әдіскер портфолиосы.
Жас мұғалімдер мектебіндегі оқытудың негізгі мақсаты-ұйым жұмысының тиімділігін арттыру. Жас мұғалімдер мектебі жұмысының нәтижелі болуы оған қатысушылардың өзін-өзі дамыту тұлғалық және ұйымдастырушылық өсу үшін оқып-үйрену тәсілі ретінде екендігін, оқуға деген қажеттіліктерін талдау және бағалай білуге тікелей байланысты.
Курсаралық жұмыстар ретінде бірнеше әдістемелік жұмыстар ұйымдастыруға болады. Соның бірі әдіскерлердің методологиялық семинарларын өткізіп, оның тиімділігін зерттеу. Әдістемелік семинардың тиімділігін, қажеттілігін зерттеу түрлері: семинар соңында әртүрлі бағытты қамтитын сауалнамалар алу, тест жүргізу, тренингтер өткізу, семинардың өткізілуі туралы ой толғау жазғызу, семинар жұмысын бағалату, әдіскерлердің семинарлардан алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу деңгейлерін анықтау мақсатында тапсырмалар беру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |