Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет24/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Кеннан Джордж. Сібір және жер аудару. Петербург, 1906, 254-б. 
2. Әуезов М.О. Абай Құнанбаев. Алматы: Ғылым, 1967, 213-б. 
3. Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы. Алматы: Жазушы. 1961, 578-б. 
4. Жиреншин Ә. Абай и его русские друзья. Алматы, Ғылым, 1949, 126-б.
5. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. Жауапты редактор Ә. Нысанбаев. Алматы: 
Ғылым, 1995. 182 бет 
6.Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, Білім. 1996, - 286 беттік 
7. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы: Қазақстан. 1992. – 177 беттік.
8. Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. Алматы: Мұраттас. 1993, 321 беттік. 
9. Яссауи тағлымы. – Түркістан, Мұра. 1996, 218 беттік. 
10. Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. Алматы: Жазушы, 1974. - 216 беттік.
11. Намық Кемал Зейбек. Қожа Ахмет Иасауи жолы және таңдамалы хикметтер. Аударған 
Досай Кенжетай Тұрсынбайұлы. Анкара: Бойут-Таң, 2003. 256 беттік. 
12. Дәуітұлы С. «Диуани Хикмет» хақында. Алматы: Қазақстан, 1998. 168 беттік.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


35 
Лекция № 4.
 
МҰХТАР ӘУЕЗОВ - АБАЙТАНУДЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ 
1. Абай өмірі мен мұрасын тануды бастаушы (1933-1961) 
2. М.Әуезов танымындағы абайтанудың 8 бағыттары мен мазмұны 
1. Абай өмірі мен мұрасын тануды бастаушы (1933-1961) 
Абайдың тұңғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмiр баянының қоса 
жариялануы М.Әуезовтiң абайтану саласының негiзiн қалаған тарихи еңбегi ретiнде 
қабылданды. Абай мұрасы жайында М. Әуезовтiң «Абай» журналы мен «Шолпан» журналында 
жарияланған зерттеулiк мақалалары мен «Әдебиет тарихы» кiтабында ендiгi жерде Абай 
мұрасын зерттеумен айналысу қажеттiлiгi жайындағы ескерме пiкiрiмен-ақ сол кезеңде Абай 
мұрасының бiрегей бiлгiрi деген пiкiр қоғамдық ойда қалыптасып та қалған едi. Әсiресе, М. 
Әуезовтiң ғылыми теориялық деңгейi биiк жатқан бiрегей мақаласы «Абай ақындығының 
айналасы» деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналында 
жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделi 
проблемалардың өзектi желiсiн тартқан еңбек болып шықты. 
М.Әуезов Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып бiлу жолына саналы түрде алдына ұлы 
мақсат қоя отырып кiрiсуi, негiзiнен, Абай туралы роман жазуды қолға алған жылдарынан 
басталады. Абайтану саласында жүргiзiлген ғылыми творчестволық iзденiстерiнiң бәрi де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет