Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет25/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін 
зерттеу нысанында пайдаланылатын логикалық әдістерді, бақылау мен тәжірибе, анализ бен 
синтез, болжам, индукция мен дедукция, аналогия, жүйелеу мен топтастыру, генетикалық 
әдіс, т.б. біріктіреді.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: 
• анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге 
(жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б.) бөлу; 
• синтез – заттың құрамдас бөліктерін бір тұтас затқа біріктіру; 
• абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес және зерттеуге қажетті 
қасиеттерін бөліп алу; 
• жалпылау – нысандардың жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік 
беретін ойлау әдісі; 
• индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін 
зерттеу мен талқылау әдісі; 
• дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау 
әдісі; 
• аналогия – нысандардың бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы 
туралы айтуға мүмкіндік беретін танымдық әдіс; 
• жүйелеу ‒ зерттелетін пәнді маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, 
биология, геология, география, кристаллография, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері). 
• Интерғылыми 
әдістерге 
экстрополяция, 
интерполяция, 
модельдеу, 
ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Зерттеу 
үдерісі 
барысында 
төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: 
• экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың 
ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа 
ауысуы; 
• интерполяция ‒ құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы 
қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, 
көрсеткіштерді табу; 
• 
модельдеу – шынайы түрде бар үдерістер мен құбылыстардың логикалық
ақпараттық және графикалық құрылымын жасау, яғни нысандарды жеңілдетілген түрінде 
бейнелеу; модельдеу – түп нұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-
дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; 
• ретроспекция ‒ объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу 
объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының 
динамикалық қатарын зерттеу; 
• эксперттік бағалау – эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары. 
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдердің ешқайсысы да, дара түрде 
зерттеудің негізділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. 
Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын 
пайдалану ғана тиімді бола алады. 
«Тұғыр» деген ұғым білім беру үдерісінің стратегиясы және тактикасын белгілеуде 
қолданылып келеді. Тұғыр – педагогикалық нысананы зерттеудегі тәсілдер жиынтығының 
қатынасы. Демек тұғыр педагогикалық іс-әрекет тәсілдерін және өзара байланысты идеялар 
мен ұғымдардың сапалық жиынтығын пайдалануға мүмкіндік тудыратын әдіснамалық 
бағдар болып табылады.
Ш.Таубаеваның пікірінше, тұғыр – қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі 
жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады. Ғалым педагогикадағы 
әдіснамалық тұғырларды жіктеп, оларға жеке сипаттама берген. Көптеген ғалымдар тұғырды 
білім беру үдерісінің тиімділігін арттыратын кешенді педагогикалық құрал деп түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет