Әлеуметтік ғылымдар



бет2/4
Дата03.01.2022
өлшемі40.19 Kb.
#450767
1   2   3   4
8 апта

Гуманитарлық білім - адамның әлеуметтік табиғаты жөнінде, сонымен бірге көркем мәдениет негіздері мен оның тілі туралы ғылыми білімдер негізін баяндайтын оқу пәндерінің кешенін қамтитын жалпы білімнің үш құраушысының бірі.

Əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдардың өзгешелігі. Білім
бағасының нақты емес жəне қатал емес түрлері (мысалы, эксперимент):
1) табиғаттануға қарағанда норма мен бағаны жариялайтын ғылыми элита
мен мектептер, яғни, олардың қызметінің этикалық аспектілері қатал
бағаланады;
2) идеологиялық жəне ғылымнан тыс əлеуметтік əсерлердің рөлі үстемді.
ғылым этикасын бұзғанда «білім сапасының» төмендеуі: - макулатура білімі
(имитация);
3) идеологияға бағынған ғылымдар;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғалымдар («көзге түскен
ғалымдар»).

2. Қазіргі Батыстық ғылым философиясындағы тарихи бағыт. П. Фейерабенд, Т. Кун, Полани, С. Тулмин П. Фейерабендтің ғылым философиясында методологиялық плюрализм және эмпиризм проблемалары. П. Фейерабенд көзқарастары эволюциясындағы негізгі кезеңдер «методологиялық плюрализм және методологиялық анархизмң.

Тек ХХғ. Аяғында ғылым дамуының философиялық тұжырымдамасы толық құрастырылды деп санауға болады; оған ықпал еткен Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Ст. Тулмин, П. Фейерабенд, М. Полани т.б. Өзекті болған соң ғылым философиясының сұрақтары осы уақытқа дейін əр түрлі мамандардың назарын өзіне тартады.
Əуелі төрт ұғымға анықтама берейік.
Дəстүр - ұрпақтан ұрпаққа жалғаса алатын əлеуметтік пен мəдени
мұраның элементтері. Ғылымда дəстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы
қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол
ғалымдар арасында бір дəлелденген теорияның, ережелер мен нормалардың
адекваттік түрі бойынша қабылдау келісімі, конвенциясы. Дəстүр ғылымда
шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға
арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм сол себепте
дилетантизм мен білімсіздікке жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым»
өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун. Бірақ, дəстүр əрқашанда жаңалыққа
да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан
басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, əдет пен икем
қайта өндірілу керек.
Жаңашылдық - материалдық пен рухани сфералардағы жаңалықтар.
Жаңалықтар өздері екіге бөлінеді: 1. коррекция жасайтын, ескі дəстүрдің
кейбір түрлерін өзгертеді; 2. жаңа дəстүрді енгізетін. Əр салада екіншісі қиын
қабылданады. Келесіде ол өзінің қолдаушыларын тауып дамиды. Сөйтіп
концептуализация арқылы (ғылыми ортада айқын жарияланған соң) ол өзі
дəстүрге айналады, білім жүйесінде өндіріледі. Жаңа идеялар дəстүрлі
терминология тілінде жарияланады немесе жаңа ұғымдарды енгізеді.
Ғылым философиясында сандық тұрғыдан жаңашылдықтар мен
дəстүршілдіктер 4 млн. ғалымның арасында 2000-ы жемісті болса, тек 45
радикалдар деп саналады. Дəстүр мен жаңалық мəселесін «революция» мен
«эволюция» («қалыпты даму»), интенсивті (радикалдық-революциялық) жəне
экстенсивті (фундаменталды теориянының қолдану аймағын кеңейту) даму
түрлері арқылы қарастырамыз.
Ғылыми революция - ғылыми білімнің динамикасында ғылымның
негізімен бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі рөл
атқарады. Сол кезеңдерді ғылыми революция деп атайды. Адамзат өзінің
дамуында бірнеше ғылым мен техниканың революциясынан өтті: өнеркəсіптік,
электротехникалық, электрондық, бағдарлама жəне «жасыл» революциясы.
Сөйтіп, көлем мен өзгертудің тереңдігіне қарай революцияларды
жаһандық, локалды жəне мини-революциялар деп бөледі. Фундаменталды
(жаһандық) революциялар ғылымның негіздерін (идеалдар, ғылым
нормаларын) жəне дүниенің ғылыми бейнесін (онтология өзгереді) күрделі
түрде өзгертеді. Локалды революциялар ғылымның негізін өзгерпей тек зерттеу
нақтылықтың бейнесін өзгертеді. Солай, ғылым дамуында түбегейлі өзгерістер
сонша көп емес.
Ғылым философиясында жаһандық революциялардың үш рационалдылық типтермен байланысты үш типі бар: классикалық, классикалық
емес, постнеоклассикалық; В.С. Степиннің пікірінше, тағы 4 типі - екіншісімен
байланысты, пəндік ғылымның шығуымен (ХVІІІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. басы)
байланысты.
Ғылымда революция қалай қалыптасады? Кейбір пікірлер бойынша,
ғылыми революциямен жаңалықтар ғылымда кездейсоқ болады, яғни, қосымша
зат ретінде, нақты мақсатты шешкенде; ал басқа пікір бойынша, ол дəстүрлі
жолмен қалыптасқан қатал қызметтің табиғи жалғасы деген. Ал, осыған ықпал
ететін факторларға келсек, олар ішкі жəне сыртқы деп бөлінеді. Осының
интерналистік пен экстерналистік нұсқаулары бар.
Мысалы, Б.Г. Юдин сыртқы факторлар үстемді десе, Б.С. Грязнов ішкі
факторларды таңдайды. Ал Микулинский сыртқы мен ішкі факторлардың
ғылым дамуында бірлік ықпалы туралы айтады. Сол себепте, ғылыми
революциялар ішкі пəндік пен пəнаралық байланыста мүмкін.
Енді нақты түрде осы мəселе бойынша ғылым философиясындағы
тұжырымдамалар мен пікірлерге тоқтайық.
Карл Раймунд Поппердің логикалық-методологиялық тұжырымдамасы.
Карл Поппер ХХ ғ. батыс философиясының əйгілі өкілі. Оның
шығармалары философия, ғылым логикасы, ғылым методологиясы мен
əлеуметтану салаларында жазылған («Ғылыми білімнің логикасы мен дамуы»,
«Ашық қоғам жəне оның жаулары», «Историцизмнің жоқшылығы» т.б.)
К. Поппердің атын «фаллибилизм» (ағл. қатеге бейімделген, күнəға батылған)
атты ағыммен байланыстырады. Оның негізінде Поппермен ұсынылған
жүйелердің «фальсифицияландыру қағидасы» жатыр. Əмбебап пікірлерді
фальсифицияландыру дегеніміз оларды «бар еместік» (жоқ) түрінде бекіту.
Демаркацияның мөлшері ретінде верификацияландыруды емес
фальсифицияландыруды ұсыну қажет. Яғни, біз бір ғылыми жүйені тек сол
жағымды түрде қабылдауды қажетті міндет етпеуіміз керек, ал, оны
эмпириялық тексеру арқылы жағымсыз мағынада шығару логикалық түріне
лайықтылықты қажет етуіміз дұрыс: эмпириялық жүйе тəжірибе арқылы өзін
жоққа шығаруын рұқсат етеді.
Поппердің пікірінше ғылыми білімнің дамуы - ол бір жағымсыз теорияны
жағымды теориямен ауыстыратын шексіз жəне тоқталмайтын үрдіс. Осындай
теорияның құрылымын келесі түрде көрсетуге болады: 1. гипотезаны ұсыну; 2.
гипотезаның фальсифицияландыру деңгейін өлшеу; 3. мүмкін
фальсификаторлар саны көп жағымды гипотезаны таңдау қажет (яғни, күдікті
гипотезалар лайықты); 4. эмпириялық тексеруі үстемді салдарды шығару жəне
эксперимент өткізу; 5. қағидалы түрде өзгеше салдарды іріктеу; 6.
фальсификация жағдайында гипотезаның өзін жоққа шығару, ал теория
фальсифицияландырылмаса оны уақытша сақтау қажет; 7. конвенционалды
(келісім) түрде тексеруді тоқтатып, нақты фактілер мен теорияны шартты түрде
қабылдауды бекіту. Басқаша айтқанда, Поппердің пікірінше, ғылым батыл
түрде ұсынылған пікірлер жəне келесіде оны қатал сыннан - қарсы мысалдарды
табу – өткізумен дамиды.
Осы философтың тұжырымдамасы жарты ғасырдың аралығында бірнеше
модификациялық өзгеріске қарамай, өзінің тіректі негізін сақтап қалды. Яғни,
тұрақты идея ретінде - ғылымның белгісі жəне ғылыми рационалдылықтың
мəні - сынның қажеттілігі мен мүмкіндігімен қатар əр-қашанда өз ережелерін
қайтадан қарастыру. Əр теория сыннан осалды (əлсіз) болса, оны ғылыми деп
санамайды. Теория фактілерге қарсы шықса, онда оны жоққа шығару міндет.
Нақты ғылымда жоққа шығарылған теория мен гипотеза жедел түрде
жойылады ма деген сұрақ қайшы, бірақ Поппер үшін, егер ғалым алдына оның
теориясының əлсіздігі мен құлдырау фактісі айқын қойылса, бірақ ол
теориясын қолдап қалса, яғни, ол рационалсыз жəне «ғылым ойынын» ережесін
бұзады. Сөйтіп, ғылыми теорияның ауысуы жəй емес, мəнді түрде қажетті.
Поппердің айтуынша, ғылыми танымның тарихы батыл ұсыныстары мен
оларды жоққа келтіруден жəне «перманентті революциялар» тарихы ретінде
көрсетілген. Сол себепте, Поппер үшін, ғылыми революция деген ұғым үстемді
айналыс түрінде көрсетіледі, бір-бірін жоққа келтіретін теориялардың
арасындағы қайшылықтар мен сол жағдайдың өзгеше ұштастығын білдіретін,
мысалы, фундаменталды теорияларға қатысты болса.
Осы модельдің онтологиялық негізі болып «үшінші əлем» атты
концепция табылады. Өзінің «Үшінші əлем» аталған тұжырымдамасында,
«Объективтік білім» атты шығармасында ол келесі үш əлемді ажырату қажет
деп, тезис ұсынады: «біріншіден, физикалық объектілер немесе физикалық
жағдайлар əлемі; екіншіден, сана, ойлау (менталитет) жағдайы жəне іске
диспозиция мүмкіндігі; үшіншіден, ойлаудың объективтік мазмұны, əуелі,
ғылыми идеялардың, поэтикалық ойлар мен өнер шығармалары». Үшінші əлем
физикалық əлем мен сананың нəтижесі, адам іс-əрекетінің нəтижесі. Оның
қажетті шарты тілдің шығуы. Тілде тұрақталып, білім «объективтік рухқа»
айналып, объективтік қасиетке ие болады.
Поппер тоқталғандай, «үшінші əлем» үстемді түрде, оған əсер етседе,
немесе біз оған əсер етсекте, ол автономды.
Үшінші əлемнің тұрғындарына теориялық жүйелер, мəселелер мен сынау
пікірлер, журналдар, кітаптар мен кітапханалардың мазмұны кіреді. Ғылыми
теориялардың даму процестерінің өздерінің даму логикасы бар. «Менің зерттеу
логикам білімнің даму теориясының мүмкіндік пен қатесін, яғни, қатені
жоюдан тұрады. Ал, ол болса - Ламарктің ереже нұсқаулары, үйрету арқылы
емес, Дарвинның селекциясы, іріктеуі арқылы». Осы салыстырмалы
ұқсастықты Поппер өмірінің соңында теорияның динамикасының төрт фазасы
атты схемасында ұсынды:
1)Мəселе (бақылау емес);
2) Шешу əрекет жасау - гипотезалар;
3) Қатені жою  гипотеза мен теорияның фальсификациясы;
4) Сыншыл сұхбат нəтижесінде жаңа жəне мəселені нақты қою.
Қорыта айтқанда, Попперлік «ғылыми теориялар» ғалым дүниесіне
қатыспай идея əлеміне толық қатысты. Ғалымдардың іс-əрекеті рационалды
болу қажет, яғни, теориялық құрылымды басқамен ауыстыру. Ғалымдардың
«ашық қоғамында» интеллектуалды күрестен басқа ештеңе жоқ; сайысқа
адамдар емес, идеялар шығады, ал, адамдар ғылымға адал қызмет жасау керек.
Сол себепте, біз Поппердің көзқарасында жетілген «ғылыми революцияның
құрылымын» таппаймыз.
Томас Кунның ғылыми революция теориясы. Ғылыми білімнің дамуы мен оның психологиялық пен əлеуметтік реконструкциясы туралы Томас Кун өзінің «Ғылыми революцияның құрылымы» атты шығармасында жариялаған. Бұл шығармада жеке ғалымның жəне ғылыми ұжымдардың қызметінің психологиялық пен əлеуметтік
факторлары қарастырылған.
Кунның пікірінше, ғылымның дамуы - ол екі кезеңнің бір-бірін ауыстыру
процесі - «қалыпты ғылым» жəне «ғылыми революция». Екіншісі ғылымның
тарихында біріншіге қарағанды аз кездеседі. Кунның тұжырымдамасының
əлеуметтік-психологиялық аспекті - ол ғылыми ұжымның өкілдерімен нақты
бір парадигманы ұстану, яғни, бұл оның ғылымның əлеуметтік құрылымында
алатын орны, ғалым ретінде қалыптасуындағы ұстанатын принциптері, мейірі
мен эстетикалық себептері мен мəнері. Осы факторлар ғылыми ұжымның
негізін құрастырады.
Кунның тұжырымдамасында парадигма деген сол ғылыми ұжыммен
қолданатын жалпы идеялардың жиынтығы мен методологиялық ұстанымдары.
Парадигмаға келесі екі қасиеттер тəрізді: 1. ол ғылыми ұжымның қызметінің
негізі болып қабылданады, 2. ол өзгеріс сұрақтарды, яғни зерттеушілерге жол
ашады. Парадигма - ол əр ғылымның бастамасы, мақсатқа сай фактілерді
іріктеуге жəне оларды сараптауға бағытталған. Парадигма əлде «пəндік
матрица» келесі маңызды компоненттерден тұрады: 1. «мағыналық жалпылау»
- ол ғылыми топтың мүшелерімен логикалық түрде күмəнсіз жəне қайшысыз
қолданатын пікірлер; 2. «парадигманың метафизикалық бөлшектері», мысалы,
«жылу дегеніміз затты құрастыратын бөлшектердің кинетикалық энергиясы»; 3.
құндылықтар, мысалы, болжауға қатысты, сандық болжаулар сапалықтан
үстемді болу қажет; 4. жалпы бəрімен қабылданған үлгілер.
Осы компоненттердің барлығы ғылыми ұжымның барлық өкілдерімен
білім алу кезеңінде қабылдану керек, олардың рөлі кейін «қалыпты ғылым»
кезеңінде қызметінде үстемді жəне негізгіге айналады. «Қалыпты ғылым»
кезеңінде Кун фактілерді үш түрге бөледі: 1. Заттың мəнін ашуға арналған
фактілер; зерттеу бұл кезде фактілерді анықтау мен кең жағдайларда
белгілеуден тұрады; 2. Үстемсіз, қызықты емес фактілер, бірақ парадигмалдық
теорияны шығарғанда салыстыруға қажетті; 3. Парадигмалды теорияны шығару
үшін керекті эмпириялық жұмыс.
Бірақ осымен ғылыми қызмет шектелмейді. «Нормалы ғылымның» сол
қабылданған парадигманың шеңберінде дамуы парадигманың өзінің күшімен
байланысты, яғни, ол пайда болып жатқан ғылыми мəселелерді шешкенге
дейін. «Қалыпты ғылымның» бір кезеңінде парадигманың болжауымен
бақылаудың нəтижелерінің арасында қайшы туады, ауытқулар шығады. Сол
ауытқулардың саны көбейгенде ғылымның қалыпты ағымы тоқтап, дағдарыс
туылады, осы жағдайды тек жаңа парадигмаға əкелетін жаңа ғылыми
теориямен шешуге болады.
Кунның пікірінше, жаңа парадигманың рөліне теорияны таңдау
логикалық мəселеге жатпайды: «Шеңберге кіргісі келмеген адамды логикамен
немесе ықтималды теориямен көндіруге мүмкін емес. Парадигма туралы
пікірталаста екі жаққа лайықты ортақ логикалық шарттар мен құңдылықтар
сонша жалпы емес. Саяси революциялардағыдай, парадигманы таңдау
жағдайда сол қоғамның келісімінен жоғары ештеңе тұрмайды». «Ғылыми ұжым
парадигманың рөлін атқаруға тек ғылымның «қалыпты» дамуын негіздейтін
теорияға береді. Ғалым үшін негізгі теорияны өзгерту, яғни, жаңа əлемге қадам
жасау сияқты, ол жерде басқа объектілер, ұғымдық жүйелер, жаңа мəселелер
мен мақсаттар: «парадигмалар нормалы ғылымның шеңберінде тіпті
өзгермейді. Оның орнына қалыпты ғылым ауытқуды түсініп, дағдарысқа
ұшырайды. Ал соңғысы, ойлау немесе анықтаумен шешілмейді, Гештальтті
қосумен сияқты күтпеген жəне құрылымсыз жағдай арқылы шешілу мүмкін.
Сол жағдайдан кейін ғалымдардың көбісі «көзге жамылған еттен
айырылғандай» немесе «нұрланған» жағдайға ұшырап басты қатырған
шешімдердің компоненттерін қолданады, оны жаңа қырда көріп, тұңғыш
шешімге ұмтылады». Сөйтіп, ғылыми революция парадигманың ауысу ретінде
рационалды-логикалық талдауға бағынбайды, себебі, мəселенің мəні ғылыми
ұжымның өзіндік сезімінде: ұжым басты қатырған шешімдерді шешуге
арналған құралдары бар екендігі ма, олай болмаса - ұжым оларды құрастырады.
Кунның ойынша, жаңа парадигма өзіне ескіні нақты оқиға түрінде
кіргізеді деген пікір жалған. Кун парадигмалардың өлшемсіздігі туралы тезис
ұсынды. Парадигманы өзгерткенде ғалымның бүкіл əлемі өзгереді, сөйтіп,
ғылыми бақылаудың объективтік тілі жоқ. Ғалымның қабылдауы
парадигманың əсеріне бағынады.
Т. Кунның ең үлкен жетістігі - ол ғылымның табиғаты мен прогресін
ашуға жаңа жол тапты. К. Поппердің ғылымның дамуын тек логикалық
ережелер арқылы шешуге болады деген пікірге қарағанда, Кун өзгеше осы
мəселеге адамдық факторды оның шешіміне жаңа, əлеуметтік жəне
психологиялық себептерді енгізді.
Т. Кунның кітабы, «Қалыпты ғылым» атты ұғым жəне оның
анықтамалары» көп пікірталастар тудырды.
«Нормалы ғылым» атты ұғымның түсінігіне сынау үш бағыттан тұрады.
Бірінші, ғылыми қызметте «нормалы ғылым» атты құбылысты мүлдем жоққа
шығару. Осы пікірді ұстанған Дж. Уоткинс. Оның айтуынша, ғылым
ешқашанда өз орнынан жылжымас еді, ғалымдардың қызметінің негізгі
формасы «қалыпты ғылым» болса. Оның пікірінше, осындай «қалыпты ғылым»
деген қызықсыз жəне батырсыз қызмет жоқ, Кунның «қалыпты ғылымынан»
революция шықпайды.
«Қалыпты ғылымның» сынында екінші бағытты ұстанған Карл Поппер.
Ол Уоткинске қарағанда, ғылымда «қалыпты зерттеу» кезеңді жоққа
шығармайды, бірақ Кун сияқты «қалыпты ғылыммен» ғылыми революцияның
арасында ешқандай айырмашылық қөрмейді. Оның пікірінше, Кунның
«қалыпты ғылымы» қалыпты емес жəне ғылымның өзі үшін қауіпті. Кунның
«қалыпты» ғалымы Поппердің аянышын тудырады: «оны нашар оқытқан, ол
сыншыл ойлауға үйренбеген, одан догматты жасаған». Поппердің пікірінше,
ғалым бір теорияның шеңберінде қызмет етсе де, ол оның шеңберінен шығады.
Бірақ ол басқа шеңберде болған соң, жақсы жəне кең.
Кунның қалыпты ғылымының сынауында үшінші бағыт бойынша
қалыпты зерттеу бар, бірақ ол ғылым үшін негізгі емес, Поппер айтқандай
қаупты емес. Қалыпты ғылымға сонша мəн бермеу керек, ол жағымды да,
жағымсыз да емес. Стивен Тулмин айтқандай, ғылымда ғылыми революциялар
жиі кездеседі, ғылым тек білім жинақтау бағытпен дамымайды. Ғылыми
революциялар «қалыпты» ғылымның тоқтаусыз дамуында драмалық үзіліс
емес. Оған қарай ол ғылыми дамудың өлшеу бірлігі болады. Тулмин үшін
Кунға қарағанда, революция революциядан кем, ал нормалы ғылым -
кумулятивтілігімен кем.
Жəне Кунның ғылыми революция түсінігіде сонша сыннан өтті. Бұл
жағдайда сынау тек иррационализмге қатысты. Осы жағдайда Кунның
оппоненті Имре Лакатос. Ол тұжырымдайды, Кун білімнің рационалды
реконструкциясын мүлдем жоққа келтіреді, Кунның пікірінше, жаңалық
ашудың логикасы емес, психологиясы бар, сөйтіп ол бір рационалды
авторитетті иррационалды бейнемен ауыстырды.
Сөйтіп, Кунның тұжырымдамасы үлкен пікірталастан өтіп, оның
оппоненттері ғылыми дамудың өз модельдерін ұсынған: Имре Лакатостың
тұжырымдамасы мен Стивен Тулминнің пікірі келесі орын алады.
Имре Лакатостың зерттеу бағдарламасының методологиясы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет