Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы



бет1/5
Дата19.05.2022
өлшемі2.13 Mb.
#457580
  1   2   3   4   5
6 түркілер мәдени мұрасы




«Астана Медицина Университеті » КеАҚ

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы


Түркілердің мәдени мұрасы


Орындаған: Қозыбаева Айдана
Тобы: 139 ОМ
Тексерген: Ассилов Қайрат

Нұрсұлтан
2021

Жоспар

1.Қарахан кезеңіндегі мәдениет
2.Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Материалдық мәдениет ескерткіштері
3. Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» еңбегі

1.Қарахан кезеңіндегі мәдениет

Қарахан мемлекеті (942-1212) – батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейінгі жерлерде билік құрған алғаш мұсылман түрік мемлекеті. Қарлұқ, жікіл, яғма және т.б. түрік тайпаларынан құралған. Қарахан сөзінің шығуын шығыстанушы тарихшылар бұл тайпалардың қара деген атақты көп қолдануынан келеді деген болжам айтуда. Қара – сол кездегі түрікшеде ұлылық, биіктік деген ұғымды білдірген.

Жазуы.  Х-ХІІ ғасырда түркі жазуының орнына араб графикасы келді
Діні. Қарахандар мұсылман дінінен тек өзінің идеологиялық қаруын ғана көрген жоқ, сонымен бірге қоғамды діни бірлік негізінде тұрақтандыруды көздеді: исламның бұл жағдайдағы қызметі қоғамда әлеуметтік интеграция мен құқықтық тәртіп орнатуға сайды. Қарахандар қоғамы өзінің әлеуметтік – экономикалық дамуы Араб халифаты қоғамына ұқсас еді. Бұл ұқсастық тарихи дамудың жалпы заңдылықтарымен анықталады. Сонымен бірге, қарахандардың ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдау фактісін тек қоғам дамуының объективті заңдылықтарымен немесе мемлекеттің идеологиялық қажеттіліктерімен ғана түсіндіру бұл мәселеге біржақты қарағандық болар еді. Іс жүзінде, түркілердің рухани сұраныстарының жауап бергендіктен, яғни діннің негізгі қағидалары халықтың жүрегіне жақын болып, оның діни дәстүрлеріне қайшы келмегендіктен де ислам діні көп ұзамай мемлекеттік дінге айналған болуы керек. Қарахан мелекетінде исламның мемлекеттік дін статусын алуы бұл діннің Орталық Азия халықтарының жаппай дініне айналуы үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Мысалы, В.В.Бартольд осыған байланысты қолжазба деректерден алынған (Бағдад жылнамасы) мынадай мәліметті келтіреді: 960 жылы ислам дінін 20000 шатырдан (кибитка) тұратын түріктердің бір тайпасы қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет