93
ұғып,
көпшілігі ұқпаған, заман өте жойылып кететінін аңғармаған. Абай болса ел ішінде
кездесетін, халық шеберлері жасаған, ғасырлар қойнауынан жеткен дәстүрлі туындыларды
Семейде құрылған облыстық өлкетану музейіне тапсыру ісімен де шұғылданды. Ұлт мұрасын
түсінбейтін көпке Абай жақсы ескі затқа қызыққыш, оны алғыш.
Тарихта түркі заманының бейбіт-берекесінен айрылуды жаугершіліктің күшейуімен
байланыстырады. Майқы би бастаған он
екі би Шыңғыс ханға барып, билігін мойындап,
Шыңғыстауда «ақ киізге Шыңғысты отырғызып хан көтерген» деп, ел аңызын келтіреді. Қазақта
да, башқұртта да бар бұл аңыздың тарихи негізі - Шыңғыс хан әскері келгенде Арқадағы дала
халқының көбі соғыспай мойынсұнғанын ұрпақтары есте сақтаған. Әкесі Құнанбай 1846 жылы
А. Янушкевичке ел аңыздары негізінде Шыңғыс ханның батысқа ұлы жорыққа аттанған жері
Шыңғыстау және тарихтағы бұл ұлы тұлғаның шыққан тегі «қалмақ», яғни, моңғолтілді жұрт
ортасынан деп айтқаны белгілі.Шыңғыс ханның жауынгерлері алдында зат салыстырар сынында
моңғолдардың жасап шығарған заттарынан моңғолдарға бағынышты болған ислам жұртының
жасап шығарған қолөнер туындыларының жақсы екенін бәрі мойындайды.Қаған оларға,
мұсылман жұртын жеңдік деп астамсымай, олардан үйреніңдер деп ескерткен. Абай да
шығыстан, Моңғолиядан келген жұртшылықтың білімі мен
материалдық құндылықтарынан
оңтүстіктен келген жұрттың білімін жоғары қояды. Абай «Кітаб тасдиқ» шығармасын жазып
жатқан 90-жылдардың басында да, оның алдында, жазылған мезгілі 70-80жылдар болуы мүмкін,
«Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» ғылыми ескертпесінде де әлемге көне түркі жазуы
әлі ашылмаған уақыт болатын. Соған байланысты да сыншыл Абай «Маңғұл жағынан», яғни,
Моңғолия, шығыстан ығысып келген халық «заманның көбін ғылымсыздықпен өткізіп,
тауарихларын терең білмей, түбі ескерусіз қалып, ата-бабаларын ақсақалдардың айтуымен, ауыз
хабарынан білгеніне қанағат қылып жүріскен» [2:226] деп, қазақ ішінде тараған ру-тайпа
шежірелерінің халық қалыптасқанға дейінгі арғы тарихты баяндауындағы кемшілігін дөп
көрсетеді. Абай қазақ халқының арғы тегі мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдіреді. Қазақ
ішінде дін иелерінің қатысуымен жазылған кей шежіре әңгімелерге сүйеніп, ел ішіндегі
қазақ
арабтан шықты деген түсініктің қате екенін ескертіп, оның себебі «бұрынғы ата-бабаларды
ұмыттырып, діндестерді жақын көрсеткендіктен» деп ғылыми тұжырым жасайды. Сонымен
бірге, Абай «қазақ» атауына келгенде этнонимді арабтың өздеріндегі көшпелі «хұзағи» деген
халыққа «ұқсатып айтқан екен» [2:226, 230] деп, қазіргі ғылым растамайтын жорамалын да
айтады.
Абай ұғымында қазақ халқы түркі заманында да бар. Алатау бөктерінде «біраз
момындықпен тұрған кезінде» қазақтар «егін салмақ секілді, сауда қылмақ секілді шаруаларға да
көршілерінен көріп айналған екен» [2:230] деп, сол заманда жүзеге асқан мәдени синтезді қара
халыққа ұғынықты тілмен жеткізеді.
Абай түркі
заманындағы әдет-ғұрып, исламға дейінгі наным-сенімдердің қазақ ішінде
ұзаққа сақталып жеткендігінің мысалдарын келтіреді. Ескілік наным-сенімнің жойылып келе
жатқанын оң құбылыс деп санайды. Бірақ халықтың өздігін көрсететін мәдениеттің діннің
ықпалымен өзгеріске ұшырап кеткенін де атайды. Ескі замандарда көктемгі Наурыз мерекесін
халық «ұлыстың ұлы күні» деп қызықтаса, «бұл күнде бұл сөз құрбан айтына айтылады» деп,
қынжылыс білдіргендей болады. «... Шәһарлардың да, жер-сулардың да, халықтың да бұрынғы
аттарын бұзыпты» деген сөздер [2:230] ислам діні енгеннен кейінгі заманға да, аңғара қалсақ,
94
империялық саясаттың да жағымсыз істерін көріп отырған өз заманына да қатысты Абайдың
ойлары дейміз. Сынағандай болып отырып, түркі заманының еркіндігін еске салғанынан «Біраз
сөз...» шығармасын мақала ретінде даярладыма екен деген ой да туады.
Түркі заманындағы қоғамның, «жай жатқан момын қазақтың» ұйысуының «бұзылған кезі
Шыңғыстан соң болса керек» [2:231] деп, шапқыншылық заманында бейбіт өмірдің келмеске
кетіп, адамның жыртқыштық сезімі бой көрсеткенін айтады.Абай, сонымен, түркі заманының,
исламға дейінгі және моңғолға дейінгі заманның бірқатар берекелі істерін атап өткен.
Абай реформатор, сыншыл. Ескі замандардан қандай мұра қалса да, оны толықтыруды,
жаңғыртуды талап етеді. Түркі дәуірінің соңғы кезеңдерінде және Моңғолдан кейінгі кезеңнің
басында дала халқы араб-парсы мәдениетіне біртіндеп кіріге бастайды да, ортақ өркениет құруға
беттейді. Оның үлкен табысы
- Абай жоғары бағалаған жазу, кітап мәдениеті, білім мен
ғылымның орнығуы.
Достарыңызбен бөлісу: