Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет7/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Ғабит Мүсірепов 
Абайдың ақындығы екі жүзді қанжардай. Бір жақ жүзі жібектен жұмсақ, күн шуағынан 
жылы тисе, екінші жүзі алмастай өткір, мұздан суық соғады. Тиген жерін отап кетеді, қырып 
түседі. Ақын екі жүзін бірдей жұмсайды. Әбділда Тәжібаев  


11 
Абай - асқар ойлы кемеңгер. Оның үстінге ел көші қылыштың жүзіндей қырда туғанда 
дүние игілігі, адам игілігі үшін жар салып, ескіліктің қыруар бөгетіне қарсы шапқан қаһарман 
батыр. Ел арманы тұңғиықтан тербеп дін, ел басқару, салт-сана сүйіспеншілік мәселелерін өз 
ұғымына қарай жаңадан пішкен философ. Темірғали Нұртазин
Абай - әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, 
игілік іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын. Ақынның жазғандары өзінің бейнелі көркемдігімен 
сәулетті сұлу дүниедей адам көңілін баурап алса, оның мазмұныда жүрекке сәуле түсіргендей, 
жаңа бір қызықты, қуанышты дүниеге кіргізгендей болады. Әлкей Марғұлан  
… Әрбір ұлы ақын тәрізді Абайдың ұлылығы солай қай әдебиеттен үйренсе де жалаң шәкірт боп 
қалмай, данышпан ұлттық ақын болды. Зәки Ахметов
Абай творчествосының дені – халықтың қамын жеген, демократтық идеядан нәр алған
өмірді сыншыл реализм бағытымен суреттеген шығармалар. Тұрсынбек Кәкішев
Асыл сөзді іздесең,абайды оқы, ерінбе, адалдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге 
С.Торайғыров.
Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ 
жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, немереден 
шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша 
алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге 
қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылыр. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы 
жиі-жиі зиарат етер, халық - пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз 
көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар. Міржақып Дулатов.  
Поэзияда, музыкада, қоғамдық - азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар 
берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға 
болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл 
қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай 
үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа 
өріс алып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет