Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті



бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі31.38 Kb.
#472432
  1   2
үлгі


Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Эмоцияның негізгі теориялары.

Қабылдаған: Дүйсенова Жамила Орындаған: Дүйсембай Алуа


211-ППП

Түркістан - 2022
Жоспар
1. Эмоция туралы жалпы түсінік. 2. Эмоцияның негізгі теориялары. 3. Қорытынды
Эмоция (фр. emotion, лат. Enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Эмоциялар арқылы адам өзінің заттарға деген қажеттіліктерін саналы ұғынады. Кез келген эмоция жағымды немесе жағымсыз болуы себепті, адам қойылған мақсатқа жету туралы тұжырым жасай алады. Мысалы, жағымды эмоция әрдайым қаланған нәтижеге жетумен байланысты болса, ал жағымсыз эмоция керісінше, қойылған мақсатқа жетудегі сәтсіздіктермен байланысты болады. Осылайша, эмоциялар адамның іс-әрекетін реттеумен тікелей байланысты болады деген тұжырым жасауымызға болады. Американ психофизиологтары Д. Олдс, П.Милинер, Р.Хит, К.Сен-Джонсон, швейцар физиологы В. Гесс, кеңестік нейрофизиологтар В.Н. Бехтерев, Ю.А. Макаренко, П.В. Симов және т.б зерттеулері бас миында түрліше эмоционалды орталықтардың ашылуына әкеліп соқты. Бұл жаңалық П.К. Анохинге эмоционалды құбылыстардың жануарлар эволюциясының механизмі, олардың өмір сүруге тырысу, қоршаған ортаға бейімделу қасиеті екендігі жайлы тұжырымдама жасауға әкеліп жеткізді. П.К.Анохин эмоцияларды қарапайым субъективті құбылыстар деп түсіндірді де олардың психологиялық мазмұнын нақтылады. У.Джеймс пен К.Г.Лангенің перифериялық теориясы маңызды рөл атқарды. Бұл теория бойынша эмоция туындағанда, субъект бұл эмоцияны өзінің ағзасында физиологиялық өзгерістерді түйсіну ретінде бастан кешіреді. У. Джеймс былай деді: «Біздер қайғырамыз, себебі: жылаймыз, өкпелейміз - себебі: соққы береміз, қорқамыз себебі: дірілдейміз».
Эмоционалды күйлерді реттеудегі жетекші рөлді үлкен жарты шарлардың қабығы атқарады. И.П. Павлов мидың қабықшасы эмоциялардың жүруі мен көрінісін реттейтінін, денеде болатын барлық құбылыстарды бақылауда ұстайтынын, қабықша астындағы орталықтарға тежеуші әсер ететінін, оларды басқаратынын атап көрсеткен болатын. Егер бас миының қабығы шамадан тыс көп қозу күйіне келетін болса (шаршауда, мас болуда және т.б.), онда қабықшадан төмен орналасқан орталықтардың қайта қозуы жүзеге асады, нәтижесінде бірқалыпты ұстамдылық жоғалады. Кең ауқымды тежелу тараған жағдайда, бұлшық еттерінің қысымдалуы, әлсіреуі немесе қатып қалуы, жүрек-қан тамыр жүйесіндегі бұзылыстар,тыныс алудағы ауытқулар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет