Әлеуметтік – ғылымдар гуманитарлық факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет2/4
Дата25.11.2022
өлшемі81.97 Kb.
#465739
1   2   3   4
ACTLYONLSDLT23112022101958

Мониторинг жүйесі
Мониторинг дегеніміз - белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді.
Мониторинг дегеніміз – «мұғалім-оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті, басқаша айтқанда, мониторинг- оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін талдау мен мектептің даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі .
Мониторинг не үшін қажет?
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Мониторингтің мақсаты мен міндеттері. Мониторингтің мақсаты мектеп білім беру жүйесінің хал-ахуалы туралы және оның фунциялық негзігі көрсеткіштері жайлы алынған ақпараттарды қорыту және талдау болып табылады. Ол атқарылған жұмыстарды бағалау және даму беталысын болжамдау үшін, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу біздің мектепте мынадай міндеттерді жүзеге асыру жолдарымен шешіледі:

  • Мектептегі педагогикалық жүйенің хал-ахуалын және сол жүйе бойынша жүзеге асырылатын білім беру сапасын тұрақты түрде және жан-жақты зерделеп отыру.

  • Шынайы ақпараттар негізінде бағалау және көмекші оқу персоналын қамтамасыз етудің шарттарын жетілдіру

  • Көмекші оқу персоналының мынадай салалар бойынша жқмыс тиімділігін басқару;

  • Психикалық –педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда

  • Функционалдық міндеттерді жүзеге асыруда;

  • Мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда: білім беру процесіндегі өзгерістерді және оларды туындататын факторларды анықтау; оқу сапасын басқару.

  • Мектептегі мониторингтік зерттеулер механизмін жетілдіру.

  • Мектеп білім беру жүйелерін мониторингілеу, субъектілерін қызметтерін үйлестіру.

Мониторинг объектілері. Біздің мектепте мониторинг объектілері оқушы мен оқытушы, оқу нәтижелері(ағымды, қорытынды) , көмекші оқу персоналдарының ресурстық базасы.
Мониторингтің негізгі бағыттары мен түрлері. Мониторинг мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мектеп білім беру жүйесінің сапасы мына бағыттар бойынша айқындалады:
- Оқушылардың оқып-үйренудегі(білім алудағы) қол жеткізген деңгейі;
- Педагогтардың кәсіби шеберліктері;
- Инновациялық қызмет;
- Тәрбиелеу жүйелерінің тиімділігі.
Мектеп білім беру қызметін мониторингілеу мынандай өлшемдер түрін қамтиды:
- Педагогикалық (біліктілік, оқу құрылымындағы жаңалықтар)
- Психологиялық(мінез-құлық, тұлғаның бағдарлануы, жеке тұлғалық қарым-қатынастар жүйесі, негізгі психологиялық сипаттамалар)

- Дидактикалық (оқушылардың іс-әрекеттерін басқаруға және түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету тәсілдері)


Білім сапасы 3 буын бойынша зерттеуге алынады:
- Бастауыш буында 1-4 кластар;
- Орта буында 5-9 кластар;
- Жоғары буында 10-11 кластар.
Бұл бағытта оқушылардың білім сапасы қаралатындықтан, тоқсан сайынғы қорытындылар, әкімшілік бақылау жұмыстары, жыл сайынғы білім сапасы толық бақыланып, оның өсу немесе кему динамикасын анықтап, кемшіліктерді жою технологиясы құрастырылып, оң тұстарын одан әрі жалғастыру көзделеді.
Оқытушылардың мақсаты: оқушыларды ҰБТ форматындағы қорытынды аттестаттауға дайындау сапасын арттыруға және сапалы әдістемелік оқытуға бағытталған жағдай жасау арқылы пән мұғалімдерінің кәсіптік құзіреттілігі деңгейін арттыруға жағдай жасауға ықпал ету.
Міндеттері:

  • оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауды ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін тереңдету және жетілдіру үрдісін бақылау және бағалау;

  • білім беру ірдісін ұйымдастыру барысында оның сапасын арттыруға ықпал етуші тиімді басқарушылық шешімдерді анықтау;

  • сабақты сапалық әдістемелік қамтамасыз етілуіне, пән мұғалімдерінің кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған жағдайларды анықтау және қалыптастыру;

  • гимназия деңгейінде жүйелі әрекеттестікті ұйымдастырудың тиімді формалары мен тәсілдерін анықтау;

  • ҰБТ-ға дайындық жөнінде жүйелі қызметті ұйымдыстырудың проблемалық сапаларын анықтау;

  • педагогтердің ҰБТ-ға дайындық жөніндегі жүйелі қызметтін ұйымдыстыру барысында жеке мекен-жайлық әдістемелік көмек көрсету;

  • қорытынды аттестаттауға дайындау барысында бақылау-сараптамалық және түзету қызметтерін ұйымдастыру бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету;

  • гимназияның басқарушылық қызметі жүйесінің оқушыларды оқыту сапасын көтеру деңгейіне пән мұғалімдерінің кәсіптік құзіреттілігі деңгейіне ықпал ету нәтижелерін бақылау;

  • педагогтер мен оқушылардың сұраныстарын ескере отырып,түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

Міне, осы міндеттерді атқару үшін бүгінгі кеңеске «Сараптамалық –консультациялық кеңес» құруды ұсынысы ретінде
Сараптамалық Консультациялық Кеңес қызметінің негізгі бағыттары мен уәкілеттілігі
1.Осы бағыттағы қызметтерді ары қарай түзету жөнінде ұсыныстар жасайды.
2.Пән бойынша, бейін бойынша “ Алтын белгіге” үміткерлерге жүргізілген сынақ тестілеу нәтижелерін талдайды.
3.ҰБТ-ға дайындық сапасына кедергі келтіруші проблемалар мен факторларды анықтайды.
Мониторингтің түрлері өте көп:

  • өткізу жиілігі бойынша( бір рет, мерзімді, жүйелі);

  • ұйымдастыру формалары бойынша( жеке, топтық, фронтальді);

  • қарым- қатынас формалары бойынша ( сырттай байқау, бірін- бірі бақылау, өзіндік талдау);

  • оқыту кезеңдері бойынша ( кіріспе, аралық, қорытынды).

Мониторингінің ерекшеліктері:
1. Оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенің, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.
2. Шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.
3. Өз зейінін тәрбиелейді.
4. Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды.
5. Ойланып оқуға дағдыланады.
Білімділік мониторинг көп деңгейлі жүйе..
1 - деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2 - деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады. Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау жүргізіледі.
Мониторингтік зерттеудің әдісі:

  • Әуелі, зерттеуге бағытталған оқу пәндері таңдап алынып, мониторингті жүргізу мерзімі анықталады. Оқушыларға берілетін тесттер мен бақылау қималары мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісімен бірлесіп таңдап алынады. Бұл жұмысты жүргізу кестесі алдын ала ілінеді.

  • Зерттеудің мақсаттарына байланысты мониторингтің жетістікке жеткізетін оқу-тәрбие үрдісі мен құрылымның нәтижесін анықтау бағытын ең маңызды деп айтуға болады.

  • Диагностика көмегімен оқушылардың білім деңгейі анықталады, білім беру нәтижелерінің жетістігі қорытындыланады, білім беру үрдісінің кезеңдері жоспарланады.

  • Мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеу үлкен нәтиже береді.

  • Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесі, оқушының танымдық қызығуын, нашар үлгірімнің дидактикалық себептерін анықтау мүмкіндіктерін қадағалауға болады.

  • Білім беру үрдісін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық, қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзеушілік қызметтер атқарады. Енді соның әрқайсысына тоқталайық.

Мониторингтің қалыптастырушы қызметінің нәтижесінде оқушының «дамуға жақын аймағына» ықпал ете отырып оқушы тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды . Әрбір оқушыға қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін жеке талдауға, оқушының педагог назарынан түсіп қалу мүмкіндігін шығарып тастауға көмектеседі.

  • Оқу үрдісінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, оқушылардың жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.

  • Алғашқы кезеңде мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан бастаймыз.

  • Келесі кезектегі кезең негізгі көрсеткіштер мен критерийлерін анықтау, диагностика әдістерін таңдаумен жалғасады.

  • Диагностика әдістерін дәстүрлі (тестілер, сауалнамалар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант, т.б.) және дәстүрлі емес әдістер (бақылау, пікірлесу, т.б.) деп бөлуге болады. Педагогикалық мониторингтің екінші талдау – диагностикалық кезеңінде ақпараттар жиналып, мәліметтер сандық және сапалық өңдеуден өткізіледі. Өңдеу кезінде алынған нәтижелерді салыстыру барысында педагогикалық диагноз қою, себеп-салдарға тәуелділікті дәлелдеу және талдау жүзеге асырылады.

  • Алдағы негізгі ой - мақсатты, даму мүмкіндіктерін болжай отырып жоспар жасау, болжау кезеңінің әрекеті болып табылады.

  • Әрекеттік-технологиялық кезеңінде педагогикалық үрдісті түзету іске асырылып, баланың дамуын тежейтін немесе оның ынтасын әлсірететін себептерді және кемшіліктерді жою қажет.

  • Аралық-диагностикалық кезеңде нормативті көрсеткіштермен салыстыру және логикалық талдауға негізделген нормативті көрсеткіштерден ауытқу себептері анықталып, түзету-даму жұмыстарының стратегиясы жасалады.

  • Соңғы қорытынды – диагностикалық (аяқтаушы) кезеңінде мониторинг нысаны жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады. Мониторингтен алынған мақсат және міндеттер сәйкестігі, логикалық талдауға негізделіп жүргізілген жұмыс нәтижесі анықталады.

Мұғалім өз мақсатына жеткен, жетпегеніне көзін жеткізетін тек сенімді әдісі бар болса ғана өзінің әдістерінің дұрыстығына, өз еңбегінің нәтижелігіне сенімді бола алады, ал керісінше жағдайда өз жұмысын жөндеуді қажет ететін анық мәлімет ала алмайды.
Сыныптың білімді игеру дәрежесі арнайы технологиялық карталарға толтырылады. Мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдерге осы элементтер негізінде оқушылардың білім, дағды, іскерлігіндегі кемшіліктерді түзеуге уақыт беріледі.
Білім сапасы көп айтылып жүрген шақта оқу-тәрбие үрдісінің әр түрлі қырларын талдауда мониторингтік зерттеу жақсы құрал болып табылады. Мониторингтік зерттеу нәтижесінде өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісі туралы дәл, әділ, тез ақпарат аламыз. Ол ақпарат оқушылардың оқу әрекеті мен мұғалімдердің іс-әрекетіне түзету жүргізу жайлы уақтылы басқарушылық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мониторингтік зерттеу жүргізуге педагогтер мен мектеп әкімшілігінің қатысуы дидактикалық құралдарды жаңарту нәтижесі және сапасы жөнінде дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді, теорияның мектеп өмірімен толық байланысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нысандары мен істі атқару тәртібін анықтауға жол ашады. Мониторингтің нәтижесі мұғалімдерді аттестаттауда, сабаққа қатысу кезінде, мұғалімнің іс-әрекетін және оқушылардың білім, білік, дағдыларын түзетуде қажет.
Орта мектептерде білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу процесін зерттеудің негізгі құралдарының бірі – мониторинг. Мониторинг бастапқы деректерді, оқу жоспарларын, оқулықтарды және оқу-әдістемелік материалдарды талдау кезеңінде анықталған мәселелерді зерделеу, мектептерге әдістемелік қолдау көрсету, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқып жатқан білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Мониторингтің негізгі мақсаты – оқу бағдарламасын іске асыру барысында оның нәтижелерінің сапасын арттыру үшін біртіндеп өзгерістер енгізуге ықпал ететін барлық оқу процесіне қатысушыларды кері байланыспен қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет