107
Адам болудың бір шарты - Үят деген ұғымды бойға сіңдіру. Үят
дегеніміз - адам
бойындағы адамгершілікке жат, жаман қылықты, істі өз мойнына алып, өзіңді-өзің сөгу, өзіңе-
өзің ұрсу, өзіңді-өзің дұрыс, әділ, адал жолға салу «Жалығу бар, шалқу бар, іш пісу бар. Жаңа
сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырап, Ертеңі жоқ, бүгінге
болған
құмар» Абай ұяттыларға мейірленсе, үятсыздардан жиіркенеді де: «қайнайды қаның, Ашиды
жаның, Мінездерін көргенде», «Жігерлен сілкін, қайраттан, беркін!»деп
насихат бергенде;
«Ұятсыз, арсыз салтынан қалғып кетер артынан» деп, үятсыздарды сөгіп, «осы күнде менің
көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да, «ол істен», «мен ұятты болдым дедім ғой, енді
нең бар?», - дейді. Я болмаса, «жә, жә, оған менақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің?»
-дейді. Ар, Ұятпен қатар саналы қазақтың табиғатына сіңген бір ұғым - Намыс. Ақын бұл
ұғымға да ерекше мән береді. «Бұрынғы алған бабаларымыздың бұл замандағыларымыз
данартық екі мінезі бар: соның екіншісі - намысқор келеді екен. Ар, ұяттан айырылған, намыс
дегенді
білмейтін, білгісі де келмейтін болыстарды Абай мысқылдай кекетіп, өткір сатиралық
тілімен түйреп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: