Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
категориялары: ЖОО тәрбие, ЖОО оқыту, ЖОО білім беру, педагогикалық жүйе,
педагогикалық үдеріс, педагогикалық іс-әрекет, ғылыми-зерттеу іс- әрекеті, оқытушы және
студент (білім алушы) т.б.
Жоғары мектеп педагогикасының қазіргі заманғы мәселелері:
• Жоғары мектептегі оқыту, білім беру, тәрбиелеу мәселелері;
• ЖОО оқыту әдістері, құралдары, формаларының жаңа жүйесін табу; ЖОО оқытудың
инновациялық технологиялары; ЖОО оқытудың болашағын болжау;
• Жаһандану жағдайына сәйкес жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру;
• Заманауи жоғары білім берудегі интеграциялық үдерістер;
• Жоғары білім беру аймағындағы салыстырмалы зерттеулер;
• Педагогикалық іс-әрекет контексіндегі құзіреттілік;
• Кәсіби білім берудегі тәрбие компоненттері;
• ЖОО білім алушыларды әлеуметтендіру;
• Жоғары мектепті басқару заңдылықтарын анықтау;
• Жоғары
педагогикалық
білім беруде
оқытушының
шығармашылық
құзіреттілігін дамыту мәселелері; Оқытушының ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту;
Оқытушының педагогикалық шеберлік деңгейін диагностикалау; Оқытушы-студент қарым-
қатынасындағы мәселелер; Оқытушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу; Оқытушының
кәсіби құзіреттілігі; ЖОО білім алушы тұлғасы;
• ЖОО академиялық ұтқырлықтың білім беру сапасын арттырудағы орны; ЖОО
дуальді білім беруді жетілдіру; ЖОО-ғы қос диплом мәселесі және т.б.
1.2 (2-дәріс). Заманауи жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері.
Жоспары:
1. Педагогика ғылымының құрылымы.
2. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық тұғырлары (тәсілдері).
3. Құзыреттілік тұғыр жоғары мектеп педагогикасының негізгі басымдылығы.
4. Құзыреттіліктердің қазіргі заманғы сан алуан түрлері: іргелі математикалық,
жаратылыстану-ғылыми, экологиялық, техникалық саладағы мамандарды кәсіби, тілдік
даярлау.
5. XXI ғасырдағы жаратылыстану-ғылыми білім беру
Әдіснама («методология» ‒ грек. methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу
және logos – сөз, түсінік): 1) теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру, құру
принциптері мен тәсілдері жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім, білім; 3)
белгілі бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы (Философиялық энциклопедиялық
сөздік). Әдіснама – ғылыми әдістер туралы теориялық ілім; жаңа педагогикалық білімдерге
қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі; белгілі бір немесе бірнеше теориялар
негізінде зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып
табылады. Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігін және мазмұнын ашуда
педагог- зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика»,
«парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады.
Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы
ілім. Оның құрамына 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі
педагогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, іргелі,
философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) педагогикалық таным әдістері
туралы ілімдер жатқызылады (В.И. Загвязинский)
Ғылым әдіснамасы, оның ішінде педагогика әдіснамасы көптеген шетелдік, отандық
ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелуде: М.А. Данилов, А.М. Арсеньев, Ф.Ф. Королев,
Н.К. Гончаров, Э.И. Моносзон, В.Е. Гмурман, С.И. Архангельский, М.Н. Скаткин, В.С.
|