Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Аудармадағы ұлттық танымның көріністері



Pdf көрінісі
бет86/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

2. Аудармадағы ұлттық танымның көріністері.
Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше болды. Ол орыс ақынын айрықша 
жақсы көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды. Орыс поэзиясына бейімделе ден қойған 
Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, Лермонтов еді десек артық бола қоймас. Абай ұлы 
ақынның тіпті сол кездегі орыс қауымының тілек-талабын, мұңын ұға алатын дәрежеде еді. Ол 
мұңын ұққан халықтың жырын да ұқты. Лермонтовтың ыза-кегі, наразылығын орыс халқының 
езілген қауымның кегін оның қайғы-мұңына налуынан ел мұңы көрінетінін сезінді. 
«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен» «Мыңмен жалғыз алысқан» жырларына нәр еткен еді.
Абайдың «Қаны қара бір жанмын, жаны жара» деп ашулы мұң шерткені де белгілі.
1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные 
вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген 
ақындарға, сазгерлерге әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, 
ұйқыға кетер маужырап» деп аударды.
Абай қазақ әдебиетіне, лирикалық шығармалардың бұрын орын теппеген, таралмаған 
жаңа түрлерін енгізді десек, соның ішінен адамның жан дүниесін суреттейтін өлең-жырлар, 
ақындық өнерді, оның қоғамдық мәнін айқындайтын өлеңдер, табиғатты суреттейтін өлеңдер 
тобын еске алуымызға болар еді.
Кім біледі, кез болса, арттағылар, Ойға 
салып оқыр да, сөзін сынар.


112 
Көзін салып, ойланып кейбір сөзін
«Рас-ау», - деп, мағынасын ол да ұғар, - осы Лермонтовтан аударған «Альбомға» атты өлеңінде 
Абай кімнің қажетіне жарайды деген мәселені қозғайды. Осы орайда 1-қара сөзіндегі бас 
жағында келетін мына жолдар ойға оралады: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді 
қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, 
жазып алсын, я оқысын, «керегі жоқ» десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, 
енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Енді Абай Лермонтовтың өзіне үндес шығармасын аударып, мынаны айтып отыр:
Қол жазуды еңбек ет жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.
Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір,
Арттағыға бір белгі қойса не етер? – деген аудармашы Абай, Лермонтов шығармасын аудара 
отырып, өз пікірін де анық білдірген.
Лермонтовтың өлеңі «Альбомға» деп аталғаны тегін болмаса керек. Ақын жазған сөздерін 
кейінгілерге өнеге етуге құштарлық ниет білдірсе де, айналасындағы адамдарға сырын ақтарудан 
тартылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет