Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Қазақстан жағдайындағы өсу кезеңдерін тануда Абай қара сөздерінің мәні зор. (Х.Сүйіншіәлиев)



Pdf көрінісі
бет68/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

  
Қазақстан жағдайындағы өсу кезеңдерін тануда
Абай қара сөздерінің мәні зор.
(Х.Сүйіншіәлиев)
  
1. Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де 
бағыт берген биік тұлға. Ақынның адамгершілік мұраттары тек өлеңдерінде ғана емес қара 
сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай өзінің оқушысы мен 
тыңдаушыларымен әңгімелеседі. Әңгіме барысында әділет, турылық, шындық, ғылымға 
құмарлық, еңбек сүйгіштікке бағыттайды. Сонымен қатар адамзаттың жауы болатын жан аярлық, 
өтірік айту, мақтаншақтық, мансапқорлық, еріншектік сияқты мінездерден аулақ болуға өсиет 
айтады.
Бірінші сөзі өзге сөздеріне кіріспе ретінде жазылған және оның мақсатын айтады. Осы қара 
сөзінде ақынның айтпақ ойының өміршеңдігі мен бүгінгі заман тұрғысынан ел бағу, мал бағу, 
бала бағу, ғылым бағу бала бағып «қай харекетке қосайын», өз ортасында «ғылым сөзін сөйлесер 
адам жоқ» «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен 
қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын керегі 
жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым» - деп, ұлы Абай өзінің ғақлиясына 
кіріседі.
Екінші сөзінде халықтарды еткен еңбегіне қарай салыстырады. Өз қазағының еңбекке 
жалқаулығын көрші елдердің өнерінен үлгі алуға үндейді.
Үшінші сөз қазақ бір-біріне қаскүнем болатындығы мансапқорлығынан және жақсы адамдардың 
үстінен жала жауып арыз берушілерді шенейді.
Төртінші сөзінде орынсыз күлкіні сынай келіп: «оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл» 
және аз өміріңде «қулық саума» «еңбегіңді сау» дейді.
Бесінші, алтыншы және жиырма тоғызыншы сөздері қазақ арасында айтылып жүрген 
мақалдарды сынай келіп: «Бұл мақалдардан не шықты? ...қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, 
білім үшін, әделет үшін қам жемейді екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, 
әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған 
қылықтың қайсысын болса да істеп мал тапса» дей келіп, дүниені күн көрісіне айландырған 
пасықтарды сынайды.
Жетінші сөзі адамзат бойындағы жан мен тәннің құмарлығы туралы. Жас балаға дұрыс тәрбие 
болса жан құмары артады, керісінше «хайуан жаны» болады деген Абай, мұны үлкеннің 
надандығы деп түйеді.
Сегізінші сөзінде «ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?» деп сұрақ қойған Абай, 
жауапты өзі іздейді: «Біреуі – болыс, біреуі – би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын 
деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді» деп өз заманының және бүгінгінің 
әлеуметтік тетігін дөп басады.
Тоғызыншы сөзі «мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе?» деп өз халқының 
болашағына алаңдаулы Абайды көреміз.
Оныншы және отыз екінші сөзі балаға тәрбие берерде артымдағы малға ие болсын деп 
емес «Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек», немесе артымнан құран оқытсын деп бақсаң 


73 
«Ғылымсыз оқыған намаз..., ешбір ғибадат орнына бармайды» деп қорытынды жасайды. 
Ғылымбілім толық мағыналы адам болуды үйренбектің 6 шартын ұсынады.
Он бірінші сөз қай қоғамда болсын ұрлық пен бұзақылық жойылмай келді. Ұрлықты кәсіп 
еткендер ұлықтармен байланысып алып момынның малын иемденіп, бұзықтар ел арасына іріткі 
салып қара халықты сол ұлықтарға кіріптар етіп жүргендігіне Абай налиды. «ұры, бұзақы 
жоғалса, жұртқа ой да түсер еді. Шаруа да қылар еді» деген қорытындыға келеді.
Он екінші, он үшінші, он алтыншы сөздері иман тақырыбына арналыпты. Ар іліміне 
айналған иманды ғибадат ету; «әуел не нәрсеге иман келтірсе..., Екінші кітаптан оқу» мұсылман 
баласының ғибратты парызы екендігін ұқтырады.
Он төртінші сөз жүрек туралы Абай өте көп айтты. «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған 
шықпайды» жаманшылықтан, әділетсіздіктен құтылудың жолы жүректі тыңдау екенін ескертеді.
Он бесінші сөз «Егер де есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса 
жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал» деп, бүгін де құндылығын жоймаған 
өзін-өзі тану инновациялық құрылымы.
Он жетінші сөз «толық адам» бағытында қайрат, ақыл, жүректі өз қасиеттерін тыңдаған 
оқырманына тыңдаттырған Абай: «үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет» деген ғылым 
төрелік айтады.
Он сегізінші сөз кербездіктің жаман қасиет екенін айта келіп: «адам баласы, адам 
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой 
демектің бәрі де ақымақтық» деп түйеді.
Он тоғызыншы сөзі адамның ес туралы жантану пәнінің ерекшелігіне ғылыми талдау 
жасайды. Адам білімді болу үшін естіген, көргенін бойына сіңдіріп «Естілердің айтқан сөздерін 
ескеріп жүрген кісі, өзі де есті болады»
Жиырманшы сөз Адам баласында жалығу деген жантану ілімінің бір түрін «Тамақтан да, 
ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да 
жалығады» дүние бірқалыпты тұрмайды үнемі қозғалыста болғандықтан жалығу да осы 
заңдылыққа бағынады.
Жиырма бірінші, отызыншы сөздері адам баласында кездесетін мақтанның түрлерін адам 
болу мақсатымен ұштастырады. «Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді... Екіншісі ел 
ішіндегі мақтан... Үшіншісі өз үйіндегі мақтан» Абай мақтанға бүтіндей қарсы емес, алғашқы 
мақтанды құптайды ол елінің ізгілігі.
Жиырма екінші сөз Ақын өзінің жеке ойына жүгініп кімді қадірлеу керек; байды ма, 
мырзаны ма, болыс пен биді ме, мықтыны ма, естіні ме, кедейді ме, қалғаны қу мен сұмды ма? 
Әркімге жем болып жүрген момын байды құрметтейін, деп оның себептерін таратып айтып 
береді.
Жиырма үшінші сөз адамда «қуаныш» пен «жұбаныш» көңіл-күйлердің бар екенін 
ескертеді. «құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой» деп қуанады. «жағыз біз бе, 
елдің бәрі сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той» деп өзін жұбатады. Абай қазақтың әрекет 
кем, немқұрайлығын айтты.


74 
Жиырма төртінші сөз жер бетіндегі адамдардан қазақтың артықша мінезіне тоқталған 
ақын: «қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан 
түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен» деп армандайды.
Жиырма бесінші сөзі орыс тілі мен мәдениетін оқып үйренуге үндейді. «хикмет те, мал да, 
өнер де, ғылым да бәрі орыста тұр» деп келеді де «зарарынан қашық болуға» деп ескертеді.
Жиырма алтыншы сөз қазақтың қосқан аты, балуаны, құсы, иті т.б. алда келсе соған есі 
шығып қуанады. Бірде оның қосқаны алда келуі мүмкін онда қайтесің қуанбас нәрсеге 
қуанатындарды «надандақ, ақымақтық» дейді Абай.
Жиырма жетінші сөз жаратушының табиғатты жаратқандағы заңдылығын, оның 
өзгерметінін Сократ пен Аристотель арасындағы әңгімемен өрбітеді. «хауаси хамса заһири» деп 
адамның сыртқы бес сезімін: көз, құлақ, мұрын, таңдай, тіл олардың адам үшін асыл қызметтері 
туралы айтылады.
Жиырма сегізінші сөз біреу бай немесе кедей болса, жазылғаны осы деп әрекетсіз болма 
деген Абай: «ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан 
құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес».
Отыз бірінші сөз жас баладан қарттарға дейнгілерге ауадай қажет «Естіген нәрсені 
ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар» Олар: «әуелі - көкірегі байлаулы; екінші - ...естігенде я 
көргенде ғибрәтлану, ынтамен ұғу; үшінші - ...ішінен бірнеше уақыт қайтару; төртінші – ой 
кеселді нәрселерден қашық болу» керектігін ескертеді.
Отыз үшінші сөз халықты өнерге үгіттейді. «...мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. 
Мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген ұлы Абай қолында өнері бар қазақтың 4 мінін баяндайды
Отыз төртінші және Отыз бесінші сөздерінде адамдардың өзі өмір сүріп отырған өмірге 
де, о дүниеге де сенімі толық емес оны Абай: «Кімде кім ахиретте де, дүниеде де қор болмаймын 
десе, білмек керек» деп түйеді.
Отыз алтыншы сөз ұят туралы. «Ұят кімде болса, иман сонда» деген халық сөзінен 
шығатын шариғатқа теріс, ақылға теріс ұяттар шын ұят екен.
Отыз жетінші сөзде 23 нақыл сөз берген.
Отыз сегізінші сөз адамның өмір сүру ұстанымын Алла танымын Құран сөздерімен және 
Мұхаммед (с.у.с.) хадистерінен үзінділер келтіру арқылы тұжырымдайды. Пайғамбарлар, 
әулиелер, хакімдер әрекеттеріне Абай талдау жасай келіп: пайғамбарлар дін жолын, әулиелер 
нәпсіге тыйым салып дүние қызығынан өздерін аластатты, хакімдер ғибрат-үлгі айтты.
Отыз тоғызыншы сөз бабалар мінездерімен қазіргі балалардағы ұлттық мінездің ара 
қашықтығын бағамдай отырып бүгінгі күннің жаһандану келбетін ашып көрсетеді.
Қырқыншы сөз неге, неге деген сұрақтар төңерегінде адам болмысындағы ерен істердің 
еленбеуі, жұрт көзіне түскіштік, нәпсісін тыйа алмаған алғыштардың еленуі, жағымпаздардың 
көбейу мінездерін сынайды.
Қырық бірінші сөз қазақты түземек болған жанға екі түрлі жолын көрсетеді. «Әуелі – 
...жарлық қолында бар кісі; екінші - ...есепсіз бай боларға керек» деген тоқтамға келіпті ақын.
Қырық екінші сөз «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғыны – жұмысының 
жоқтығы» деп себебін іздейді. Тамақ аңдып қызық қуып қаңғып жүруге өзі құмар екен.


75 
Қырық үшінші сөз ішсем жесем, ұйктасам жибилі, ақыл мен ғылым кәсиби деп анықтама 
берген ақын: «куаттың ішінде үш артық қуат бар» олар: 1-«подвижной элемент» керекті кезінде 
істемей өкініп жүру, 2-«сила притягательная однородного» білмегенін сұрап білу, 
3«впечатлительность сердца» жүректі таза ұстау, деп түсіндіреді.
Қырық төртінші сөз талап туралы айтылып «талаптыға нұр жауар» деген халықтың 
айтуынан келіп шығады.
Қырық бесінші сөз «ғаділет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол - 
ғақил» дегенді айтады.
Қазақ мақалдарын сынай отырып, Абай дүние қоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыратын 
қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы- жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады. 
Немесе басқа сөздерінде оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғайды. Ақын 
өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, мәселелер қара сөздерінде терең, дәлелді пікірлермен 
берілген. Абайдың қара сөздері арқылы адамтануға байланысты айтылған ой пікірлерінің бірі 
еңбек тақырыбы. Ақын: «жаманшылдыққа бір ілініп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік 
қасиет қазақта кем болады» - дейді. Осы ойларды ұлы ғұлама халқының етектен тартып отырған 
қылықтарын тайға таңба басқандай бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады.
Адам тақырыбы Абайдың барлық шығармаларында кездеседі. Оның жарық дүниеге келіп, 
адамгершілік, танымдылық көзқарастары қалыптасып, бақилық болғанға дейінгі аралықтағы сан 
соқпақты жолдары Абай шығармаларына арқау болған. Оның айтуынша: «Адам баласы 
жылаумен туады, күліп өледі». Бұл сөздің астарында үлкен мән-мағына, ой жатыр. Адам баласы 
тууы мен өлуі арасында бұл дүниенің рахаты қайда екенін біле алмай дал болып, бірін-бірі андып, 
жарамсыз қылықпен өмірін бос өткізіп алғанын өзі де аңғармай қалады.
Жоғарыда айтқанымыздай, Абайдың сөзімен айтқанда - өсек, өтірік, мақтаншақтық, елденерек 
шашу-төгу адамды жақсылыққа жеткізе қоймайды. Мұндай жаман әдетке, бейім адамнан жақсы 
адам шыға қоймайды. Терең ақыл-ой, саналы еңбек, талмас талант, талап қана адамды көрікті 
қылады. Біреуге қарсы өшпенділік жасаудан аулақ болуға шақырады Абай. Қайырымды, білімді 
адам ғана өзіне де халқына да пайда әкелмек. Пайдакүнемдікті мақсат етіп, соның жолында 
күресу жақсы адамның ісі емес. Өзіне де халықына да әркез адал болуға тырысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет