«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы


Бесінші. Бас­қару­шылардың білікті саяси табын дайындау



бет2/3
Дата21.07.2016
өлшемі1.49 Mb.
#213175
1   2   3

Бесінші. Бас­қару­шылардың білікті саяси табын дайындау
Ел Президенті өз Жолдауында бас­қару­шылардың білікті саяси табын дайындаудың, жоғары білікті кадрлар құрамын, қазіргі заманғы мамандардың стратегиялық резервін жасаудың ең маңызды міндетін алға қояды.

«Нұр Отан» ХДП жүргізіліп отырған кадрлық саясатқа жауапкершілік алады және жоғары білімділік, кәсібилік және моральдық өлшемдер бойынша кандидатураларды іріктеу жөніндегі арнаулы комиссия құру туралы Мемлекет басшысының бастамасын қолдайды.

Партия мемлекеттік биліктің барлық деңгейлері үшін басқарушы кадрларды дайындауға белсенді ықпал ету жолын ұстанады. Биліктің және қоғамның неғұрлым белсенді, саяси жауапкершілікті бөлігінің арасында кері байланыс тетігін енгізу, елдің ең белсенді азаматтарының бойында заманауи бағдар алған саяси жетекшілік дағдыларын қалыптастыру қағидатты түрде маңызды болады.

Партия оны әлеуметтік-экономикалық жаңғырту қажеттіліктеріне бағыттай отырып, кадрлық жұмысты қайта пайымдаудағы өз міндетін танып-біледі. Партия талантты жастарды, ғалымдарды, кәсіпкерлерді іздеп табуға және оларды қолдауға бағыт алуға тиіс. Бүгінгі күні елімізге индустриялық-инновациялық саясат пен демократиялық қайта құруларды сауатты жүргізуге қабілетті кадрлардың жаңа буыны қажет.

Мемлекеттік басқарудың жүйесі тартымды болуға, сонымен бірге лауазымды тұлғаның қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік өлшемдерінің жоғары болуы туралы ұдайы қам жасауға тиіс.
Алтыншы. Сот және құқыққорғау жүйелерін жаңғырту
Қазақстанда толыққанды, қуатты және беделді сот билігі әлі де қалыптасқан жоқ. Сот реформасы жалғасуда және оның толығымен жүзеге асыруға – тәуелсіз және құзыретті сот билігін қалыптастыру үшін белгілі бір уақыт керек.

Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Төрешілер тек қана заң мен өз арын басшылыққа ала отырып, әділ шешім қабылдауы керек».

Сот жүйесінің тиімді қызмет етуі ең алдымен төрешілердің біліктілігіне, соттар өздері қабылдап отырған әділ шешімдер арқылы осы билік тармағына құрметке қаншалықты ие болуына, төрешілер Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам құқықтары туралы нормаларды қаншалықты құрметтеп, жүзеге асыратынына байланысты.

Сот шешімдерінің әділдігі көбінде кадрлар құрамына байланысты болатындықтан, Президент сот корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қарап шығу мәселесін алға тартты.

Айта кететіні, бұрынырақ, 2006 жылы, Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша заң қабылдау деңгейінде төрешілердің кәсіби біліктілігіне, әділ шешім қабылдауда заңды және сот этикасын сақтау жауапкершілігіне қатысты қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған шаралар кешені қабылданды. Жоғарғы сот жанында жұмыс істейтін төрешілердің кәсіби біліктілігін анықтау үшін құрылған Сот алқасы қызмет ете бастады.

Сонымен қатар, заңнама төреші лауазымына үміткерлерді конкурс негізінде таңдау, сондай-ақ олардың міндетті түрде сынақ мерзімінен өту тағылымдамасы нормаларымен толықтырылды.

Президенттің 2011 жылдың 1-ші сәуіріндегі Жарлығымен сынақ мерзімінен өту туралы ережеге үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған өзгертулер енгізілді. Мәселен, сынақ мерзімінен өту мерзімі алты айдан бір жылға дейін ұзартылды, облыс сотының пленарлық отырысының теріс шешімінің құқықтық салдарлары анықталды. Осылайша сот жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтудың құқықтық негіздері қаланды.

Сот кадрларының сапалы құрамын қалыптастыруда қоғамдық әсер ету тетіктерін қолдану үшін БАҚ беттерінде тәлім алушы үміткерлер, сондай-ақ аудан соты вакантты лауазымына үміткер тұлғалар туралы мәліметтер жарияланады.

Елбасы өз Жолдауында әділ сот сапасын арттыру үшін аса маңызды тағы бір өзекті мәселені сөз етті. Әңгіме төменгі сатыда тұрған соттың қайтадан қарауына істі қайтару туралы апелляциялық инстанцияның негізсіз шешімдері мүмкіндігін заңнамалық түрде шектеудің қажеттілігі туралы болып отыр.

Енді бірінші инстанциядағы сот зерттеуі толық болмаған жағдайда, апелляциялық сот алқасы қабылданған шешімнің күшін жойып, істі өз қарауына алып, істі мәні бойынша шешім қабылдауы керек. Істің апелляциялық инстанцияда сапалы қаралуын арттыру үшін сот алқаларын құқық салалары бойынша мамандандыру көзделеді.

Жолдауда сонымен қатар арбитраждық және аралық сот жүйесін нығайту керектігі айтылды. Бұл шара сот органдарына түсетін күшті азайтады (соттарда бір жылда 1 миллионнан астам істер мен материалдар қарастырылады), бұл, әрине, жалпы сот әділдігінің сапасын арттыруға ықпал етеді. Дауларды аралық соттарда қарастыру тәжірибесі көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мәселен, АҚШ-та коммерциялық даулардың 60 пайызға жуығы аралық соттарда қарастырылады.

Елбасының айтуынша, құқыққорғау және арнайы органдардағы кадрларды сапалы жаңарту жеке құрамды әлеуметтік қорғауды күшейтудің және жалақыны өсірудің басты шарты болып табылады. Осыған орай Президент 2012 жылдың 1-ші шілдесінен кешіктірмей құқыққорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін қайта аттестаттау міндетін қойды. Сонымен бірге құқыққорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің қызмет атқару мәселесін реттейтін жаңа заңнаманың нормалары алғашқы рет қолданылады. Соның ішінде, 2011 жылдың 6-шы қаңтарында қабылданған «Құқыққорғау қызметі туралы» Заңын жүзеге асыру туралы да айтылды.

Ақшалай қолдау және әлеуметтік қорғау мәселелері ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ерекше маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда полиция офицері өзінің қаржы полициясы мен әскери қызметтердегі әріптесіне қарағанда 5,5 есеге төмен жалақы алады.

Президент құқықтық тәртіп жүйесін жаңғыртудың маңызды мәселелерінің бірі ретінде жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде міндет қойды.

Құқыққорғау органдарының әрекеттеріне қарамастан, еліміздегі жемқорлық деңгейі әлі де өте жоғары және жүйелік сипатқа ие болып барады.

Құқықтық статистиканың мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 2005-2012 жылдар аралығында анықталған жемқорлық қылмыс саны жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқаны байқалады. Егер 2005 жылы 1 505 осындай іс тіркелген болса, 2010 жылдың қорытындылары бойынша олардың саны 1 911-ға жетті, яғни өсім 27 пайызды құрады.

Егер 2005 жылы анықталған жемқорлық қылмыстан туындаған шығын сомасы 379 миллион теңгені құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 6,8 миллиард теңгеге дейін өсті.

Құқыққорғау органдары негізінен жемқорлық қылмыстарының салдарларымен күресіп келді. Сонымен бірге жемқорлықтың себептері мен шарттарын жою бойынша жүйелі жұмысты жүзеге асыру керекті деңгейде қамтамасыз етілмейді.

Мемлекет басшының айтуы бойынша, осы саладағы жағдайды жемқорлықпен күресудің жаңа стратегиясы арқылы өзгертуге болады. Ол үшін тиімді құқықтық механизмдер мен заманауи ақпараттық технологияларға сүйенуі керек, ал оны жүзеге асырудың негізгі қағидаларының бірі барша қауымды жемқорлық құқық бұзушылықтардан ескерту және алдын алу бойынша жұмысқа тарту болуы керек.

Осы орайда Жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарламаны жасап, Президенттің қарауына үш айдан соң ұсыну міндеті Үкіметке тапсырылды.




Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның сәтті бәсекелестігінің кепілі ретінде зияткерлік ұлтты қалыптастырудың стратегиялық міндетін айқындады: «Әлем жаһандану, инновациялар мен технологиялардың қарқынды дамуы дәуіріне түсті. Адамзат дамуының жаңа кезеңі «білім экономикасына» көшу болып табылады. Қазақстан да осы үдерістерден тыс қалмауы керек».

Жаһандық қауымға кіріге отырып, Қазақстан ұлттық білім беру жүйесін халықаралық білім беру стандарттарына жақындату мақсатында әлемдік білім беру кеңістігіне кіруді жүзеге асыруы керек.

Соңғы 10 жылда білім беру жүйесін қаржыландыру 7,5 есеге өсті. 2011 жылы білім саласына бөлінген мемлекеттік бюджеттің шығындары 1 триллион теңгеден астам соманы, немесе ЖІӨ-нің 3,8 %-ын құрады. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру жөніндегі стратегилық жолдың мысалы ретінде 1993 жылы бастау алған әлемнің үздік оқу орындарында студенттерді оқытуға бағытталған «Болашақ» президенттік бағдарламасы бола алады. Қазіргі таңда бағдарлама түлектерінің 4 мыңға жуығы республика экономикасының әртүрлі салаларында еңбек етіп жатыр. Биылдан бастап бұл бағдарлама ең алдымен ЖОО-дан кейінгі оқу мен ғылыми тағылымдамаларға жіберуді көздейді.

2011 жылы 2011-2020 жылдарға арналған Білімді беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, жаңа «Ғылым туралы» ҚР Заңы, «Назарбаев Университетінің» мәртебесі туралы», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» ҚР Заңдары қабылданды. «Білім туралы» ҚР Заңына айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Онда білім беру сапасын, педагог мәртебесін арттыруға, ЖОО-лардың білім берудегі жетістіктеріне, жаңа біліктілігіне сыртқы баға беруге ерекше назар аударылған.

Білім беру саласында білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыруға бағытталған, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастырылған және әлемдік еңбек нарығында бәсекелесе алатын мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін сапалы өзгерістерді енгізу керек:

Мектепке дейінгі білім беруде екі негізгі аспектіні атауға болады. Біріншісі – жаңа балабақшаларды салуды көбейту және бұрын салынған бала бақшаларды қайтару. Бұл үшін өткен жылдан бастап мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасы іске қосылды. Бір жылдың өзінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 41 %-ға өсті. Қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтылған балалардың үлесі 65,4 %-ды құрайды, ал бірқатар өңірлерде 90 %-ға жуық. Негізгі мақсат – 2020 жылға қарай республика аумағындағы мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтылған балалардың 100 %-ын қамтуды қамтамасыз ету. Екінші аспектісі – мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін іске қосу. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде жан басына шаққандағы мемлекеттік қаржыландыруды енгізу. Мектепке дейінгі жеке секторды дамытудың тиімділігі артып келеді, қысқа мерзімнің ішінде ол 2,5 есеге өсті.

Орта білім беруде 2015-2020 жылдары 12-жылдық білім беруге көшуге басты назар аударылып отыр. Осында бірнеше міндеттерді атқару керек.

Біріншіден, Назарбаев Зияткерлік мектептері желісін дамыту. Қазіргі таңда осындай 6 мектеп іске қосылды, жоспарланған мектептер саны 20-ны құрайды.

Екіншіден, барлық деңгейдегі білім сапасын мемлекеттік бақылаудың орталықтандырылған вертикалін қалыптастыру.

Үшіншіден, мұғалімнің мәртебесін көтеру. 2015 жылда педагогтардың орташа жалақысын жеке сектордағы жалақы деңгейіне жақындату мәселесі Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған. 5 жылдың ішінде жаңа жүйе бойынша қызмет етіп жүрген мұғалімдердің жартысына жуығы қайта дайындықтан өтеді. Бұл үшін Назарбаев Зияткерлік мектептері жаңынан Педагогикалық шеберлік орталықтары мен Педагогтардың біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы құрылып жатыр.

Төртіншіден, білім беруді ақпараттандыру. Соңғы 5 жылда барлық мектептер компьютерлермен қамтылды. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің 50 %-ында интерактивті кабинеттермен және құралдармен жабдықталған, мектептердің 98 %-ы Интернет желісіне қосылған, соның ішінде 37 %-ы кең жолақты Интернетке қосылған.

Бесіншіден, Е-learning электрондық оқыту, ол ағымдағы жылда 44 пилоттық, 2012 жылы – 537, ал 2013 жылы – 926 білім беру мекемелерінде енгізіледі. 2015 жылы электрондық оқыту жүйесінің қолданушылар саны 50 %-ды, ал 2020 жылы – 90 %-дан астам білім беру мекемелерін қамтуы керек.



Техникалық және кәсіби білім беруде мемлекеттің көлемінде жұмыс берушілердің міндетті түрде қатысуымен корпоративті басқару жүйесі іске қосылуда. Кәсіптік-техникалық білім беру мәселесі өндіріске көшірілетін болады.

Республикалық деңгейде Ұлттық кеңес, салалық және өңірлік деңгейлерде салалық және өңірлік кеңестер құрылған.

Мамандарды дайындау үдерісіне жұмыс берушілерді тартуда жүйелік катализатор ретінде «Кәсіпқор» холдингі құрылды. Оның құрамына кадрларды дайындау бойынша төрт ірі өңіраралық орталық пен салынып жатқан төрт әлемдік деңгейдегі колледж кіреді. Бұл жерде жұмыс берушілердің қатысуымен басқару және қаржыландыру механизміне ерекше назар аудару керек. Олар барлық кезеңдерде –стандарттарды жасаудан бастап тәжірибелік базаны ұсынғанға дейінгі кезеңдердің барлығында негізгі ролді атқаруы керек.

Нәтижесінде 4 өңірлік орталық жүйесін Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік мектептері сияқты «сапалы өсу орталықтары» ету керек.

Жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі міндет – «зерттеу университеті» жаңа ұғымын енгізу болып саналады. Бұл орайда оқыту, ғылым және инновациялардың жиынтығын құрайтын Назарбаев Университеті үлгі бола алады. Ол әлемнің үздік университеттерімен өзара әрекетте отырып қызмет етеді, ол жерде көрнекті шетел ғалымдары мен профессорлары қызмет етеді.

Жоғары білім беру жүйесіндегі аса маңызды өзгертулер ЖОО-дарын жаңаша топтастыруды енгізумен байланысты. Бұдан былай олардың 6 градациясы болады: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық ЖОО, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар және институттар. 2015 жылы 2–3 зерттеу университетін құру жоспарланып отыр.

ЖОО негізінде инновациялық құрылымдарды – бизнес-инновациялық орталығын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, коммерциялау орталықтарын құру ерекше орында тұр. Олардың қаржыландырудың нақты механизмі, мемлекеттің, бизнестің, ғылымның ролдері нақты анықталуы керек. 20 жылда Елбасының тапсырмасымен алғашқы рет «Студенттердің баспанасы» бағдарламасы іске қосылып жатыр, 2015 жылда жатақханалармен қамсыздандырылғандар үлесі 80%-ға жетуі керек. Бұл шара студенттерді жатақханамен қамсыздандыру мәселесін шешуді көздейді.

Президенттің Жолдауында 1-2 салада салалық ассоциациялардың негізінде тәуелсіз Біліктілікті бекіту орталықтарын пилоттық режимде құру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Елбасы атап айтқандай, «медицина институтын бітірген түлек бірден дәрігер болып шыға алмайды. Политехникалық ЖОО-ны тәмамдаған түлек әлі де болса инженер емес. Оған өзінің маман екенін дәлелдеуге тура келеді. Бүкіл әлемдегі тәртіп осындай». Яғни, осы тәуелсіз орталықтар түлектің мамандығы бойынша біліктілігін бекіту үшін оның алған білімінің сапасын бағалауы керек.

Қазақстандық ғылымда үлкен өзгерістер орын алды. Заң жүзінде Елбасы ұсынған ғылыми саланы басқарудың жаңа үлгісі қабылданды.

Біріншіден, зерттеуді жүзеге асыру және оны қаржыландыру туралы шешімді қабылдаудағы ғалымдардың ролі айтарлықтай күшейтілді. Сонымен бірге бұл басқару вертикалі әкімшілік басқарудан ажыратылды. Оның құрамына ҚР Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия, зерттеудің басым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер, Мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертиза Ұлттық орталығы кіреді.

Екіншіден, базалық және гранттық сияқты ғылымды қаржыландырудың жаңа механизмдері енгізілді. Базалық қаржыландыру ғылыми ұйымдарды материалды-техникалық түбегейлі жаңартуға мүмкіндік береді. Гранттық қаржыландыру әлемнің дамыған елдерінде қабылданған тәртіпке сәйкес құрылады.

Президенттің Жолдауында жастарды отансүйгіштік рухында, мораль және парасаттылық, ұлтаралық келісім және толеранттылық, физикалық және рухани даму нормаларына сай тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол мақсат қойылды. Президенттің айтуы бойынша, бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс. Жастарды тәрбиелеуде жаңа сапаға көшіп, жаңа механизмдерді жүзеге асыру керек. Қазіргі заманда жастар саясаттан белгілі бір дәрежеде алшақтаған, деструктивті әсерлер күшеюде, тұрмыстық жағдайдың қиындығы, діни ағымдар сияқты кедергі жасаушы факторлар да бар. Сондықтан тәрбие жұмысын жүргізуде жылдам, шапшаң қимылдап, жүйелі түрде жүзеге асыру керек.

Біздің еліміздің құндылықтарының бірі және негізгі басымдығы – оның көп ұлттылығы мен көп тілділігі болып табылады. Сондықтан Елбасы былай деп айтты: «Қазақ тілі, біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады. Бұл біздің Конституцияның норма­сы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді. Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмей­тіндей жағдайда жүзеге асады».

Президент Жолдауда айтқандай, Медициналық қызмет көр­се­ту­дің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің дең­гейін арттырудың келесі бір маңызды бағыты болып табылады.

Халықтың денсаулық жағдайының деңгейі, өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриалдық дамуының деңгейін көрсетеді. Халықтың әл-ауқатының баяндылығы мен тұрақтылығы тұрғысынан алғанда денсаулық сақтау саласы медициналық көмек көрсетуде қолжетімділікті, уақытылы, сапалы жәрдем беруді және бірізділікті қамтамасыз етуі керек.

Елімізде мемлекеттік бағдарламаларды дамыту арқылы ынтымақтастық, әлеуметтік бағытталу, адамдардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік және профилактикалық медицинаны дамыту басымдығы қағидаларына негізделген медициналық көмек көрсету жүйесі қалыптастырылып жатыр.

Республикада 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды, онда келесі негізгі міндеттер қарастырылған:


  • салаларды нарықтық қатынастарға бейімдеу бойынша шаралар;

  • профилактикалық шараларды күшейтуге бағытталған сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру;

  • азаматтардың саламатты өмір салтын ұстануын ынталандыру;

  • азаматтардың өз денсаулығы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру;

  • отандық сапалы дәрiлiк заттарды өндіруді дамыту және халықтың оларға қолжетімділігін арттыру.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында халықтың денсаулық жағдайы және Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын байқауға болады.

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі аясында онкогематологиялық ауруларға шалдыққандарға дәрілік заттарды сатып алу 2012 жылдан бастап толығымен республикалық бюджет қаржысынан жүзеге асырылады. Қазіргі кезде амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттарды алатын онкогематологиялық ауруға шалдыққан науқастардың регистрі жасалды, бұл шара әрбір пациенттің мемлекеттің кепілдендірілген дәрілерін алуын нақты бақылауға мүмкіндік береді. Қабылданып жатқан шаралар халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз етуге, кепілденген мөлшерде тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қорғалмаған топтар үшін кепілденген мөлшерде тегін медициналық көмек алуға қымбат тұратын қызмет түрлері кіргізілген. Олардың арасында – экстракорпоралды ұрықтандыру, жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонтикалық көмек көрсету, балаларда «В» және «С» вирус гепатиттерін диагностикалау үшін профилактикалық зерттеулер өткізу және т.б.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруда әлеуметтік жұмысшылар, психологтар, учаскелік терапевттер үшін екінші медбике және жалпы тәжірибедегі дәрігерлер үшін үшінші медбике лауазымдары енгізілді.

Шалғай өңірлерде тұратын ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қажетті медициналық құралдармен жабдықталған және дәрігерлер бригадаларымен толықтырылған поездар екінші жыл қатарынан көмек көрсетуде. Сонымен қатар өңірлерде жылжымалы медициналық кешендер сатып алынып, құрылған. Олардың көмегімен жүз мыңдаған адамдар медициналық тексеруден өтті. Өңірлерде диагностика жасау және емдеудің жоғары технологиялары мен жаңа әдістері дамытылуда.

Қазақстан халқының 6 %-дан астамы онкологиялық ауруларға шалдыққан. Сонымен қатар онкологиялық ауру салдарынан қайтыс болғандардың саны жүрек қан-тамыр ауруларынан кейін екінші орында тұр. Сондықтан Елбасы өз Жолдауында басымдықтар қатарында онкология ауруына шалдыққандар саны мен осы аурудан қайтыс болатындар санын азайтуды айтты. Қазір Үкіметке Қазақстанда онкологиялық көмекті дамыту Бағдарламасын жасау тапсырылды, оның негізінде Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салынатын болады.

Шынында, жүрек қан-тамыр ауруларына медициналық көмек көрсетуді дамыту бойынша былтырғы жылғы бағдарлама сәтті болды. Жүрек қан-тамыр ауруларынан көз жұмғандар көрсеткіші 1,7 есеге төмендеді. Барлық облыс орталықтарында жүрек клапанында коронарлық жалғаулар сияқты операцияларды жасауға қабілетті кардиохирургиялық орталықтар құрылды.

2015 жылда денсаулық сақтау саласының тиімділігі артып, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) сияқты табысты болып, сапалы медициналық қызметті қолжетімді етуі керек. БҰДСЖ 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда. Оның мақсаты медициналық қызмет көрсету үдерісінде пациентке дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау, бәсекелестік орта мен транспаренттілікті қалыптастыру қағидаларына негізделген денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Президенті ұсынған «Болашақ госпиталі» жобасы ең алдымен аурухананы басқаруда әлемдік тәжірибені тарту, сондай-ақ инновацияларды енгізу мен шетелде кадрларды дайындауды көздейді. Денсаулық сақтау министрлігі осы кездің өзінде екі мың адамды заманауи менеджментке оқытты. Кіріктірілген академиялық денсаулық сақтау жүйесі қазіргі кезде Назарбаев университетінің негізінде қалыптастырылуда.

Үкіметке ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру механизмін енгізу ескерілген денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар жасау тапсырылды. Президенттің айтуы бойынша, адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жа­салып жатқандай, болашақ – ме­дицинадағы сақтандыруда. Адам­ның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте бо­ла­ды. Адамның денсаулығы не­ғұр­лым нашар болса, ол со­ғұрлым аз сақтандырылады, не­ғұр­лым жақ­сы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ.

Денсаулық сақтау жүйесінде күтілетін нәтижелер:


  • 2013 жылға қарай Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылады;

  • 2015 жылға қарай өмір сүру ұзақ­тығы 70 жасқа дейін ұлғаяды; ана мен бала өлiм-жiтiмi 1,5 есеге төмендейді, жалпы өлiм-жiтiм 15 %-ға төмендейді; өкпе ауруына шалдыққандар саны 10 %-ға азаяды; халықтың қажеттілігіне сай бәсекеге қабiлеттi денсаулық сақтау жүйесі жасалады.

Саламатты өмір салты мәдениетін дамытуға ерекше назар аудару керек. Әкімдер спорт нысандарының халық үшін қолжетімділігін арттыру туралы Президенттің тапсырмасын орындауы оң ықпал етеді.
Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру
Қазақстан 1997 жылдың маусым айында посткеңестік кеңістікте алғаш болып зейнеткерлік қамсыздандырудың жинақтау жүйесін сәтті енгізді. Н. Ә. Назарбаев Жолдауында айтқандай, қазіргі кезде «салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды. Жинақ көлемі 17 миллиард доллардан асады».

Сонымен қатар бүгінгі таңда зейнетақы қорлардың қаражаттарын тиімсіз басқару бойынша айғақтар аз емес. Жекелеген зейнетақы қорлардың басшылығы қорлардың қаражаттарын жеке қаражаттарындай пайдаланып, арасында акционерлердің шығындарын көтерін, олардың мүдделеріне қамтамасыз етеді. Негізсіз үлкен бонустар беріледі. Көбінде жекелеген зейнетақы қорларының кірістілік деңгейі инфляция деңгейінен төмен, сондықтан жинақталған қаражаттың төмендеуі орын алады. Ал қорлардың салымшылары олардың инвестициялық саясатына әсер етуге мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан Президент Үкімет пен Ұлттық Банк алдына осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау міндетін жүктеді.

Зейнетақы жүйесін жетілдіруде ерекше ролді мемлекет атқарады, ол қоғамның барлық мүшелеріне лайықты зейнетақы алу үшін табыс тауып, қаражат жинауға, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуының сенімді негіздерін жасау үшін жағдай жасау керек.

Партияның сайлауалды тұғырнамасында 2017 жылға қарай зейнетақы төлемдерін өмір сүру минимумы көлемінен 60 % дейін жеткізу көзделген.

Дамыған және тиімді қызмет ететін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі бір қаржылық қаражатты қолдау есебімен екі аса маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: халықты қосымша әлеуметтік қорғаумен қамсыздандыру және мемлекеттің инвестициялық мүмкіндіктерін едәуір кеңейту.


Тоғызыншы. Индустриалды-инновациялық жобалар
Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі экономиканы нығайту бойынша жаңа талаптарды қояды. Қазіргі кезде әлемде тұрақсыздану тәуекелдері күшейіп келеді. Сондықтан біздің мемлекетіміздің міндеті – еліміздің халқын орын алуы мүмкін экономикалық күйзелістерден қорғап, дамудың жағымды динамикасын қамтамасыз ету.

ҮИИД МБ экономиканы жаңғыртудың басты бағыты болып саналады. Тек қана өткен жылы 970 миллиардтан астам теңге көлемінде 288 жоба іске қосылды. Алдыңғы қатарлы кластерлерді қалыптастыру жалғасуда.

Төніп тұрған жаһандық дағдарысқа біздің жауабымыз ретінде Қазақстан ішкі сұранысты және экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуге, он мыңдаған жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін алып құрылыс алаңына айналуы тиіс. Жолдауда Елбасы биылдың өзінде біздің шикізат ресурстарымызды әртараптандыру және осындай әртараптандыруға негіз болатын инфрақұрылымды дамыту саласында жаңа ауқымды жобалардың басталуын жариялады:

- Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұра­тын Бал­қаш ЖЭС-інің бірінші мо­дулінің құрылысын бастау көзделіп отыр. Бұл қарқынды дамып жатқан оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

- Келер жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Үш жыл ішінде 2 700 ша­қы­рым сапалы автокөлік жолы салынбақ.

- 1200 шақырымға созылатын Жез­қазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желілері құрылысына кірісу­дің де маңызы үлкен. Бұл жобалар Жезқазған-Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпін беретін болады.

- Жамбыл об­лысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді минералды тыңайт­қыш­тар өндірісін құру жөніндегі жоба жал­ғас­ты­рылады. Жоба Жамбыл облысының және бү­тіндей оңтүстіктің эконо­ми­касын көтеруге мүмкіндік береді.

- Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешені бензин өндіруді үш есе дерлік – 1,7 миллион тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейін ұл­ғай­тып, Қа­зақстанды отынның осы түрлері­мен қамтамасыз етеді.

- Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуа­тына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тон­на пропилен мен 800 мың тонна полиэти­лен шығаруды қам­тамасыз етеді.

- Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құры­лысына кірісу.

- Елдің, Ас­тананы қоса алғанда, орта­лық өңі­рін газдандыруды қам­та­масыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін салу.

Президенттің айтуы бойынша, бұл жобалардың бәрі біздің экономикамыздың, біздің еліміз­дің бейнесін бүтіндей өзгертетін болады.

Тұрғын үй, ірі кәсіпорындар құрылысы төңірегінде құрылыс индустриясы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі дамитын болады. Әлуетті локомотив секілді олар Қазақстанның тұрақты дамуын, әлеуметтік бағдарламалардың шешілуін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін Үкімет пен Парламентке бюджетті қайта қарап, керекті қаражатты бөлу жө­нінде тапсырыс берілді. Сонымен бірге осы жобаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несиелер бөлінеді.

Қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу үшін 2008– 2009 жылдардағы дағдарыс кезінде нақты және тиімді қызмет еткен комиссияға ұқсас арнайы комиссия құрылады. Облыстарда әкімнің бір орынбасары индустрия, инвестиция мәселелерімен арнайы айналысатын болады.

Қазақстандық инновациялық жүйені нығайту бойынша басқа да шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Инновациялық гранттарды бөлу арқылы перспективалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бюджеттен бөлінетін қаражат көбейтіледі. «Ғылым туралы» жаңа заңда ғылым мен отандық ғалымдарды жүйелі мемлекеттік қолдаудың негізі қалыптасты. Назарбаев Университетінің төңірегінде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық-интеллектуал­дық кластер қалыптастырылуда.

Мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылының инновациялық әлеуе­тін өрістету үшін «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң қабылданды. Үкіметке мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа түрлерін енгізуді көздейтін заң жобасын жасау тапсырылды.

Жолдауда ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан эко­номикасына тікелей шетел ин­вес­тицияларының ағынын әр­та­рап­тандыру болып табылады деп айтылған. Оларды перспективалы са­ла­ларға, мысалы, туризм сала­сына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді. Туризмді дамыту орталығы ретінде ең алдымен Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын да­мы­ту, сондай-ақ Ақмола облы­сын­дағы Бурабай курортты ай­ма­ғын дамыту болуы керек.

Қазақстанның ҰСҰ кіруі бойынша келіссөздер 2012 аяқталуы керек. Бұл біздің экономиканың инвестициялық тартымдылығын едәуір көтермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет