19
Франциядағы, Ұлыбританиядағы және басқа да мемлекеттердегі
Қазақстанның елшіліктері
жанынан «Абай орталықтарын» құру жоспарланып отыр. Бұл мәдени іс-шараларды
ысырапшылдыққа жол бермей ұйымдастыру қажет.
Шығыс Қазақстан облысының Ақшоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің
қорымы абаттандырылады.Сонымен қатар, Абай тұлғасын жоғары дәрежеде дәріптеу үшін
Үкімет мынадай шараларды қолға алуы керек деп есептеймін.
Семей өңірі - қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан, елдің рухани дамуында
ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн.
Ұлы Абай мен
Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай,
шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени
нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар
қабылдауды тапсырамын.Мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды
абаттандырып, ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасау
қажет.Сонымен қатар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-
мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп,
ғылыми-танымдық жұмыстармен
айналысатын орталыққа айналдыру керек.Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай
мұрасы» атты жаңа ғимарат салу қажет.1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен
Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» журналына
мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек.Осы және басқа да ауқымды шаралар Ұлы Абайдың
рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу үшін өткізілмек. Ендеше, бүкіл Қазақстан
халқын осы игі бастамаға белсене атсалысуға шақырамын.
* * *
Біз Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт
болып дамуымызға серпін беретін іс-шара ретінде зор мән беріп отырмыз.Бұл тойдың тұсындағы
басты мақсатымыз – бүкіл халықтың ұлт ұстазы алдындағы өзіндік бір есеп беруі іспеттес болуға
тиіс деп білемін. Абай сыны – ауыр сын, сындарлы сын.Елбасы бастап, ел қостап, биік белестерді
бағындырдық. Озық елулікке
кіреміз деп мақсат қойдық, ол мақсатқа мерзімінен бұрын
жеттік.Озық отыздыққа қосылуды межеледік. Ол межеге де жетеміз. Сол межеге жетуге де бізге
Абай мұрасы көмек бере алады. Ендігі мәселе – біз сол Абайдың көмегін түсіне алдық па,
зерделей аламыз ба?
Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндеттің үдесінен
шығудың жолын іздеуге
ұмтылдыруға тиіс. Әр азамат осы тойдың алдында еліміз, елдігіміз жөнінде терең ойланса дейміз.
Абай бізге нені аманаттады? Абай бізден нені талап етті? Абай бізден нені күтіп еді? Абай елдің
қай ісіне сүйініп еді? Сол сүйінген ісінен үйрене алдық па? Абай қазақтың қай ісіне күйініп еді?
Сол күйінген ісінен жирене алдық па? Басқасын былай қойғанда, ақын айтқан бес асыл істі жүзеге
асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба деген ойдың төңірегінде толғансақ та
талай жайға қаныға аламыз.
Абай мұрасы - біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі
құндылық.Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде
еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы
мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы
жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.