Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет6/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Тасмағамбетов. Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибрахим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-
соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ… А.Байтұрсынов
Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік, ақындық ісіне дем беріп, шапағатты нәр алған 
арнаның бірі - халықтың өзі жасаған, ауыздан-ауызға тараған, баспа жүзінде сақталып келген 
қазақтың бағзы замандағы халық мәдениетінің бай мұрасы… Абайдың ақындығына рухани дем 
беріп, азық болған екінші арна - шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы, араб-иран және түрік 
халықтарының классикалық поэзиясы… Үшінші арна - орыс мәдениеті, Европа мәдениеті… 
М.ӘуезовАбайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі көрегендікпен 
ұға білуінде жатыр. Константин Симонов  
Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. 
Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң , сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың 
біліміне сын болып емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. 
Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен, оқшау, оладың сөзінен үздік, артық. Ол оқушылық, 
артықтық басқа ақындардан Абайдың жалѓыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған… Көп нәрсені 
Абай сөз қылған, сол сөздерінің бәрін де Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының 
өлеңінен үздік, артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай , арғы асылынан қарап сөйлегендіктен. 
Ахмет Байтұрсынов  
… Ғылымсыз, қара халық арасында, сахара қазақтары ішінде жалғыз жұлдыздай болып 
жанып шығып, тілі, оқушыларын оятатын өлеңдері оны бүкіл атырапқа мәшһүр етті. 
Шығармалары қазақша жазылды. Мейлінше мол еңбектенумен орыс тілін үйреніп, орыс 
әдебиетіне еркін жетіліп, достасып алды… тілі ләззатты, араб, парсы, түрік, қалмық тілдерінен 
хабардар, тарих, география пәндерінен мағлұматы кең болып, танымы ауқымды еді. Адамшылық 
ой – қиялы өте таза, ұлтжанды, елін – жерін сүйген кісі еді. Міржақып Дулатов
… Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты. Орыс халқы 
мәдениетінің игі ықпалымен, әсерімен тамашадай байыта отырып, өз халқының ғасырлар 
бойындағы рухани мәдениетінен оның біздің заманға әкеліп жеткізгендері Абайдың атын мәңгі 
өшпестей дәріптейді, оның атын қазақтың классикалық мәдениетінің биік шыңының ұшар 
басына апарып қондырды. Мұхтар Әуезов
… Абайдың қасиеті - ол өткен заманның ақыны емес, бүгінгі заманның ақыны, бүгінгі қазақ 
ақындарымен іргелес, бағыттас ақын. Абайдың әдебиеттегі өсиеті – шындық, шеберлік, адам 
баласына ортақ гуманизм, еліңді, Отаныңды сүю, не артқа тартып жатса, сонымен аянбай алысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет