20
Кетігін тап та, бар қалан, - дейтін Абай өлеңін «Әдебиетіміздің шыңы!» деп бағалайды.
Абай шығармалары «халқымыздың көңіл-күйін ашып, сергітеді» деп насихаттайды.
Тыңға түрен салған Алаштың біртуар азаматы
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) өзінің
«Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Қазақтың бас ақыны - Абай (шын аты Ибраһим)
Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.»
Абай өлеңдерімен 1903 жылы қолжазба арқылы танысқан Ахмет Байтұрсынов: «Оқып қарасам,
басқа ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша,
әуелгі кезде жатырқап,
көпке дейін тосаңсып отырасыз. Сөзі аз, мағынасы көп, терең». – деп жоғары бағалаған. Абайға
арнаған алғашқы тырнақ алды туындысы 1913 жылы Орынбор қаласында 1913-1918 жылдар
арасында А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтардың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ»
газетінің
39,41-сандарында
және
1914
жылы
64-санында
«Абай»
журналында
А.Байтұрсыновтың бас мақалалары шықты. Абайдың «Интернатта оқып жүр» (1913) атты өлеңі
алғаш жарияланған.
Алаш азаматтарының бірі
Міржақып Дулатов (1885-1935) ұлы Абайдың қайтыс
болғанына 10 жыл толғанына орай 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты
мақаласында: «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға
керек» - деп, ақынды қазақ әдеби тілінің негізін салушы және жазба
әдебиетіміздің негізін
қалаған алғашқы жарық жұлдызға теңейді.
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 28 санында Абай мен Михаэлистің достығы жайлы
мақаласында географ Б.Г.Герасимов (1872-ө.ж.б.) «Құнанбаевпен танысқан және оның аса
қабілеттігін байқаған Михаэлис оған баса назар аударды» деп,
Абайды Семей кітапханасында
көп көріп, көп әңгімелескенін айта келіп, Абай туралы естелік жазған. Қазақ жеріне саяси жер
аударылған Е.П.Михаэлис (1841-1913) Абай танымына, батыс әдебиетін қалыптасуына себепші
болған. 1914 жылы Мәскеуде жарық көрген «Восточный сборник» атты кітапта Абайдың өмірі
мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, бірнеше өлеңдеріне қара сөзбен орыс тілінде
түсінік берілген.
Достарыңызбен бөлісу: