Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет20/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

1.2 Әдеби ортасы 
Осы кезден бастап қазақы ортада Абайдың алғашқы әдеби ортасының қалыптасу 
жолындағы рухани құбылысын байқалды. Ел билеу жолындағы әкесінің тапсырмаларын 
орындай жүріп, елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен әңгімешіл қарттарымен сырласа жүріп, 
халқының рухани қазынасына байыды. Аты шыққан замандас ақындары Дулат, Шортанбай


26 
Шөже, Балта, Тәттімбет, Қазақбай, Жанақ, Түбек, Біржан, т.б. ақындардың алдын көріп, 
Сабырбай ақынмен сыр шертіп сырласуы Абайдың әдеби ортасының алғашқы бастау көздеріне 
жатпақ. Осы ортада жүріп, өзінің тұңғыш ақындық талпынысы Абайдағы бойына біткен 
ақындық өнердің бүр жара бастаған кезеңін оның бозбала шағындағы экспроматты өлеңдері 
мен құрбыларымен сөз қағыстыру өнеріне төселе түскен қалпын танылады. Бала Абайдың 
атақты Барластың (Дулат) ақындық жырын тыңдап, рухани жан дүниесі әсерге бөленуінен 
Дулаттың «Айтушым судай төгілген, Тыңдаушым бордай егілген» тыңдаушысы жас Абайға 
бата береді. Байкөкше ақыннан ақындық шабыттың келу сырын ұғынса, айтыс ақындары 
өнерінен сөз кестесін тоқудағы ақындық психологиялық шеберліктің тылсым сырын сезініп 
толыса түседі. 
Медреседе оқыған жылдары мен әкесінің ел билеу жұмыстарымен айналысқан бозбала 
Абай жігіттік шағында Шығыстың классик ақындарын оқып, ақындық рухани қазынасы да күн 
асқан сайын нәрленіп қорлана береді. Ауыл кәриелерінен, ел ақсақалдарынан да әңгіме үстінде 
шешен, тапқыр сөйлеудің сырын танып, сөз өнерінің тыңдаушыға әсер ету қуатынан сабақ 
алып, көркем сөздің қоғамдық ойдағы алар орнына мән бере бастайды.Бұлардың бәрі де Абай 
мұрасының рухани көздері немесе өзгеден алған рухани нәрлеріне жатады.
Абайдың Шығыс пен Батыстан яғни екі жақтан алған рухани бұйым белгілері де Абайдың 
әдеби ортасына жатады. Осы екі салаға қоса Абайдың қазақи қалпын танып білмейінше, кетпен 
тұяқ кемеңгер ақынның ұлттық, халықтық, ақындық өнер болмысындағы ерекшелігін танып 
біле алмаймыз. Өйткені Абайдың өзі күнделікті іздену үстінде нәр тартып, тікелей араласқан, 
танысып біліскен, шығармаларымен бала жастан қанығып, жаттап өскен әдеби ортасы абайтану 
саласында айрықша мәнге ие болды. Абай араласқан қазақы әдеби ортасының аумағы Түбек 
ақынның Алатауды жайлаған Сүйінбай, Жамбылдармен айтысып жүруі әдеби ортаның 
географиялық кең өрісін де кеңейтті. Абайдың әдеби ортасының екінші басқышы Абайдың 
«өзгеге берген нәрі» немесе оның ақындық дәстүрі деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғым 1934 
жылдан бастап бермен қарай «Абайдың ақындық мектебі» деген мәселені кең тұрғыдан сөз 
етіліп, осы саладағы ғылыми зерттеу жұмыстарының мазмұнымен анықталады. Абайдың 
ақындық дәстүрін дамыта жалғастырушылар, алдымен, Абайдың ақын шәкірттері деп аталатын 
Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Әсет т.б. ақындар шығармалары арқылы әдебиет 
көшінің басы қазақы, тарихи, философиялық лирикадан батысқа бұрылып, реалистік
романтикалық сюжетті поэмалардың пайда болды. Шәкірт ақындары Абайдың ақындық 
дәстүрін жалғастыра дамытудың үстіне Абай мұрасының ел ішіне таралып, танылуы жағынан 
да насихатшысы болған. Олар Абай мұрасын жатқа алып, әнге қосып айтумен бірге Абай 
өлеңдерін қолмен көшіріп, ел ішіне жайылуына қызу атсалысқан әрекетін көреміз. Абайдың 
ақындық мектебін М. Әуезов кең мағынада алып қарастырғанда, Абайдың ақын шәкірттерінен 
кейін қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы ояну дәуіріндегі әдебиет өкілдерін меңзейді. 
Бұлар - С. Дөнентаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ақындар.
Абай дүниеден өткен соң әдебиет майданына келген ақындардың талантты тобын
Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар деп танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет