Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Қоғамдағы қай көрініс болсын әдебиетте өз бейнесін бермей тұрмайтындығы белгілі



Pdf көрінісі
бет56/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Қоғамдағы қай көрініс болсын әдебиетте өз бейнесін бермей тұрмайтындығы белгілі. 
Баба Кухи (- 1050), Әбділмажид Санои (- 1150) т.б. Орталық Азияда сопылық әдебиеттің 
негізін салса, Жүсіп Хамадани мектебінің жалғастырушысы, сопылық ілімді 
қалыптастырушы Ахмед Яссауи болды. Сопылық әдебиет тек дін мәселесімен шектелмей адам 
баласының өмір сүру құлқы туралы яғни адам деген атқа ие болу үшін неге мән беру керек немесе 
қандай жат әдеттен сақтану керек мәселесі бірінші тұрады. Ахмед Ясауи өз хикметінде баса 
айтылатын ел басқаратын биліктің құлқы туралы, нәпсіні тыйу, ел байлығын көздің 
қарашығындай сақтау,адал өмір сүру «инсанияттың кәмәлаттығы» (Абай) туралы 
айтылады.
Иасаудің мұратын тікелей жалғастырушы Сүлеймен Бақырғани сопылықтың ірі 
өкілдерінің бірі болды. Ахмед Иасауидің тарихат ілімін жалғастырушы шәкірті болып танылған. 
Халық арасында «Хакім Ата» атымен белгілі. Бұл атауды өзінің ұстазы Қожа Ахмед Иасауи 
берген. Шығармашылығында исламды, шариғат ережелері арқылы адамдарды о дүниенің бар 
екеніне сенуге, тариқат Алланың кереметін сезінуге және ол толық адамды тәрбиелеуге, марифат 
арқылы Алланы тану және оған үнемі тәу етуге шақырды.
Бақырғани қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік және ұрпақтар үшін жауапты 
кісілерді тірідегі іс-әрекеттің есебі о дүниеде екенін Абай: «Махшарға барғанда құдайтағала 
қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді» - деп, 35-қара сөзінде
ұмытпауға шақырады.
Сопылық дамыған кезде қаламгерлердің шығармаларында пантеизм (Алла мен табиғатты 
бірге қарастырушылар) философиялық ілімі байқалады. Әсіресе, Шығыстың біртуар ақындары 
Аттар мен Руми өлеңдеріндегі, Нақышбанди мен Ансари жазғандарындағы пантеистік 
көзқарастар Жәми, Науаи еңбектерінде де көрініс берген.
Қорқыттан бастау алатын түркі сопылығы, Мұхаммед (п.ғ.с.) қайтыс болғаннан соң 
исламды таратушы сахабаларына сопылық ағымы таптырмас құралына айналды. Ежелгі түркі 
тайпаларының «тасаттық» деген сөзі сопылықты айқындайтын «тасауф» ұғымына айналған 
болса керек. «Тасауф» ұғымы – араб тілінен алынған рухани «тазалық» дейтін, «Сопы» сөзімен 
қатарлас, мазмұндас қолданылады. «Тасаттық – көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық 
шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, құрғақшылық жылы құдайдан жаңбыр 
тілеп ниет қылады. ... жиынның соңын мереке сауыққа айналдырады» дегеніне қарасақ
сопылықта мерекелеу, шаттануға тиым салынған. «Тұранның қара шаңырағына ие болған қазақ 
жерінде ономастикалық атаулардың жеті түрлі қабат жатыр. Ол қабаттарда біздің жерімізді 
басып өткен отаршылдардың қанды ізі жатыр» дегенін ескерсек «тасаттық» беру исламға дейін 
қазақтардың мерекелеу дәстүрінде болғандығы өзінен-өзі расталып тұр. Шығыстың «Тасауып» 
ақындардың бастау алар қазына көзі «Ләйлі-Мәжнүн» болса, қазақтың Абайы:
Сенсің - жан ләззаті,
Сенсің – тән шәрбәті,
Сұлуды сүймектік –


61 
Пайғамбар сүндеті. - деген өлең сарыны Шығыстық екені белгілі болып тұр. «Пайғамбардың 
сүндетінен» соң суф – таза, сап - таза, сап – алтын, саф - асылданып тазарған жанмен құдайыңды, 
жаратушы иеңді танисың «Онымен сезімді тазалыққа кіргендігіңді кәміл ыхыласыңды көрсетіп, 
ішімнің сафлығының соңында халық көрер сыртымды да пәк етемін Һам көзге көрінбейтін 
ағзаларымды да пәк етемін, бұл пәктіктің үстінде аллаға дұға айтамын деп әзірленесіз».
Сопылық әдебиеттің мақсаты Алланы әрқашан еске ала отырып, одан тыс қалмау көңілге 
тоқу арқылы әмірлерін түсіне білу және оны сүйу. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде түп иені 
танып білудің бастауы жүректе екенін ұлы ақын шығыстық шайырлардың ұстанған жолы 
болатын дегенге тоқталған.
Қорқыттың мәңгі тіршілікті іздегенмен жаратушы мен табиғаттың ғана мәңгілігін кеш 
түсініп түңіле бақилықты соңынан сезінген бабамызды, ортаға бағымбай жерұйықты іздеп, сар 
өзектей сар даланы кезген Асан Қайғы, пенделіктің мәңгі еместігін Қожа Ахмед Яссауи нақты 
іліммен дамытты. Абай:
Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.
Мәңгі өлместей қылық қылған пендесіне ескерту жасап, тәубаға шақырып тұр. Ғұмырлы болғың 
келсе өзіңен кейінгілерге ұлағатты ізіңді қалдыр дегенді меңзейді.
Сопылық жолға түсу үшін захид ілімін толық меңгерген, ол Алланың ақ жолында
тіршіліктегі бар қиындыққа төзуге тәрбиелейтін өмір ләззатынан махрум ететін тақуа адамның 
сопылық - ілімі. Захид ілімі христианың монахында көрінсе, исламда зікір салу, ораза ұстау 
тұрғысынан көрінеді.
Тірі тұрғанда күнәдан адам баласы таза емес екенін ескертіп, Яссауише Алланы көзің 
жұмылып, нәпсің тиылып, жан кетіп тән қалғанда тек арғы дүниеде ғана тани аласың деп меңзеп 
тұрғанын байқау қиын емес. О дүниеге сенім сопылықтың басты қағидасы екені белгілі. 
Сопылық ілім сопылық әдебиет арқылы құлқынға ерік бермей, қанағат қарын тойғызар 
қағидасымен тақуа өмір сүру, о дүниеге сүйіспеншілікпен қарау, өлмей жатып «жер астына 
кірдім міне» (Яссауи) деп ерекше ескертеді. Тасауф ілімінде зікір арқылы Алланы еске алудың 
төте жолы деп ұққан. Абайдың «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген 
сөзінде: «...бұрыннан бақсы-балгерлерге инанып, отқа, шыраққа табынатын әдеттерімен исламға 
тез кете алмапты», десе де, бар ғұмырын дінге арнаған тақуа жандардың себебімен ислам діні 
қазақ халқының өмір салтына енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет