Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


 Абай шығармаларындағы жанрлық ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет90/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

3. Абай шығармаларындағы жанрлық ерекшелігі. 
Абай шығармаларындағы ашық қойылатын әлеуметтік, этикалық проблемалар: қазақ 
әйелдері, жастар, достық, махаббат, еркіндік жайлы мәселелер. Бұл мәселелерді көтеруде де 
Абай өзін жаңашыл, бұқарашыл ойшыл ретінде танытты. Қазақ қыздары өзінің теңіне, жүрегі 
қалаған адамына қосыла алмай, не малы көп кәріге, не мүгедек бай ұлына байланып - маталып 
берілді. Олардың жеке басының билігі өздерінде емес, «ел ағасы» - би, құлақтардың қолында, 
не әке қолында болды. Абай бұл жағдайға наразылық білдіріп, бас бостандығы үшін күрескен 
жастар жағында болады. Ол өзінің «Бір сұлу қыз түрыпты хан қолында» деген өлеңінде, осы 
салт бойынша жас өмірін қор еткен қазақ қызының трагедиясын жыр етеді, Зорлыққа, қара 
күшіке бас имей; ханның кигізген алтын - күміс қамқасына алданбай, өз арым жоғары ұстаған 
қыздың жүрек күшін сүйсіне жырлап, оның наразылығын жақтайды. 
Етімді шал сипаған құрт жесін деп, 
Жар тастан қыз құлапты терең суға 
дейді, Осылайша Абай достық пен махаббатқа бөленген тең, тату-тәтті ерлі - зайыпты 
өмірді керек етіп, оны малмен сатып алуға болмайды, жүрек өпке кенбейді, күні өткен кәрі мен 
өмірі алда жас бірігіп өмір сүре алмайды, - дейді. Абайша «Махаббатсыз - дүние бос», еріксіз 
қосылу, зорлықпен өмір сүру қайуандық болады, «қайуанаға оны қосыңдар» дейді. Абай өзінің 
шығармаларында әйелді қоғамның тең мүшесі? оны іқорлауға болмайды? адам баласының тең 
жартысы әйел, ол біреуге ана? біреуге қарындас, не қыз біреудің қорғаны,ақылшысы, жанашыр 
қымбатты сүйген жары деп дұрыс түсіндіреді. 
Қара сөздерінде этика бір қатар моральдық категорияларға терең талдау жасап, 
философиялық ой алмасуға шақыра-ды. Үят, арнамыс, достық, махаббат, талап, мінез, қуаныш, 
қайғы, адалдық, шыншылдық т.с.с. этикалық ұғымдардың мән-мағынасын ашуға көп әрекет 
жасайды. Оларды өмірден, заманнан тыс емес, сол дәуірдің алға қойған әлеуметтік-саяси, 
ағарту мәселелерімен тығыз байланыста қарастырады.Абай өз заманының рухани бейнесін, 
өмір салтын, моральдық принциптерін филіософиялық тұжырымдау деңгейіне дейін жете алған 
тұңғыш қазақ ойшылы болды, замандастарының мәдени, ғылыми рухани жағынан да 
прогрессивті бағытта дамуы үшін қызмет етті. Абайдың көзқарастарындағы материалистік 
тенденция оның эстетика мәселелерін, әсіресе, искусствоның қоғамдық өмірдеп маңызы мен 
ролін қарастыруында және оның реалистік позицияны берік ұстауында анығырақ байқалады. 
Абайдың пікірінше, поэтикалық творчествоның көзі өмір,өзінің сезімдері мен ойларын қоса 


108 
алғандағы адам болып табылады. Абай өзінің поэзияларында табиғаттың, мал-жануарлардың 
әсемдік көрінісін, жылдың төрт мезгілін керкем суреттеуде эстетикалық шеберліктің жоғарғы 
үлгісін көрсете біледі.
Сонымен қатар оқымыс өнердің, эстетиканың әлеуметтік қызметі адамдардың азаматтық 
санасын оята білетін көркемдік құрал бола алуы еді, көпшілікті қоғамдық прогреске, 
әрекеттілікке шақыра рухани күш-қуат бола алуында деп білді. 
Абай, өмір қайшылығын жанымен, жүрегімен сезінген, санасына жеткізген, ал бірақ осы 
қийышылықтардан шығудың жолына жетенде, оның өнерге, білімге, адамгершілікке шақырған 
«үндеулеріне». қарап, оны ағартушы-демократ деп жүрміз.
Абай ағартушыдан гөрі сыншыл демократқа жақын. Мәселен, Ескендір барлық шығыс 
ақындарында жатымды кейіпкер, құранда пайғамбардың бірі халық санасында әділетті патша, 
ал Абай болса осы түсініктерге қарсы шығып, оның қалыптағы қанышер патша екенін, 
пайғамбар түгіл, адам сүйер қылығы жоқ, «мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен» деп 
суреттейді. Бұл идея құранның жазылуына қарсы, өзі пір тұтқан Фирдауси, Науаидің жасаған 
Ескендір бейнесіне - қарсы жазылған «Ескендір» -поэмасы халық санасына бетбұрыс әкелді. 
Жауызды жауыз деп айту ақын реализміне тән. Абай халық санасындағы жалған түсініктерді 
жою мақсатын- көздеген. 
Ұлы ойшыл ақын, демакрат-ағартушы Абай Құнанбаевтың атымен қазақтың үлттық 
мәдениетінің қоғамдық ойшыл-дарының ең бір жемісті дәуірі байланысты болды. Абай өмірінің 
мақсаты еңбекші бұқараға, қалың қазаққа қызмет етуде еді. Ғылым мен ағартуды тарату арқылы 
оған шындықты таңуға кемектесу, жұртшылыққа әлеуметтік кеселдермен күре-судің 
қажеттілігін, қазақ елінің экономикалық және мәдеии дамуына ықпалын тигізу еді.
Ағартушының өлеңдері мен қара еөздері (уақиялары) революцияға дейінгі қазақтың 
тұманды өмірін ақиқат бейнелей отырып, қалың бұқараның сол кездегі үстем етіп тұрған 
қоғамдық тәртіптеріне наразылығын күшейте түсті, кедейлердің таптық санасының өсе түсуіне 
әсерін тигізді, революцялық толқындардың болашағына идеялық-саяси алғышарттар жасады. 
Терең философиялық ойлар мен прогрессивті идеяларға толы Абайдың творчествосы қазақ 
жеріндегі ХХ ғасырдың басындағы демократиялық ойлардың және азаттық қозғалыстың одан 
әрі дамуына зор әсерін тигізді. Абайдың шығармашылығы ХІХ ғ-дың ІІ-жартысындағы қазақ 
даласының қоғамдық емірінде болған үлкен әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен тікелей 
байланысты. «Оның шығармаларында сол кездегі қазақ өмірінің шындығы әлеуметтік-
экономикалық тұрғыдан кең әрі жан - жақты суреттелгені соншалықты, онда тұтас бір дәуірдің 
көрінісі айқын берілген, - деп жазды М. Әуезов, - оның өлеңдерін, поэмаларын, қарасөздерін өз 
қоғамының энциклопедиясы деп батыл айтуға болады ... » (Әуезов М. О. Әр жылдар ойлары. - 
А., 1961,267-268-6.). Ойшыл ақын өлеңдері мен қағидаларында сол кездегі қазақ қоғамында 
үстемдік құрған патриархалдық - рулық құрылысқа, сондай-ақ басқа да әр түрлі әлеуметтік 
топтарға өзінің көз қарасын айқын білдірген. Ақын өзі шонжар ортадан шыққанына қарамастан, 
феодалдық - рулық билептесте - үшілердің зорлық-зомбылықтарына қарсы бітіспес көзқараста 
болды. Еңбекші бұқараның мұқтаждық пен жоқшылықта өмір сүруін әкім, би, бай, болыс, 
атқамінерлер сияқты рулық билеп төстеушілердің озбырлығы мен надандығынан деп түсініп, 
олардың рухани би-шаралығын бірқатар өлеңдерінде келтіре сынады. 
«ЬІнсапсызға не керек, істің ақ пен қарасы, Нан таппаймыз демейді, Бүлінсе елдің 
арасы...». Үшінші сөзінде ақын надан, ел тағдыры, халық қамы дегенді ойламайтын үстем 
таптың өмір тіршілігін аяусыз әшкерелейді: «Ол мал көбейсе малшыларға бақтырмақ, өздері 
етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ». Байлық байға өз билігін 
заңсыз жүргізуге жол береді: «Олардың көңілдері көкте, көздері аспаңда, адалдық, арамдық, 


109 
ақыл, ғылым, білім – еш нәрсе малдан қымбат демейді ... Оның діні, құдайы, халқы, жүрты, 
білімүяты, ары, жақыны, бәрі - мал». 
Абай қарапайым халықтың ауыр да, қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. 
Жоқшылық пен аш жалаң аштыққа душар болған ауыл кедейлері тұрмыс-тіршілігінің 
соншалықты ауыр екенін «қараша желтоқсанмен сол бір екі ай ... » өлеңінде күйініш сезімімен 
бейнеледі: «Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып, Тоңған иін 
жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып». 
Ақын бай-шонжарларды қатардағы қарапайым кедейлер мен күйзелген жарлы-
жақыбайларға қамқор болуға шақырады: 
«Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес, байдың да жоқ қой орны,
Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы». 
Абай ел әміршілері мен кедей-шаруалардың үнемі бітімсіз, ымыраға келмейтін 
қарсылықта екенін анықтап түсіндіреді. «Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай, Артық 
қайыр - артықша қызметке орай. 
Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, Аңдастырған екеуін, құдайымай ... » - деп, 
байлардың кедейді күнбе-күн езіп отырғандығын, олардың араларындағы экономикалық 
теңсіздікті және бұл екеуінің өмір бойы аңдысумен келе жатқанын, бір-біріне мүдделері қайшы 
екенін ашық айтты. 
Ақын ақсүйек феодалдардың өз басының пайдасы үшін әдейі тұтандырып, ушықтырып 
отыратын рулық тартыс пен әр түрлі топтардың күресін, алауыздықтарын қатты сынайды: 
«Болды да партия, Ел іші жарылды. Әуремін мен, Дауың мен шарыңды...». Абай қоғам 
өміріндегі құбылыстарды Түсіндіруде идеалистік бағыт ұстанғандықтан ру тартыстарының 
себептерін дұрыс түсіндіре алмады, өйткені ол оның негізін адамдар арасындағы экономикалық 
қарым-қатынастан емес, ескі кертартпа әдет-ғүрыптар мен үстем тап өкілдерінің жікшілдік
жаулық әрекеттерінен деп ұқты. Ойшыл ақынның демократиялық көзқарастары оның 
әкімшілік, тергеу, сот орындарының қызметі жөніндегі пікірлерінен анық байқалады. ХІХ ғ-дың 
60 жылдары патша үкіметінің қазақ даласына енгізген сайлау жүйесі - жергілікті үстем тап 
өкілдерінің патша әкімдерінің алдында жарамсақтанып, өз қара басының пайдасын көздейтінін, 
екі жүзділігін керсетті. Абай болыс болған жылдарында патша әкімшілігі отарлау саясатының 
мақсаты мен мәнін түсініп, бұл биліктен бас тартады. Бірқатар өлеңдерінде әкімшілік сайлауда 
еш әділеттің жоқтығын, бәрі халықты алдау екенін ашық айтады:
«Шашты малын, Берді барын Боларында жұртына ...»
Ақын патша ұлықтарына пара беріп сайланған болыстық әкімдер мен старшындарды 
сынайды:
«Болыс болса, түсінің Түксігін еселер тырсыйып.
Сенен аяр түгі жоқ, Бүгін сыйлас көрініп,
Бүгін жалын, ертең шоқ Сөзі мен өзі бөлініп ... »
Ауыл әкімдері - старшын, би, болыстардың билікке қолы жеткеннен кейін, қарапайым 
халықты қорғаудың орнына патшаның ұлықтарымен ауыз жаласып, елді қанауын, рақымсыз 
жәбірлеуін батыл айыптайды: «...болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен 
соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді...» Абай бай-шонжарлардың 
заңсыз іс-әрекеттерін, мансапқор, пәлеқор мінездерін әшкерелеп:
«Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға. 
Шелтірейтіп орысын, Шеңді шекпен жапқанға ... » -


110 
деп надан болыстардың ұлықтар шенді шекпен жауып, арқасына қаққанына мәз 
болатынын қатты сөгеді.
Абайдың этикалық, моральдық, адамгершілік идеалы, мураты, принципі - қысқаша 
ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу кісілікті кісі, шын мәнісінде азамат 
болу, қара бастың қамы емес, елінің қамын, халқының қамьш, тіпті, букіл адамзаттың қамын 
ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан 
қарайтын Азамат Адам болу. Осы ойларын поэзия тілмен: «Адал бол - бай тап, Адам бол - мал 
тап, Қуансаң қуан сол кезде» деп, байды да, кедейді де адамдыққа шақырады; «Адам болам 
десеңіз, Оған қайғы жесеңіз... Бес нәрсе ден қашық бол» ( «Бес дұшпан» - Өсек, Өтірік, 
Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ), «Бес нәрсеге асық бол» ( «Бес асыл іс» - Талап, 
Еңбек, Терең ой, қанағат, Рахым). Абайдың пікірінше екі аяқпен тік журіп, екі қолын әр түрлі 
іске пайдалана, жұмсай білгеннің, ойлай, сөйлей (ойлаудың да, сөйлеудің де мағынасы өте көп) 
білетіндердің бәрі толық, шын, ақиқат, адамгершілік мәніндегі адам емес, тек, адамға ұқсас 
әлеуметтік жануарлардың түр, кейпі, көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет