Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Абайдың Түркі халықтары ақындарына ықпалы



Pdf көрінісі
бет22/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

танытамыз.  
(Н.Назарбаев)  
3. Абайдың Түркі халықтары ақындарына ықпалы  
Түбі бір түркі халықтарының ежелден-ақ рухани қазна көздеріндегі ортақтастық тілі мен 
әдебиеті, мәдениеті мен тарихы және салт дәстүр, тұрмыс тіршілігінен көруге болады.


34 
Б.д.д. IV-II ғасырларда пайда болған «Авеста» төл шығармамыз екендігі анықталып отыр. Бұл 
кітапты айтып отырудағы мақсатымыз, түркі халықтарының руханият дүниесімен тікелей 
байланыстылығында жатыр.
Түркі тілдес халықтарда ортақ фольклорлық мұралар олардың шығу тегі бір-бірлерімен жақын 
халықтар арасындағы тарихи байланыстары батырлық дастандардан «Көроғлы», «Нарт», 
«Олонхо», «Манас», «Ноғайлы жырлары», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» т.б. жырлары 
бірқатар түркі халықтарында бірнеше нұсқаларда жырланып жүр.
Түркі тілдес халықтарының эпикалық шығармаларының көпшілігі әр түрлі тілді айтылғанымен 
олардың мазмұны бір болып келеді. «Алпамыс» «Көроғлы», «Едіге» батырлық дастандарда 
«Қорқыт ата» жырындағы 12 жырдың сюжеттері бар екендігі белгілі. VIII-IX ғасырлардағы 
парсы тілі түркі халқының дамуына үлкен тоқрау заманын алып келді. Түркі тілінде жазу ғана 
емес сөйлеуге тыйым салынды, бұл қоғамды әзербайжанның классик ақыны Низами «зындан» 
деп атаған болатын. Сол кезде Низами Ганжауидің «Хамсасын» түркі тілінде жазуы батыл ерлігі 
еді.
Әзербайжандар үшін Абай тосын емес. Абай өзінің «Ескендір» дастанын жазарда сюжетті 
Низамидің «Ескендір-намысынан» алғандығын байқау қиын емес Низамиде Ескендір алыс жерде 
зәмзәм суына (тіршілік суы) тап болса, Абайдың «Ескендір» дастанында осы көріністі шындыққа 
жақындата, сулы жерде ел боларын біліп өрлей жүрген Ескендір бір қорғанға кезігеді. Низамиде 
асыл тас, Абайда адамның қаңқа бас сүйегін алдырады. Шығыс шайырларында Ескендір көп 
жырланды, Абай оның бір қатарын оқығанмен Низамидің нұсқасын тәрбиелік мәніне қарай 
таңдаған.
Әзербайжан мен қазақ халықтарының қаламгерлер арасындағы байланыстарының ауқымы кең 
екендігі1970 жылы Навруз Ганджали Абайдың «Ескендірін», Ғысым Тасымзаде «Масғұтын», 
Алекпер Зиятай «Әзімнің әңгімесін». Әзербайжан тіліне аударды. Профессор А.А.Гаджиев 
«Советтік шығыс әдебиетіндегі реализм» атты кітабында: «Абай шығармаларының 
поэтикалық қызметін, ағартыушылық реализмді қалыптастырды» деп жоғары баға қояды. 
Абай өлеңдерін Әжербайжанның бірнеше ақындары аударды.  
Түрік (Түркия) халқымен мәдени байланысы даңғыл жолдың ашылуы әдебиетте де жемісін 
берді. Шынжаңда туылып, Түркияда қызмет етіп жүрген аудармашы филология ғылымының 
докторы, профессор қандасымыз Зеинеш Ысмайлов 1995 жылы Абай өлеңдері мен қара 
сөздерінің жинаған Әли Аббас Шынармен (түрік ғалымы) бірге түрік тіліне аударып бастырып 
шығарды. 1996 жылы Жамбылдың өлеңдерімен М.Әуезовтің 100 жылдығына орай «Абай жолы» 
эпопеясының аударды.  
Өзбек пен қазақ халықтары іргелес жатқандықтан мәдени, әдеби ортасы бір болып тарих 
танымды да бүгінгі күні өз жемісін беріп отыр деп ойлаймыз. Абайға етене жақын заманы алшақ 
болса да Алишер Науаимен бір ұстанымда шығармалар жазды. Өзінің;
Физули, Шамси, Сайхали,
Науаи, Сағди, Фердауси, Қожа Хафиз бу 
хаммаси
Мәдени бер, шағри фариад. өлеңінде Науаиыны жеті жұлдыздардың бірі ретінде санамалап өтуі 
көп нәрсені аңғартса керек. Әлішер Науаидың ғазалдары да, дастандары да Абайдың терең 
тексеріп оқыған шығармалары екендігінде дау жоқ. Абай «Әлифби» өлеңінде араб әріпінің сұлу 


35 
иірімдерімен белгісіз бойжеткеннің бейнесін суреттейді. Абай бұл өлеңінде Алфавиттік жүйе 
сақтаған болса, Науаида алфабиттік ретті әр тармақтың соңынан шығарады. Қос шайыр да 
өлеңдерін аяқтай келе арабтың әріпінен басқа асты-үсті (забар, зир) белгілерді қыздың көркіне 
теңеп әсерелей.
Науаи:
Таңғажайып перизатым,
Нұр жүзінде қап – қара мең.
Ақ қағазға жазған хатқа
Қол қойған ноқатпен тең, - десе,
Абай өзінің «Әліпби» өлеңінде: «Мәт» - қасың, «тәштит» -кірпік, «сөкін» - көзің дей келе, сұлу 
қыздың көркін араб әріпіндегі астылы – үстілі белгілерімен асыл сөздің құдіретімен сызған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет