22
төте жазумен жазған «Абай» трагедиясының кейіпкерлері өмірде болған адамдар, олардың
есімдері де сол қалпында алған.
Қазақ әдебиетi тарихында жоғары оқу орындарында арнайы
«Абайтану» курс дәрiс оқу
дәстүрi тұңғыш рет 1942 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетi қабырғасында
жүргiзiле Мұхтар Әуезов бастады. М.Әуезов бұл мәселеге алдын
ала ұзақ жылдар бойы ұлы
ақын мұрасы жайында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiздi. I918 жылдан бастап Абай мұрасы
жайындағы мақалалары баспасөзде жарияланысымен-ақ оқырмандар назарын өзiне тарта
бастады. Бұл, әсiресе, «Абай» журналында редактор болған жылдарында Абай мұрасы туралы
мақалалар жазумен бiрге ақын шығармаларынан үзiндiлер де жариялап, оқырман қауымға кең
тұрғыдан таныстырып насихаттаумен айналысты.
М.Әуезовтiң ғылыми творчестволық өмiр жолында жиырма жылға жуық үзiлiссiз арнайы
курс оқудан келiп туындаған
«Абай Құнанбаев» -
ғылыми монографиясы болса,
шығармашылық өмiрiндегi екiншi жетiстiгi Абай туралы әр түрлi жанр түрiнде жазылған
көркем туындылары мен
«Абай жолы» эпопеясында жатты.
Өзiнiң Абай туралы ғылыми
творчестволық iзденiстерi мен жазған ғылыми еңбектерiнде осы екi саланы қатар ұстанып,
негiзгi айтылар ойларының желiсiн осы тұрғдан өрбiтiп отырған.
М.Әуезов 1924 ж., Семей қаласында өткен әдеби кеште
«Абайдың қазақ әдебиетiндегi
тарихи орны» туралы жасаған баяндамасы кезiнде автордың қолында Абайдың ғылыми өмiр
баянының тұңғыш жазылған нұсқасы, ол қолжазба 1934 ж., тұңғыш рет кешiгiп барып
жарияланған толық жинағында басылды. Мiне,
осы кезден бастап М.Әуезовтi әдеби
Достарыңызбен бөлісу: