Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет71/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

 Математика - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі көріністері жайлы
ғылым. «Сандар ғылымы басқа ғылымдардың бәріне қатысыды» (Әл-Фараби) олай болса, ежелгі 
замандардан-ақ математикалық біліктілік ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылданған. 
Математиканың туу, даму барысы ұзақ мерзімге созылды. Математика ғылымдардың логикалық
негізі, күре тамыры ретінде қарастырылады. Бұл ғылым ең алдымен оқушылардың ойлау
мәдениетін қалыптастырып дамытады және шыңдай түседі, әлемде болып жатқан 
құбылыстарды, жаңалықтарды ғылыми негізде түсінуге көмектеседі.
Ұлы Абай өлеңдерінде математикалық терминдер яғни сандар кездеседі. Әрбір 
матеатикалық фигуралар да кейіптеп, әсемдеп сөз өнері мен әрі қарай дамытқан. «Ғылым таппай 
мақтанба» өлеңінде:
Бес нәрсеге асық бол
Бес нәрседен қашық бол
Адам болам десеңіз. - деп, адам болудың тезисін санамалап «бес» деген математикалық
ұғыммен беріп отыр. Осы ұғымды ондап санамалауға болатын еді. Бірақ, Абай қасиетті 
Құрандағы мұсылман пендесінің бес парызын негізге алып отыр. Шәкірттің білімін беске дейін 
бағалау исламның бес парызынан туғандығын біреу білсе біреу білмейді.
Единица жақсысы,
Ерген елі бейне көл
Единица нөлсіз-ақ,
Өз басындық болар сол
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?
Ақынның бұл өлеңіне өткір көз, зерделі ой, келелі көңіл, күрделі кеңес керек. Абай 
математика тілімен сөйлей отырып, ел басқарудың келелі сипатын ашады. Математика 
ғылымындағы натурал бірлік сан мен рационал нөл сандары кездеседі.
Абайдың ойынша қабілетті оқушылардың математикалық даму дәрежесі есеп шығарудан
анық байқалады. Кез-келген есепті шығару оқушыдан үлкен еңбекті, ұшқыр ойлылығын, 
табандылығын, төзімділігін, сенімділігін талап етеді. Математикалық тілде тілдесу сөйлеу
мәдениетін дамытады, яғни нағыз математик ақын жанды болу керек екендігін, Қазақстан ҰҒА 
акедемигі Асқар Жұмаділдаев: «Мені математик еткен - Абай» деген сөзі дәлелдеп берді.
Болашақ физика мамандары Абай танымымен ұшырасқанда:
Бір қайғыны ойласаң,


82 
Жүз қайғыны қозғайды. - деген, физика заңдылығындағы «қозғалыстың» түбірі «қозғау» болса, 
қозғалыс өзінен-өзі пайда болатын құбылыс емес, басқа бір дененің әсер ету күші. Физикалық 
заңдылықпен басталатын 20-қара сөзінде. «Дүние бірқалыпты тұрмайды» деген ұлы ақын «біз 
пендеміз, өзгереміз...» Тағдырдың жасаған өзгерісін ешкім ақылмен жасамайды, ол табиғи 
құбылыс, оны:
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп. - деген бір шумақ өлеңінің өзінде физикалық құбылыстың бар екендігі 
«ойлы адамдарға» (Абай) түсінікті. «Желсіз түнде» судың беті дірілдегені несі деген сұрақ 
туындайды. Оны физикадағы интерференция құбылысы арқылы түсіндіруге болады. 
Интерференция - өте нәзік құбылыс. Ол (жарық немесе дыбыс) бір-бірімен қабаттасқанда бір 
нүктеде бірінің күшейуі, екінші нүктеде әлсіреу құбылысы. Оны Абай өлеңіндегі соңғы сөздері 
«дірілдептен» гөрі «гүрілдеп» күшейіп тұрғанын байқау қиын емес, жоғарыдағы бір шумақ 
өлеңде кездесетін интерференция құбылысы бірінің әлсіреп екіншісінің күшейуімен ерекшеленіп 
тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет